Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты.