Ә. Жангелдин орта мектебі География -8 сынып Тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функциялары



Дата25.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#97143

Ә.Жангелдин орта мектебі
География -8 сынып
Тақырыбы: Экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функциялары

Пән мұғалімі:Г.Т.Тлеумуханова

4-тоқсан

1 - апта

2019-2020

Оқу мақсаты:
Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің маңыздылығын сипаттамалары негізінде бағалау
• Экономикалық инфрақұрылым
Сауда ұйымдары
• Аукциондар
• Банктер
Кілт сөздер
• Экономикалық инфрақұрылым– тауарлар мен қызмет түрлерінің, ақша, бағалы қағаздар, жұмыс күшінің қозғалысын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер жүйесі
• Сауда ұйымдары – өздері тауар өндірмейтін дайын өнімдердің саудасы жүретін орындар
• Биржалар – бұл ұйымдастырылған және тұрақты түрде әрекет ететін ұйым, онда тауарлардың, валютаның және т.б. ірі көлемде сатылымы жүзеге асырылады
• Аукциондар– алдын ала белгіленген уақытта және арнайы тағайындалған орында жария сауда жолымен аукциондық тауарларды сатуды іске асыратын арнайы компаниялар
• Банктер – бұл нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасында ақша айналымын қамтамасыз ететін ұйымдар
Тақырыпқа кіріспе
Экономикалық инфрақұрылымға биржалар, банктер дилерлік және брокерлік кеңселер, жұмыспен қамту қызметтері, ақпараттық коммерциялық, көтерме сауда және жабдықтау-өткізу ұйымдары, прокат және лизинг орындары жатады.
Экономикалық инфрақұрылымның ерекшелігі – ол нақты бір өнім өндірмейді, тек оларды өндіруге және таратуға жағдай туғызады.
Негізгі бөлім
Экономикалық инфрақұрылымның негізгі белгілері
Жүйелілік
Ресурс
сыйымдылық
Ұзаққа төзімділік
Әмбебаптық
Сауда ұйымдары
Экономикалық инфрақұрылымның құрамы
Биржалар
Тауар биржасы
Қор биржасы
Валюта биржасы
Еңбек биржасы
Аукцион
Өтетін орын
Музейлер
Сурет салондары
Көрмелер
Қойылатын зат
лот

Банктер

Банк емес мекемелер

Ақша айналымын қамтамасыз ететін ұйымдар, Қазақстанда Ұлттық банк, коммерциялық банктер

Ақшалай қаражатпен жұмыс істейтін, алайда банк мәртебесі жоқ ұйымдар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар, несие ұйымдары, ломбардтар

Терминдрге түсінік беріңдер, сәйкестендіруді орындаңдар

Брокер

Клиенттің тапсырмасы бойынша,онық қаржы есебінен және оның мүддесі үшін мәлім жасау бойынша қызмет көрсетеді

Дилер

Тауарларды, бағалы қағаздарды сатып алу – сату саласында кәсіби түрде делдалдылықпен айналасын адам

Маклер

Бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы

Қаржы сарапшысы

Қаржы саласындағы соңғы тұжырым беріп, сараптама жасайтын білікті маман


Дүкен

Ломбард

Валюта айырбастау
пункті

Банк

Аукцион


Еңбек биржасы

Халықтың келу жиілігі бойынша осы нысандардың рейтингісін жасаңдар
Қорытынды
Елдегі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнім өндіру үшін оларға энергия, су, қойма, жолдар, көлік керек, бұларды өндірістік инфрақұрылым жүзеге асырады. Мектептер, балабақшалар, ауруханалар,клубтар, туристік орталықтар әлеуметтік инфрақұрылымды құрайды.
Ендеше, бұлардың барлығы елдің, халықтың тұрмысы мен тіршілігі үшін өте маңызды.
Үйге тапсырма: &53.Экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функциялары
Ресурс, әдебиеттер, оқулықтарға
сілтемелер:
• География.8 сынып оқулығы. Авторлары:
Р.Ә.Қаратабанов, Г.А.Қуанышева, Ж.Р.Байметова,
К.М.Джаналеева,2-бөлім.-Алматы: Алматыкітап
баспасы, 2018. -152 ,бет, суретті.
• Bilimland.kz Елдердің экономикалық инфрақұрылым
көрсеткіштері
• Youtube видео «Даму даңғылы» деректі фильмі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет