Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар (XVIII-XIX ғғ.).
Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық көтерілісі
18 ғасырдың ортасында Ресей үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты пәрменрді жүргізіле бастады.Кіші жүз қазақтары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жайық бойында көшіп қонатын.Ал қыс айларындажайықтың он жақ жағалауында қыстайтын еді.Алайда патша үкіметінің Жайық бойына көшіп – қонуға тыйым салынуына байланысты ол мүмкін болмай қалды.Сол себепті Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысуы кездейсоқ емес еді.Ол патшаүкіметінің жерге қатысты қысымының күшеюінен еді, Мысалы,Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев көтерілісі кезінде Жайық бекінісін қоршауға,Кулагин бекінісін алуға қатысты.Екі мың қазақ сарбазы Орынборға шабуыл жасауға қатысты.Орта жүз қазақтары Пресно – горьковский бекінісіне шабуыл жасап,басқа да соғыс қимылдарына қатысып,қатар – қатар тұрған бекіністерге қауіп төндірді.
Е.Пугачевкөтерілісі басылғана кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді.Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші – қон жүйесінің бұзылуы болатын.Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады.Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды.Оның өзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп,ақы төленуі тиіс еді.
Бұндай аса күрделі жағдайда Кіші жүз ханы Нұралы Ресейәкімшілігінен қалыптасқан өзара сенімді қарым қатынасын пайдаланып, ең алдымен халық мүддесін ойлауы керек болатын.Алайда,ол бұл мәселені басқаша шешті; қазақтардан Жайықтың арғы бетіне өту мен қазақтардың қолына тұтқынға түскендерді босату үшін алым – салық жинады.Қомақты қаржының бір бөлігін өзіне қалдыруды да ұмытпады.
Ханның рұқсат беруі тек ханның ғана емес,сонымен қатар Жайық қазақтарының ағамандарының кірісті кәсіпшілігіне айналды.Нұралы ханның мұндай іс әрекеті қарапайы халықтың ғана емес,сондайақ сұлтандар мен ру басыларының,билердің заңды нараздылығын туғызды. Бұл Кіші жүздегі саяси ахуалды мүлде шиеленістіріп жіберді.Хан беделін күннен – күнге төмендете берді.
Ресейдің орталық саясаты мен ханның іс – әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар күшейе бастады.Оған қоса 1782 – 1783 жылдың қысында «жұт»басталды.Сол уақыттағы «жұт»туралы деректер мына жағдайларды сереттейді; «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мындаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады.Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады.Ал бұл жерлерде оларды қазақтар қарсы алып,тонап отырды.1783 жылы көктемде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті».
Көтерілісті ұйымдастырушу белгілі батыр әрі шешен, Е.Пугачев көтерілісіне араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды.Көтеріліс 1783 жылы басталып,1797 жылға дейін созылды.Көтерілістің халықтық сипат алу себебі:патша үкіметінің отарлық саясаты,олардың қазақ жерлерін тартып алуы,бекіністердің салынуы,ғасырлар бойы қалыптасқан көші – қон жүйесінің бұзылуы,ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі,қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектклуі болатын.Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ,Ералы,Досалы жыл сайын Орынбордан жалақы алып отыратын.Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қызмет етті.Кіші жүздегі көші – қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды.Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптаралыққа ұсындырды.Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі Бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады.Көтерішілердің ең негізі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып ,ол көтерілістің негізгі ошағына айналды.Сырым Датұлы 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.
Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.Сонымен бірге Нұралы Ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді.Мысалы, 1785 жылы Ресей патшайымы 2 Екатеринаға Кіші жүз ағамандарының жазған хатында: «Біз Кіші орданың қырғыз – қазақ жұрты,барлық халқы,ханның маңайындағылардан басқа,Нұралы ханға ашулымыз ..... Біз патшадан жаманшылық көргеннен емес,ханның зұлымдылығына байланысты сізбен ешқандайда ымыраға келе алмаймыз. Сондықтан ол орнынан алынбайынша біз сізбен келіссөз жүргізіп,бітімге келмейміз деп,бірауыздан шештік»,- деген талап қойған.
Кіші жүздегі ұлт- азаттық көтеріліс Ресей әкімшілігін қатты аландата бастады.Сол себепті 1785 жылы әскери коллегияның шешімімен қаңтар айында көтерілісті басу үшін генерал Смирнов бастаған тұрақты әскер жіберілді.
Қазақ халқының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы,Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтерлісін белсенді қолдауы және Ресейдегі Отан соғысына өз еріктерімен қатысуы отаршылдық үстемдік пен басқыншылыққа қарсы халықтың санасы мен жауынгерлік рухы жаңа сапалық деңгейде қалыптаса бастағанын айқындап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |