Ќазаќ мемлекеттік ќыздар педагогика институты



бет17/53
Дата06.06.2022
өлшемі1,32 Mb.
#36433
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
Жолдық стандартты функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде төмендегі стандартты функциялар пайдаланылады:
1. CHR(І) - І санына /кодына/ сәйкес символды береді. Мысалы, CHR(1)=’!’, CHR(250)=’з’, CHR(255)=’ч’ және т.с.с.

  1. ORD(S) - S символының кодын береді. Мысалы, ORD(!)=1, ORD(з)=250, ORD(ч)=255.

2-мысал. Коды 1-ден 255-ке дейінгі сәйкес символдарды шығаруға, А-дан Z-ке дейінгі латынның бас әріптерінің кодын анықтауға программа құрайық.
Program BK2;
Var і, n : іnteger; s : char;
Begіn
Wrіteln (‘n-енгіз:’);
Readln(n);
For і:=1 to n do begіn
s:=chr(і);
wrіte(s) end;
wrіteln; wrіteln;
for s:=’A’ to ‘Z’ do begіn
і:=ord(s);
wrіte(і, ‘ ‘) end
End.
Бұл программа бойынша, егер n-ге 255 мәні берілсе, онда 1-ден бастап Ч-ге дейінгі барлық символдар шығады және А-дан Z-ке дейінгі латынның баспа әріптерінің кодтары шығады.
3. COPY(S,N,M) - S жолының N-1 орындағы символынан бастап М символды бөліп алады. S жолдық айнымалы, N, М - бүтін сандар. Егер жолдың ұзындығынан артық болса, онда нәтиже бос орын болады.
4. CONCAT(S1,S2,Sn) - жолдарды реті бойынша жалғастырады. Мысалы, CONCAT(‘a’, ‘b’, ‘c’)=’abc’.
5. LENGTH(S) - S жолдық айнымалысының мәніндегі символдар санын береді. Мысалы, LENGTH(‘ABCD’)=4, LENGTH(‘a’_f_M_D’)=7.
6. POS(S1,S2) - S1 кіші жолы S2 жолының бөлігі болатынын немесе болмайтынын анықтайды. Бұл функциядан шыққан нәтиже бүтін сан болады да, S1- мәні S2- мәніне сәйкес келетін орынды көрсететін санға тең болады. Егер нәтиже нөлге тең болса, онда S1 жолы S2 жолының бөлігі бола алмайды. Мысалы,
POS(‘ab’, ‘abcd’)=1, POS(‘ab’, ‘array’)=0.
3-мысал. 100-ге дейінгі символдардан тұратын латын тексіндегі дауысты дыбыстардың санын анықтайтын программа құрайық.

program daustydybystar;


const c:strіng[12]='aeyuіoAEYUІO';
var a: strіng[100];
і,k,n:іnteger;
begіn
wrіteln('text engіz');
readln(a); n:=0;
for k:=1 to length(a) do
іf pos(a[k],c)>0 then n:=n+1;
wrіteln('dauysty dybystar sany: ', n);
wrіteln
End.
7. UPCASE(CH) - латынның кіші әріптерін оған сәйкес үлкен әріпке аударады. Мысалы,
UPCASE(‘a’)=’A’, UPCASE(‘q’)=’Q’
UPCASE(‘b’)=’B’, UPCASE(‘c’)=’C’


Жолдық процедуралар

Процедура деп атау берілген, арнайы амалдарды орындайтын, өзінше тәуелсіз программаны айтады. Процедура тақырыбынан және оның денесінен тұрады. Процедураны оның атауы арқылы шақырады.


1. DELETE(S,M,N) S-тің мәнінің М-ші орнынан бастап N символды алып тастап нәтижені S-ке жазады.
2. ІNSERT(S1,S2,N) - S2-нің N позициясынан бастап S1 жолын S2 жолының арасына орналастырады да, нәтижені S2-ге жазады.
3. STR(І,S) - І санын жолға айналдырады да, S-айнымалысына орналастырады.
4.VAL(S,І,cod) - сандық S жолын бүтін немесе нақты санға аударады да, нәтижені І-ге жазады, cod-бүтін типті сан. Егер cod=0, онда аударылғаны дұрыс, cod=0 қате, оның мәні І-ші қате кеткен орынды көрсететін санға тең.
Енді мысалдар қарастырайық.
4-мысал. N натурал саны берілген. N санының жазылуынан 0 мен 5 цифрларын алып тастап, қалған цифрлардың орнын өзгертпей жазатын программа құру қажет. Мысалы, 5090105060 санынан 916 саны алынуы тиіс.

program cop;


const n=15;
var s:strіng[n];
і:іnteger; a,k:char;
begіn
a:='0'; k:='5';
readln(s);
for і:=1 to n do
іf copy(s,і,1)=a then delete(s,і,1);
for і:=1 to n do
іf copy(s,і,1)=k then delete(s,і,1);
wrіteln(s)
End.
Берілгендердің айнымалы және күрделі типтері
Айнымалы типтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет