Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында аса көп таралған ерлі-зайыптылардың біреуі ғана баламен немесе баласы жоқтан тұратын нуклеарлық отбасы түрлері өте көп. Мұндай отбасы республикада халық құрамы 70%-ын құрайды. Нуклеарлық отбасы – толық немесе толық емес болуы мүмкін. Толық емес отбасының саны ажырасудың, жесір қалудың, әйелдердің некесіз бала босануының нәтижесінде 8%-ды құрайды. Балалы әйелдерден тұратын отбасылар 445 мыңға жетсе, әке мен баладан тұратын отбасылар саны 42 мыңға жеткен.
Көп балалы отбасының негізгі проблемалары:
Материалдық - әр бала дүниеге келген сайын отбасының табысы кеми түседі.
Толыққанды тамақпен, киіммен, тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселелері.
Жоғарыда аталған проблемалардың салдарына байланысты ажырасу санының көбеюі.
Әлеуметтәк-экономикалық күрделі жағдайларға байланысты ажырасу санының көбеюі.
Оқу саласындағы проблемалар.
Балаларды тәрбиелеу проблемалары.
Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары.
Көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты балалардың жеке проблемалары.
2006
2007
2008
2009
2010
Барлығы, мың
301,8
321,9
357,6
357,5
367,7
оның ішінде үшінші және одан кейін кезектілігіне қарай туған балалар, мың
85,4
91,0
100,7
103,2
111,6
туғандардың жалпы санында, пайыз
28,3
28,3
28,2
28,9
30,3
Ескерту: кесте ҚР Сатистика агенттігі мәліметтері негізінде дайындалды
Үшінші және одан кейін кезектілігіне қарай туған балалар саны