Қазақ орфографиясының негізгі принциптері қандай ?


Жазудың қандай түрлері бар?



бет3/3
Дата21.12.2023
өлшемі14,36 Kb.
#142120
1   2   3
Байланысты:
Қазақ орфографиясының негізгі принциптері қандай -emirsaba.org

Жазудың қандай түрлері бар?

Жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы.




  1. Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus» — боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған. Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін белгі.


  2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. logos — сөз, gramma — жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды. Пайда болу уақыты — мемлекеттің пайда болу, яғни құл иелену дәуірі, б.з.д. үш мың жылдықтың басы.


  3. Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл жазуды кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп те атайды. Буын жазуында дауысты жəне дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Пайда болу мерзімі — б.з.д. үш мың жылдықтың бас кезеңі. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады.


  4. Әріп жазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу əрíп жазуы болды. Себебі əрбíр сөз дыбыстық жағын дəл бере алатын əрíптерден құралды жəне грамматикалық формаларды дəл беруде өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл əрíптер бір немесе бірнеше фонеманы білдірді.


  5. Орфографияның графикаға қатысы қандай?


Графика (гр. т. grapho — жазу) — тіл білімінде жазуды зерттейтін ілім. Графика жазудың түрлерін, оның тарихын, қалыптасуы мен даму барысын қарастырады. Ол палеография, эпиграфика, каллиграфия деген ұғымдармен түсіндіріледі. Палеография ежелгі ескерткіштердегі жазу мəселесîн қарастырады. Жазба мəтîндердщ əрîптîк белгілерін, уақытын, мерзімін, дұрыс жазылу тəртîбîн (сөздердің бірге/бөлек жазылуы, жазбада қысқарған сөздердің дұрыс оқылуы), жазба материалын, бояуын зерттейді. Эпиграфия қатты материалдардағы (тас, керамика, металл т.б.) жазулардың мазмұны мен формаларын зерттесе, каллиграфия əдемî жазу өнері дегенді білдіреді, яғни əрбîр əрîпке рең беру, өзгеше қылып жазу деген сияқты мəселелермен айналысады.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет