Отбасы - некеге немесе қандық туыстыққа негізделген эмоционалдық байланыспен, өзара жауапкершілік қатынаспен біріккен тұлғалар жиынтығы. Ол қоғамның дамуында және жеке адамның өмірінде әлеуметтік құрылымның маңызды элементі болып табылады. Қазіргі жаңа қоғамдағы қарама-қайшылықтар және оның проблемалары, қиыншылықтары отбасында көрініс алады.
Отбасы - қоғамның пайда болуында ең негізгі элемент болып есептеледі. Ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы баланың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау критерийі қалыптасады. Нақты өмірде адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас әр түрлі болады, әр түрлі отбасы типтері өмір сүреді. Қоғам әрқашан өзгеріп отырады, соған байланысты отбасы қарым-қатынастары, түрлері де өзгереді.