Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым


Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)



бет6/15
Дата30.03.2022
өлшемі45,58 Kb.
#29250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
проектт

Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. Б. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды.

Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет