алг аудан (нақ а,в,с, )
арг а,в,с
нәт S
басы нақ р
р:= (а+в+с)/2
S:= sqrt(Р*(р-а)*(р-в)*(р-с))
соңы Бұл алгоритм сызықтық алгоритм, өйткені алгоритмдегі командалар жазылу реті бойынша бірінен соң бірі орындалады. Бұл командалар алгоритмдік тілдегі қарапайым командалар. Периметрді және ауданды есептеу меншіктеу командасы. Меншіктеу командасының жалпы жазылу түрі төмендегідей:
атау:= өрнек
Бұл команда төмендегідей ережемен орындалады: алдымен меншіктеу белгісінің оң жағында жазылған өрнек есептеліп, меншіктеу белгісінің сол жағында орналасқан айнымалыға меншіктеледі. Ал, алгоритмде енгізілетін айнымалылар арг қызметші сөзінен кейін үтірмен ажыратылып жазылады.
Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 5 [14-20], 3 [32-60]
Қосымша әдебиеттер: 7[34-37] – б, 2 [18-21] – б.
Бақылау сұрақтары: Алфавит дегеніміз не?
Тілдің синтаксисі нені анықтайды?
Семантика нені анықтайды?
Алгоритмдік тіл деген не?
Алгоритмдік тіл қандай тілдерге жақын?
Алгоритмдік тілге сөйлемдердің қандай түрлері енгізілген?
Шама дегеніміз не және оның неше түрі бар?
Тұрақты шама,айнымалы шама дегеніміз не?
Шамалар типіне қарай нешеге бөлінеді?
Аргумент деген не?
Алгоритмдік типтің командалары нешеге бөлінеді?
Жай командаларға не жатады, құрама командаларға не жатады?
Дәріс №5. Тармақталған алгоритмдерді программалау
Тармақталу командасы
Таңдау командасы
Алгоритмді басқару, дәлірек айтсақ, алгоритмнің атқарылуы қойылған шартқа тәуелді екі тәсілмен жазылуы мүмкін. Бірінші тәсілде шартты немесе шартсыз көшуді ұйымдастыруға негізделетін белгілер пайдаланылады. Алгоритмдегі мұндай басқаруда белгі команданың реттік нөмірін көрсетеді. Алгоритмді басқару тармақталу командасы арқылы жүзеге асады.
Тармақталу командасы жазылған шарттың орындалуына тәуелді оған кіретін командалардың орындалуын анықтайды.
Тармақталу командасының жалпы түрі:
Егершарт Онда1-серия әйтпесе2-серия бітті Мұндағы егер, онда, әйтпесе, бітті сөздер қызметші сөздер. Қойылған шартқа тәуелді тармақталу командасына кіретін екі командалар сериясының біреуі ғана орындалады. Егер шарт сақталатын болса, онда 1-серия орындалады, ал шарт сақталмаса онда екінші серия орындалады.
Шарт жай және құрама болып бөлінеді. Қарапайым шарт бір қатынаспен жазылады. Ал құрама шарт шартқа байланысты операциялармен жазылады. Шартқа байланысты жазылатын үш операция енгізілген: «емес», «және», «немесе». Қатынас деп екі арифметикалық өрнектің қатынасын айтамыз. Егер көрсетілген салытсыру белгісі бойынша оң жауап алынатын болса, онда шарт сақталынады, ал теріс жауап алынатын болса шарт сақталынбайды.
Кейбір алгоритмдерде және, емес, немесе сөздерімен жалғастырылған екі немесе одан да көп шарттар пайдаланылады. Мұндай шарттарды құрама шарттар деп атайды.
1-мысал.
Y=
Функциясының мәнін есептейтін алгоритм құру.
алг есеп (нақ х, у )
арг х
нәт у
басы
егер x>=0.7
онда У:= Sіn(x)+ cos (3*x)
әйтпесе У:= Cos(x) + abs(x) + 1
бітті
соңы
2-мысал.
Sіn3x+ cos 2x, егер x<2
У = Sіn4x+ cos 3x, егер 2<= x<3
Sіn5x-cos4x, егер x>=3
Функциясының мәнін есептейтін алгоритм құру.
алг есеп (нақ х, у )
арг х
нәт у
басы
егер x<2
онда У: = Sіn(3*x)+ cos(2*x)
әйтпесе егер (x<3) және (х>=2)
онда У: = Sіn(4*x)+ cos(3*x)
әйтпесе У:= Sіn(5*x)-cos(4*x)
бітті
бітті
соңы
Бұл мысалда алгоритм үш тармақтан тұрады. Алгоритмдегі тармақтардың саны көбейген сайын тармақталу командасын пайдалану қиындай береді. Алгоритмдік тілде көп тармақтан тұратын алгоритмдерді жазуда таңдау командасы пайдаланылады.
Таңдау командасының жалпы түрі :
Таңдау
1-жағдай: 1-серия
2-жағдай: 2-серия
. . .
n -жағдай: n-серия
Соңы
Команданың орындалу ережесі төмендегідей: алдымен атқарушы сақталатын шарт табылғанша шарттарды ретімен тексере береді. Ақиқат шарт табылғанда атқарушы оған сай команданы орындайды да, осымен таңдау командасының орныдалуы аяқталады. Егер бірде бір шарт сақталмайтын болса, онда бірде бір команда орындалмайды, яғни таңдау командасы орындалмайды.
2>3>2>