Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 3 [32-60], 6 [99-141]
Қосымша әдебиеттер: 4[21-26] – б, 1[14-25] – б.
Бақылау сұрақтары
Қарапайым шарт қалай жазылады, құрама шарт қалай жасалады?
Тізбектелу деп алгоритмнің қандай құрылымын айтамыз?
Тармақталу, тармақ деп нені айтамыз?
Алгоритмнің қандай қадамы шарт бойынша таңдау деп аталынады?
Табиғи тілде тармақталу құрылымының үлгілері қандай?
Тармақталудың схемадағы үлгілері қандай?
Алгоритмдері тізбектелу, тармақталу құрылымдарымен сипатталатын есептерге мысалдар келтіріңіз.
Дәріс №6. Қайталанатын алгоритмдерді программалау
Құрылымдық алгоритмде командалардың орындалуы шартқа тәуелді жүзеге асады. Шартты тексергеннен кейін алгоритмдегі командалар тізбегі шартқа тәуелді орындалады немесе шарт сақталмаса командалар тізбегі орындалмайды. Алгоритмдегі бұл құрылым қайталану деп аталады. Алгоритмдік тілде қайталану командасын жазу үшін арнайы командалар енгізіледі. Алгоритмдегі бір текті әрекеттердің бірнеше рет орындалуын қайталану командасы арқылы сипаттаймыз. Қайталану екіге бөлінеді: қайталану саны белгілі қайталану және қайталану саны берілмеген (белгісіз) қайталану. Қайталану саны берілмеген (белгісіз) қайталану өз кезегінде екіге бөлінеді. Алгоритмдік тілде оны әзір және дейін қайталану командасы деп атау қабылданған.
«Әзір» қайталану командасы. Кейбір алгоритмдерде белгілі бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандайда бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Осы әрекеттерді жүзеге асыратын командаларды қайталану командасы деп атайды.
Алгоритмдік тілдегі “әзір” қайталану командасының жалпы түрі:
Цб әзір <шарт>
Серия
Цс
Цб – циклдың басын, цс – циклдың соңын көрсетеді. Команда төмендегідей ережемен орындалады: алдымен шарт тексеріледі, шарт сақталудан қалғанша цикл денесіндегі командалар сериясы қайталана береді. Егер шарт басынан сақталмаса, онда командалар сериясы бірде бір рет орындалмайды.
1-мысал. Берілген n натурал саны қанша цифрдан тұратынын анықтау қажет. Бұл мысалда біз 10-ға бөлу командасының қанша рет орындалатынын алдын-ала білмейміз, бірақ бөлінді 1-ден көп болса бөле беру керек екенін білеміз.
алг есеп (бүт n, к )
арг n
нәт к
басы лит м
к:= 1
Цб әзір n /10>1
n:= n /10
к:=к+1
Цс
егер n/10= 1
онда к:=к+1
бітті
м:= «нәтиже»
к:=к
соңы
«Үшін» қайталану командасы. Бұл команда кестелік шамаларды өңдеуге байланысты пайдаланылатыны белгілі. Мұнда қандай жағдайда “әзір”, қандай жағдайда “үшін” қайталану командасын пайдаланылатынына назар аудару қажет. Егер кестелерді реті бойынша іріктеу (берілген қасиеті бойынша элементтің нөмірін іздеу т.с.с.) қажет болса, онда “әзір” циклы пайдаланылады. Егер элементтердің қосындысы, максимум, минимум, элементтер санын іздеу қажет болса, басқа сөзбен айтқанда, барлық элементтермен біркелкі амалдар орындалатын жағдайда “үшін” циклы пайдаланылады. Бұл, әрине, оқушылардың кестемен жұмысын жеңілдететіні белгілі.
“Үшін” қайталану командасының жазылу форматы төмендегідей:
Х үшін Хmax бастап Xmax дейін h қадам
Цб
Серия
Цс
Достарыңызбен бөлісу: |