«Әскери коммунизм» саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттері.
Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады.
«Әскери–коммунизм саясатының» негізгі белгілері:
1)Азық–түлік салғырт енгізілді.
2)Жеке саудаға тыйым салынды.
3)Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді.
4)Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді.
5)Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді.
6)Басқару ісі орталықтандырылды.
7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды.
1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіті. Кеңес үкіметі азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті.
1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы: елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.
27.Қазақстандағы 1921-1921жж.аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысыаяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Жазушы Тұрсын Жұртбайдың құрастыруымен жарық көрген «Алаш қозғалысы» деп аталған жинақтағы құжатта 1921 жылдың 10 желтоқсанында Дала аудандарынан ашыққандарға тірідей (живой помощи) көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы жиналыс өткендігі айтылады. Бұл жиналысты Ә. Жангелдин өткізіп, хатшылығын Нақымжан атқарыпты. Жиналысқа зиялдылардан М. Әуезов, А. Асылбеков, А. Кенжин, А. Байтұрсынов, Т. Жаманмұрынов, М. Саматов, Қ. Сармолдаев және т.б. қатысып, М. Әуезов аштар комитетінің көмегі ашыққан аудандарға әлі жетпегендігін айта отырып, тез арада ашыққандарға көмек көрсетуді көтереді. Пікір-таласты өткен жиналыс ашыққан аудандардағы жағдайды бағдарлап, қаншалықты мөлшерде көмек беруді анықтау үшін өкіл жіберу, аштық мәселесі жөнінде баспасөз беттерінде мақала жариялау жөнінде қаулы қабылдады . Бұдан кейін де бірнеше жиналыстар өтіп, аштықпен күресу жолдары қарастырылды.
Аштыққа көмек қолын Семей қаласындағы М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Р. Мәрсеков бастаған ұлт зиялылары созды. Олардың басқаруымен жиналыс өткізіліп, халықты көмек беруді шақырған үндеу жарияланды және осы іс-шараға белсене кірісіп, елден «жылу» жинай бастады. Семей өңірінен жиналған малдарды аштық тырнағына ілініп, әбден титықтаған Торғай уезіне айдап апару, оларды малсыз қалғандарға бөліп беру ісінде басшылық жасады. Өкінішке орай олардың бұл іс-әрекеттері кейін өздеріне керісінше тиіп, кейбірі істі болып, сотталып та кетті. Мысалы, М. Дулатов 1929 жылы 1 қаңтарда ОГПУ өкіліне берген жауабында Торғай, Ырғыз, Қостанай уездері мен Орал губерниясының ашыққан тұрғындарына арнап көмек көрсету жөнінде бірінші болып «Қазақ тілі» газетіне үндеу тастағанын жазып, өзінің Семей губерниясының үш уезін аралап «жылу» жинауға қатысқандығын, соның нәтижесінде 2-3 айдын ішінде 15 мыңдай ірі қара мал жиналып, атаған уездердегі аштарға үлестіріліп берілгенін айтқан. Алайда осыдан кейін ол Семейге келген кезінде тұтқындалып, Орынборға жіберіліп, біршама уақыттан кейін қайтадан босатылады.
<<Жылу>> жинауға және оны ашыққандарға бөлісуге қатысқан бірақ сот үдерісіне ілікпеген кейбір азаматтар 1926-30 жылдары сотқа бір тартылып, істі болған.
Аштықпен күресу ісіне тікелей араласқандардың бірі, мемлекет қайраткері – Тұрар Рысқұлов. Қазақстанда аштық басталған тұста Тұрар Рысқұлов РКСФР Халық Комиссариатының Ұлт істер жөнінде орынбасарлық қызметін атқарып жүрген еді. Қазақ жерін аштық жайлаған кезде ол аштыққа қарсы күресудің бірнеше талаптарын ұсынды және олардың орындалу барысын қадағалады. Ол аштықтың зардабы мен оған қарсы елде жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар барысы жөнінде өзінің “Қазақстан” деген кітабында айқын жазды. Сонымен бірге “Новый Восток” атты мақаласында көшпелі облыстар ұшырағандығын, ашыққандар азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, Орталық Ресей мен Түркістан өлкесіне және көршілес аймақтарға 80000 адам мен 35000 балалар қоныстандырылғанын, сондай-ақ, Американдық Әкімшілік Көмегінің (АРА) ашыққандарға көмек көрсетіп жатқандығын жазады
1921-1922 жылдардағы аштықтан қазақтың отбасы тұтастай қырылды. Аман қалғандары босып шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы ашаршылық ұлт зиялыларын бей-жай қалдырмады. Барлығы қолынан келгенше халықтың аман қалуын тілеп, жоғары үкімет орындарына, Орталық үкіметке хат жолдап, көмек сұрады. Өздері елді аралап, ашыққандарға арналған асханалар ашу, оларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бар күштерін жұмылдырды.
Ұлт қамын ойлаған қазақ зиялылары мен жекелеген аймақтардың көрсетілген көмектері арқасында бұл күндер де артта қалды. Мұндай қиын-қыстау заманда өз халқы мен бауырларына жәрдем көрсетуді өздерінің азаматтық борыштары деп білген зиялыларымыздың бұл әрекеттері өміршең мүддеге қызмет еткендігінің тағы бір көрінісі болып табылады.