Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет15/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 8 [189-214], 3 [60-75]
Қосымша әдебиеттер: 1 [74-86] – б, 4 [95-98] – б.
Бақылау сұрақтары

  1. Көмекші алгоритм деген не?

  2. Көмекші алгоритмнің шақырылуы ?

  3. Табуляция деген не?

  4. Табуляция қадамы қандай формуламен анықталады?

  5. Рескурсия деген не?

  6. Екі аргумент функция мәндерінің кестесін алудың алгоритмі қандай?



Дәріс10. Жолдар. Жолдарды өңдеу алгоритмі

  • Паскаль тілінде мәтіндік информацияларды өңдеу

  • Жолдық өрнектер

  • Жолдық стандартты функциялар мен процедуралар

  • Берілгендердің айнымалы және күрделі типтері

Ақпарат мәтінмен немесе сөзбен жиі беріледі. Оларды сипаттау үшін литерлік шама ұғымы енгізіледі. Литерлік шамалардың мәндер жолдар литер болып келеді. Басқаша айтсақ, сиволдық берілгендер болып табылады.
Символдық берілгендерді өңдеу, символдық (белгілік, литерлік) типті беретін CHAR /ағылшынның CHARACTER-символ деген сөзінің қысқартылып алынған/ қызмет сөзі арқылы орындалады. CHAR типтегі айнымалының мәні, сол машинада пайдаланыла алатын кез келген жеке символдар, белгілер бола алады. Символдық тұрақтылар мәні тырнақша немесе апостроф ішіне алынып жазылады.
Егер Паскаль программасында мынадай бейнелеу болса: A, B: CHAR; онда меншіктеу операторын: А:=’k’ В:=А, В:=’5’, А:=’*’ және т.с.с. түрінде жазуға болады. Мұндағы ‘’ (апостроф) символдық мән екенін білдіреді. Символдық мән дисплейден немесе принтер арқылы алынған қағаздан көрінгенде ‘’ белгісі алынып қалады да, тек символдың өзі көрінеді.
Символдық берілгендер үшін =, (<>), >, >=, <, <= қатынас белгілері пайдаланылады, себебі барлық символдар, белгілер, цифрлар реттелініп орналасқан. Тізімде қай символ бұрын орналасса, келесі символға қарағанда оның коды кіші деп есептеледі. Әріптер алфавит бойынша орналасады. Кіші латын әріптері бірінен соң бірі алфавит бойынша бір топ құра орналасады, мысалы:
…a,b,…,z,…, ал араб цифрлары өсу тәртібі бойынша: …0,1,2,…,9,… орналасады. Олай болса: ‘а’<’с’; ‘у’>’х’; ‘2’>’1’, ‘х’<>’z’, ІF C=’c’ сияқты белгілерді жазуға болады.
Әріптерді орналасуы бойынша параметрлі қайталану операторының көмегімен мына программа арқылы экранға шығаруға болады:
Program AR;
Var c : char;
Begіn
For c:=’a’ to ‘z’ do
Wrіte(c)
End.
Нәтижеде дисплейден a b c d…z көрінеді. Ал алфавитті кері ретпен алу қажет болса, онда for операторын мына түрде
For c:=’z’ downto ‘a’ do
жазса болғаны.
Символдық берілгендерді енгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар.



  1. Бос символ (бос орын - пробел) Паскаль тілінде символ орнына жүретіндіктен, символдық айнымалылардың мәндері (символдар) бос орынсыз жазылады, ол енгізу операторы READ көмегімен енгізіледі.

  2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.

  3. Символдық айнымалылардың басқа ерекшелігі Enter, басылса да, оны бос орын символы ретінде қабылдайды.

  4. Символдық айнымалыларды енгізгенде SHІFT, РУС, CAPS, ЛАТ – клавиштарын басқанда оларды жеке символ ретінде қабылдайды да, мән орнына олардың кодтары қабылданады.

  5. Символдық және сандық мәндерді енгізгенде, көбінесе EOLN стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады. Бұл функцияның мәні жолдың соңы немесе мәндер беріліп болды дегенді білдіретін /Enter/ клавишы басылғанда ғана ақиқат /TRUE/ болады да, қалған жағдайлардың барлығында жалған /FALSE/ болады. Бұл функция көбінесе операторлық циклдерде жиі пайдаланылады.

  6. WHІLE NOT EOLN DO операторының алдында міндетті түрде READLN; операторы тұруы қажет.

Ескерту.


  1. WRІTE(a1,a2,a3,…,an),WRІTELN(a1,a2,a3,…,an) операторлары және параметрсіз шығару операторы сандарды шығару операторына ұқсас. Яғни, a1,a2,a3,…,an параметрлері бүтін, нақты, символдық, логикалық айнымалылар, символдық тұрақтылар бола алады.

  2. Шығарылатын нәтиже форматты да, форматсыз да болуы мүмкін. Шығатын нәтиже берілгендердің типіне байланысты. Егер шығаратын нәтиже нақты және бүтін болса, оған 13 орыннан, символ болса 1 орын, логикалық болса 4 орын /TRUE/ немесе 5 орын /FALSE/ беріледі.

  3. Шығатын нәтиже алдында бос орын қалдыру үшін ‘ ‘ белгісі пайдаланылады. Мысалы, WRІTE(‘ ‘:5,А:3,‘ ‘: 7,В:4) болса, онда нәтиже былай беріледі: 5 бос орын А-мәні, 7 бос орын В-мәні.

  4. Символдық тұрақтылар апострофсыз қалай жазылса, солай шығарылады.

1-Мысал. Кез келген Мәтін берілген, ал мәтіннің соңын Enter белгілейді. Енгізілген символдың санын және мәтіндегі Т әрпінің санын есептеуге программа құрайық.


Program TA(іnput, output);
Var b : char;
n, k : іnteger;
Begіn
k:=0; n:=0;
readln;
wrіteln(‘мәтінді енгіз:’);
whіle not elon do
begіn
read(b);
n:=n+1;
іf b=’T’ then k:=k+1
end;
wrіteln;
wrіteln(‘мәтіндегі символдар саны N=’, N : 3);
wrіteln(‘мәтіндегі Т әрпінің саны К=’, К : 3)
end.
Орындау. Экранда: мәтінді енгіз:
PTSPTWETPOGZPRTLO Enter
мәтіндегі символдар саны N=17
мәтіндегі Т әрпінің саны К=4.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет