24.Жер-су реформасының мақсаты,оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктер.
XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді.
1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының
Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың
десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді.
Одақтың міндеттері :
1)Еңбек артельдерін құру.
2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау.
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді.
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі көрініс тапқаны дәлел. Сталиндік реформа кезінде қазақ жеріне көптеп орыс шаруалары қоныс аударылды. Нәтижесінде оларға иесіз қалған жерлердің берілуі, орасан зор егістік жерлерді қорқытып-үркіту тәсілімен тартып алу көптеп орын алғандықтан, қазақ шаруылары арасында наразылықтар туындай бастады.
Кейінгі жылдары осы жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою мақсатында бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды. 1921 жылы Жер комитеті қазақтарға Орал және Ертіс өзені бойындағы жерлерді қайтару жөнінде декрет қабылдады. Дәл осы жылы Қазақстанның оңтүстігінде Жер-су реформасы атты науқан жүрып жатты. Осы өңірде қазақ шаруылары мен коныс аударушылар арасындағы теңсіздік, әділетсіздің нық көрініс тапты. Айта кетсек, кедей қырғыз(қазақ) шаруасына егістік жері 15 есеге кем бөлінген. Осындай жағдайда ол адамдарға «интернационализмнің жақсы екендігін және кеңестік билікті қолдау керек екендігін» айту, насихаттау бекер іс болатын. Сондықтан жоғарыда айтылған меселелерді ескеру барысында жер-су реформасын жүргізу туралы директива жасалып, қабылданады. Реформа нәтижесінде, жергілікті халықтан тартып алынған 233 мың десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды. Осылайша Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы 1922 жылдың жазында аяқталды.
Әрине, бұл реформа Қазақстандағы түйінді аграрлық мәселелердің бәрін шеше алған жоқ. Оны жүзеге асыру барысында бірнеше қателіктер мен асыра сілтеулер орын алады. Айта кетсек, осы жылдары тек 7000 отбасы ғана орыс кулактары тартып алған жерге ие болды. Келесі жылдары жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы қарқымен жүргізіле берді.
1921-1922 жылдардығы Түркістан мен Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасы едәуір кемшіліктеріне қарамастан жағымды жақтарынан айырылған жоқ. Бұл оқиға патша үкіметінің саясатындағы әділетсіздіктерге қарсы тұру, Қазақстан жеріндегі халықтардың жерге деген құқығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың бастамасы болды. Келесі жылдардағы оқиғалардың алдыңғы мақсаты ретінде аграрлық мәселені шығаруға ықпал етті.