4 және одан да көп балалары бар, арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын көп балалы аналар саны |
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2005-2009
|
Қазақстан Республикасы
|
176 524
|
178 269
|
179 911
|
188 919
|
198 205
|
21681
|
Ақмола
|
4 555
|
4 458
|
4 280
|
4 196
|
4 275
|
-280
|
Ақтөбе
|
7 227
|
6 764
|
6 569
|
6 557
|
6 641
|
-586
|
Алматы
|
15 624
|
15 927
|
16 043
|
16 979
|
18 283
|
2659
|
Атырау
|
8 078
|
7 882
|
7 524
|
7 652
|
7 783
|
-295
|
Батыс Қазақстан
|
4 710
|
4 454
|
4 285
|
4 230
|
4 254
|
-456
|
Жамбыл
|
15 487
|
16 119
|
16 582
|
17 747
|
18 854
|
3367
|
Қарағанды
|
7 411
|
7 246
|
6 787
|
6 758
|
6 926
|
-755
|
Қостанай
|
4 036
|
3 838
|
3 648
|
3 553
|
3 561
|
-475
|
Қызылорда
|
15 239
|
15 280
|
15 429
|
15 913
|
16 409
|
1170
|
Маңғыстау
|
7 750
|
8 147
|
8 196
|
8 941
|
9 478
|
1728
|
Оңтүстік Қазақстан
|
71 355
|
73 397
|
75 848
|
80 707
|
84 631
|
13276
|
Павлодар
|
2 673
|
2 485
|
2 427
|
2 499
|
2 636
|
-37
|
Солтүстік Қазақстан
|
2 943
|
2 771
|
2 541
|
2 488
|
2 448
|
-495
|
Шығыс Қазақстан
|
6 662
|
6 254
|
6 136
|
6 256
|
6 558
|
-104
|
Астана қ
|
1 047
|
1 252
|
1 397
|
1 783
|
2 221
|
1174
|
Алматы қ
|
1 727
|
1 995
|
2 219
|
2 660
|
3 249
|
1522
|
Дерек көзі: www.stat.kz
| | | | | | | Аз қамтылған отбасы Аз қамтылған отбасы Қиын баласы бар отбасы Кедей деп ішінара немесе толығымен еңбекке жарамсыз, еңбекке жарамды жақын-жуықтары жоқ азаматтар; көп балалы отбасы; зейнеткерлер; мүгедектер; жалғыз басты жасы жеткен адамдар; жағдайы жайсыз отбасылар; жұмыссыз отбасылары танылады. Қазіргі кезде аз қамтылғандар тобының қатарын жас баласы бар, әсіресе 6 жасқа дейінгі, жас отаулар, босқындар мен еріксіз қоныс аударушы отбасылары толықтырады. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүзеге асыратын шаралары арасындағы ең маңыздылары: жеңілдетілген салық салу, тегін немесе жеңілдетілген қызмет көрсету, денсаулық сақтау, көмек, коммуналдық қызмет көрсету салаларында, жұмыссыздыққа, балаларға, зейнеткерлерге жәрдемақы төлеу. Бұл мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытын орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Бүгінде берекесі жоқ отбасылардың саны өсіп келеді. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшенің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі, киелі сәті балалық дәуреннің қызығымен осылай ерте қоштасып үлгереді. Туған-туыстарынан, жақын адмдарынан демеу таппаған қыздар мен ұлдар кездейсоқ азаматтардың жетегіне еріп, ішімдікпен есіркіге құмартады. Сол арқылы қылмыс әлеміне қадам басады. Кедейлік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек |
Кедейліктің
белгіленген
деңгейі, теңге
|
Балаларға тағайындалған АӘК
| | | |
саны, адам
|
бір балаға айына АӘК орташа мөлшері (теңге)
|
Қазақстан Республикасы
|
5 087
|
145 331
|
1 142
|
Ақмола
|
4 658
|
2 684
|
1 259
|
Ақтөбе
|
4 768
|
2 702
|
1 393
|
Алматы
|
5 142
|
8 462
|
1 245
|
Атырау
|
5 451
|
4 806
|
1 521
|
Батыс Қазақстан
|
4 740
|
9 290
|
1 335
|
Жамбыл
|
4 476
|
17 734
|
776
|
Қарағанды
|
4 597
|
9 280
|
1 378
|
Қостанай
|
4 741
|
6 463
|
1 548
|
Қызылорда
|
4 983
|
11 150
|
814
|
Маңғыстау
|
6 339
|
5 529
|
1 767
|
Оңтүстік Қазақстан
|
4 461
|
31 149
|
617
|
Павлодар
|
4 563
|
4 645
|
1 515
|
Солтүстік Қазақстан
|
4 776
|
10 957
|
1 239
|
Шығыс Қазақстан
|
4 801
|
17 719
|
1 492
|
Астана қ
|
6 034
|
730
|
2 117
|
Алматы қ
|
5 287
|
2 031
|
2 682
|
Дерек көзі: www.stat.kz
| | | | Құрамында мүгедегі бар отбасылар Құрамында мүгедегі бар отбасылар Жұмыссыз азаматтардың отбасылары - Мүгедектік – бұл тек қана медициналық проблема емес, бәрінен бұрын ол – бірдей емес мүмкіндіктер қорытылған әлеуметтік проблема. Отбасында ақыл есінің зақымдалуымен байланысты, балалық церебралдық салынан жүйке жүйесі дамуының бұзылуымен тәрбиеленіп жатқан және туған бала — бұл сөзсіз қайғы-қасірет. Кез-келген ата-ана мұндай сынаққа шыдай алмайды және психологиялық ауырлықты көтере алмайды. Өйткені өзін толық оған көздеп, бір ғана мақсат қойып-барлық өмірін бір қанмен байланысқан мүгедекке барлық уақытын арнауға тура келеді. Ойын, өмір сүру жағдайын, араласып жүрген ортамен түп-тамырымен ауыстыру қажет.
Жұмыссыз отбасылардың негізгі проблемалары: - Материалдық – жалдамалы жұмыс істейтін адамдар үшін негізгі, ал көбінесе өзінің отбасын тамақпен, киіммен, тұрғын жаймен қамтамасыз етудің жалғыз ғана жолы;
- Бос уақыттық –бос уақытын өткізу, мәдени шараларға бару, спортпен айналысу, балаларға түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысу;
- Ұзақ уақыт жұмыссыздық кезінде жазғы кезеңді өткізу проблемасы туындайды;
- Отбасындағы психологиялық хал-ақуалдың нашарлауы, жан-жалдың көбеюі, отбасы мүшелерінің арасындағы үйлесімсіздік;
- Психологиялық, соматикалық, адамгершілік сипаттағы жеке проблемалардың көбеюі;
- Бала тәрбиесіне қатысты, шаршап шалдығу мен жүйке тартылуға байланысты проблемалар;
- Жұмыссыз отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің негізгі бағыттары;
- Жұмыссыз отбасыларын әшкерелеу, оларды сыртынан қадағалау, олардың жай-күйі мен сұранысын зерделеу.
Мүгедек балалары бар отбасылар саны Ішімдікке салынған, аморалдық өмір сүретін отбасылар Ішімдікке салынған, аморалдық өмір сүретін отбасылар Бедеулік - Маскүнемдіктің кең таралауы республиканың ұлттық қауіпсіздік үшін қауіп-қатер болып табылады. Олар саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, Қазақстан азаматтарының аман-есендік пен денсаулығының, өмірлерінің әлеуметтік қорғалуы сияқты, сонымен қатар қазақстандық қоғамның құндылықтарына залал келтіретін қауіп-қатер мен қауіптіліктен қорғалуымен анықталатын қоғамдық қауіпсіздікке нұсқан келтіреді. Бүкіл қоғам болып күресуді қажет ететін маңызды бір мәселенің бірі маскүнемдік болып табылады. Сонымен бірге, ерекше назарды алкогольді тұтынуды азайтуға және ішкіліктің төмендеуіне бағытталған шараларды қолдануға бөліну қажет. Алкоголизм – бұл тек ерік күшін көрсетіп, одан құтылуға болатын жаман әдет деген кең тараған пікір бар. Шын мәнінде, бұл науқасты қалай психологиялық, солай тәнін де зақымдандыратын қорқынышты, ілгері дамушы ауру.
- Бедеулік мәселесі барлық елдерге тән құбылыс. Қазір елімізде от басылардың 15-20 пайызы осындай жағдайға душар болған. Бедеуліктің басты екі себебі бар. Бірінші - ол экология. Адам қиындықты қолдан жасайды. Қазір ғылыми-техникалық үрдістердің дамып жатқан кезі. Ал одан бөлініп жатқан химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз. Күнделікті тағамда да химиялық заттар толы. Осының салдарынан адам ағзасында гендер өзгеріске ұшырайды. Ал екінші себеп ол - қазіргі сексуалды революция. Ерте жыныстық қатынастар, кездейсоқ жыныстық қатынастар. Солардың себебінен болатын қабыну процестері әйелде де еркекте де кездесіп жатыр. Соның себебінен екеуінде де ұрық азаяды. Оның сапасы төмендейді. Қазіргі кезде бедеулік еркектер мен әйелдер арасында бірдей тараған десе де болады. 50-60 пайызында әйелдер, 50-60 пайызында еркектер кінәлі.
Бедеулікпен тіркелген әйелдер саны, 100 000 әйелдерге Қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатынасының бұзылуы Қақтығысты отбасылар, ата-ана, бала қатынасының бұзылуы Ажырасу - Отбасындағы жанжал мен орынсыз дау-дамайлар бала психикасына әсер етеді, жанұядағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Суицидиалды әрекет әлеуметтік жағдайы жоғары отбасында да кездеседі. Негізінен, жеткіншектер қай жағынан болсын әлсіз сипатта болады, олардың бойында әлеуметтік маригинализм кездеседі. Өйткені олар әлі есейіп үлгерген жоқ, жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзелісті жағдайға барады. Олардың бойында құндылықтар жүйесі әлсіз болады да, антисуицидиалды факторлар іске қосылмайды. Тәрбиедегі жағымсыз әрекеттер әлсіз қарсылықты күшейтеді де, ата-ана тарапынан болатын әртүрлі жазалар баланың көңіл күйінде эмоциялық орнықсыздықты тудырады, олар содан келіп өмірлік қиындықтарды көтере алмайды.
Ажырасу дегеніміз - некені ресми түрде бұзу. Оның басты себептерi мыналар: - жастардың отбасы мәселесiне жеңiл қарауы. Адам жүре жаман болып, көшедегi, телеарнадағы, шетелдегi терiс қылықтарға елiктеп отбасы ойрандалуы мүмкiн.
- ерлi-зайыптылардың материалдық жағдайының төмендiгi, басыбайлы баспаналарының жоқтығы. Жұмыссыздықтың өрiс алуы.
- араларында балаларының жоқтығы. Денсаулықтарының төмендiгi, бiр-бiрiне сәйкес келмеуi.
- бiр-бiрiн танымай жатып ерте некелесу. Жас айырмашылығы. Статистика бойынша, он сегiзде үйленгендер жиi ажырасып жатыр.
- жастардың жаман қылықтарға әуестенуi. Олар түсiк тастау, iшiмдiкке, нашақорлыққа салыну.
- өзге адамдардың екi жастың арасына түсуi.
- мемлекет тарапынан жас отбасына қолдау көрсетiлмеуi.
2010 жылы әйелдерге қатысты зорлықпен күрес бойынша дағдарыс орталықтарының қызметі |
Кризистік орталық -
тар саны
|
Қоңырау шалып хабарласқандардың саны
|
Зорлық түрлері бойынша
| | | | | | |
Дене
|
Психо
логия
лық
|
Эконо
мика
лық
|
Нәпсілік
|
Қазақстан Республикасы
|
21
|
20 096
|
5 080
|
5 618
|
1 177
|
608
|
Ақмола
|
1
|
193
|
98
|
98
|
25
|
22
|
Ақтөбе
|
1
|
983
|
116
|
93
|
90
|
10
|
Алматы
|
1
|
1 092
|
323
|
311
|
294
|
17
|
Атырау
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Батыс Қазақстан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Жамбыл
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қарағанды
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қостанай
|
3
|
4 299
|
1625
|
1 378
|
158
|
26
|
Қызылорда
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Маңғыстау
|
1
|
640
|
52
|
320
|
25
|
13
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1
|
3 319
|
846
|
1 312
|
69
|
429
|
Павлодар
|
1
|
1 379
|
87
|
75
|
-
|
3
|
Солтүстік Қазақстан
|
1
|
2 242
|
523
|
49
|
28
|
7
|
Шығыс Қазақстан
|
6
|
3 377
|
540
|
1 264
|
52
|
21
|
Астана қ
|
2
|
136
|
24
|
48
|
14
|
39
|
Алматы қ
|
3
|
2 436
|
846
|
670
|
422
|
21
| Дағадарыс орталықтарындағы мамандардың көмегі |
Көмегі көрсетілді
| | |
Уақытша баспананы пайдаланғандар
| | |
дағдарыс
орталығы
кеңесшісінің
|
Психолог
|
Заңгердің
| | | | | | |
Әйелдер
|
Балалар
|
Қазақстан Республикасы
|
17 985
|
13 572
|
6 641
|
4 142
|
466
|
Ақмола
|
193
|
193
|
140
|
40
|
9
|
Ақтөбе
|
552
|
215
|
216
|
-
|
-
|
Алматы
|
-
|
485
|
935
|
7
|
11
|
Атырау
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Батыс Қазақстан
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Жамбыл
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қарағанды
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Қостанай
|
-
|
3 378
|
434
|
93
|
77
|
Қызылорда
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Маңғыстау
|
640
|
420
|
220
|
420
|
12
|
Оңтүстік Қазақстан
|
3 319
|
1 179
|
1 607
|
-
|
-
|
Павлодар
|
6 537
|
3 140
|
1 485
|
225
|
283
|
Солтүстік Қазақстан
|
1 756
|
49
|
437
|
-
|
-
|
Шығыс Қазақстан
|
3 377
|
3 302
|
175
|
3 312
|
65
|
Астана қ
|
136
|
136
|
114
|
36
|
-
|
Алматы қ
|
1 475
|
777
|
878
|
9
|
9
| Қазақстандағы некелесу мен ажырасу саны
Жылдар
|
Сандық көрсеткіш
| |
1000 адамға
| | |
Некелесу
|
Ажырасу
|
Некелесу
|
Ажырасу
|
1999
|
85872
|
25583
|
5,8
|
1,7
|
2000
|
90873
|
27391
|
6,1
|
1,8
|
2001
|
92852
|
29599
|
6,3
|
2,0
|
2002
|
98986
|
31236
|
6,7
|
2,1
|
2003
|
110414
|
31717
|
7,4
|
2,1
|
2004
|
114685
|
31492
|
7,6
|
2,1
|
2005
|
123045
|
32377
|
8,1
|
2,1
|
2006
|
137204
|
35834
|
9,0
|
2,3
|
2007
|
146379
|
36107
|
9,5
|
2,3
|
2008
|
135280
|
35852
|
8,6
|
2,3
|
2009
|
140386
|
39257
|
8,8
|
2,5
|
Дерек көзі: http://www.stat.kz
| | | | | Қауіп-қатері бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек түрлері - Біздің елдегі отбасыларға әлеуметтік көмектің бірінші жүйесі – ол табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Оның мөлшері жан басына шаққанда орташа табысы мен кедейлік шегі (ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды) арасындағы айырма түрінде есептеледі.
- Әлеуметтік көмектің екінші бір түрі – балалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек түрі. Біздің елде 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінен (ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызы) төмен болған жағдайда отбасындағы әр балаға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балалар жәрдемақысы төленеді.
- Үшінші бір әлеуметтік көмек - ол аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету бойынша жүзеге асады. Бұл «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң аясында жүргізіледі. Соған сәйкес, 2010 жылы 184,5 мың отбасыға жалпы көлемі 3,5 млрд теңгенің тұрғын үй көмегі берілді.
- Әлеуметтік төлемнің жаңа түрі – мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға 2010 жылдан бастап ең төмен жалақы мөлшерінде жәрдемақы енгізілді және мұндай мемлекеттік көмек түрі Қазақстан азаматтарына бұрын берілмеген болатын.
- Мемлекет 2010 жылдан бастап “Алтын алқа” және “Күміс алқа” белгілерімен көп балалы аналарды марапаттау шарттарын өзгертті. “Алтын алқа” белгісімен жеті және одан көп (бұрын – он және одан көп) балалы аналар, “Күміс алқамен” алты баланың (бұрын – сегіз) анасы марапатталатын болды.
Қауіп-қатері бар отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек түрлерінің көрсеткіштері
Балалары бар отбасыларға арналған жәрдемақы
|
1.07.2009г.
|
1.01.2010г.
|
Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы
|
38800
|
42390
|
Төртінші және одан да көп балаларды тууға берілетін жәрдемақы (1 бала)
|
|
70650
|
Төртінші және одан да көп балаларды тууға берілетін жәрдемақы (егіз)
|
|
141300
|
Төртінші және одан да көп балаларды тууға берілетін жәрдемақы (үшем)
|
|
211950
|
Баланы 1 жасқа дейінгі күту бойынша жәрдемақы
|
6480
7128
7776
8424
|
7772
9185
10598
12011
|
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар
|
1167
|
1272
|
Көп балалы аналар
|
5055
|
8478
|
Көп балалы отбасылар, 4 және одан да көп баласы
|
5055
|
5511
| Қазақ отбасының қазіргі проблемаларын шешу модельдері - Біздің қоғамның маңызды мәселелерінің бірі - отбасы тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы, халықтық дәстүрді естен шығару, осал некенің пайда болып, ажырасуына әкеліп соғады. Ажырасудың басым көпшілігін мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты, мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін, бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады. Жұбайлар қарым-қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігі, ұстанымы құндылықтары және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп көрсетеді.
- Демографиялық көзқарас бойынша некенің басты мақсаты – тұрақтылық, яғни адамзаттың сақталуын қамтамасыз ету. Ажырасудың қазіргі таңда орын алуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, Кеңес дәуірінде Қазан төңкерісіне дейін діннің дәмін татқан иманды қарт аналар мен аталар ажырасуды масқара санап, жастарды тиып отырды. Екіншіден, ажырасуға Кеңес кезеңінде де «моральдық азғындау» деген көзқарас қалыптасқан. Дәстүрге байланысты қазақ халқы ешуақытта ажырасуды құптамаған. Ислам дінінде ажырасуға жеңіл түрде қарауға тиым салынған.
Неке-отбасы қарым-қатынастарының тұрақтылығын көтеру мақсатында моральдық-психологиялық әсер етудің мүмкіндіктері қазір мүлдем қолданбайды деуге болады. Біздің ойымызша, қазір бұл саланың қоғамдық практикада аз қолданылып жүрген үлкен күш-қуаты бар. Отбасының оннан бір бөлігі ажырасу туралы көп ойланғандықтан қауіпті топты құрайды. Өз некесін бағалауда тұрақсыздық байқататын отбасылардың бұл топтары әрине, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмек түрліше болмақ: ажырасудың аз-ақ алдында тұрған бірінші топ үшін мамандандырылған неке бұзу жөніндегі сот құрылып, бұл соттардың жұмысының тиімділігі ажырасқандар саны бойынша емес, татуласқан жұптар саны бойынша бағаланса. - Неке-отбасы қарым-қатынастарының тұрақтылығын көтеру мақсатында моральдық-психологиялық әсер етудің мүмкіндіктері қазір мүлдем қолданбайды деуге болады. Біздің ойымызша, қазір бұл саланың қоғамдық практикада аз қолданылып жүрген үлкен күш-қуаты бар. Отбасының оннан бір бөлігі ажырасу туралы көп ойланғандықтан қауіпті топты құрайды. Өз некесін бағалауда тұрақсыздық байқататын отбасылардың бұл топтары әрине, әлеуметтік көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмек түрліше болмақ: ажырасудың аз-ақ алдында тұрған бірінші топ үшін мамандандырылған неке бұзу жөніндегі сот құрылып, бұл соттардың жұмысының тиімділігі ажырасқандар саны бойынша емес, татуласқан жұптар саны бойынша бағаланса.
- Ажырасу санының осыншама биік деңгейін көрсетіп отырған біздің қоғамымыз осындай қызметті ұйымдастыру үшін мүмкіндіктер іздеп табуы қажет. Оларды қамтамасыз етуді жартылай қазіргі күні кең тараған қайырымдылық қорларынан түсетін қаражаттан жүргізуге болады. Жұбын дұрыс таңдағанына сенімсіздікпен қарайтын отбасы тобы үшін кең тараған және жоғары білікті отбасылық кеңес беру қызметін құру нақты шара болар еді, оның қызметі отбасылық жайсыздықтың барлық мәселелерін қамтыса: сексологтың, урологтың, гинекологтың, психологтың, социологтың, экономисттің, әлеуметтік жұмыскердің, әлеуметтік педагогтың қызметімен қамтамасыз етілсе.
Ажырасу проблемасын алдын алу, отбасыдағы қақтығыстарды шешуге байланысты біздің ұсынысымыз – жаңа заман талабына сай «Кеңес беру орталығын» ашу және ол қызметті жүйелілікпен ұйымдастыру, жандандыру болып саналады. Ажырасу проблемасын алдын алу, отбасыдағы қақтығыстарды шешуге байланысты біздің ұсынысымыз – жаңа заман талабына сай «Кеңес беру орталығын» ашу және ол қызметті жүйелілікпен ұйымдастыру, жандандыру болып саналады. Психологиялық қызмет орталығының басты мақсаты мен міндеті: - тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ажырасу, отбасындағы қақтығыстар кезінде отбасының мүшелеріне психологиялық тұрғыдан ықпал ету;
- отбасындағы қарым-қатынасты сақтау және неке тұрақтылығын сақтау;
- ажырасуды алдын алу;
- балаларға дұрыс тәрбие беру үшін кеңес беру;
- жұпты некеге тұруға, отбасы құруға дайындау;
- ерлі-зайыптылар арасындағы дағдарысты, ұрыс-жанжалдарды шешуге көмектесу.
Орталық қызметкерлері неке құрғаннан кейін алғашқы жылдардағы неке тұрақтылығына теріс әсер ететін келесі факторларды шешуге көмектеседі:
1
- ерлі-зайыптылардың арасында қарым-қатынасының бұзылуын (көзіне шөп салу, қызғаншақтық)
2
- биологиялық сәйкессіздік (баласыздық, жыныстық дисгармония)
3
- жұбайлардың біреуінің басқа адамдармен тіл табыса алмауын (туысқандармен, таныстармен, әріптестермен)
4
- қызығушылықтарының әр түрлі болуын
5
- балаға тәрбие беруде көзқарастың екі жаққа бөлінуін
Кеңес орталығы екі бағытта жұмыс істейді: І Отбасы-некелік өмірге жастарды даярлау, оларға неке құрғаннан кейінгі әркімнің отбасыдағы рөлін түсіндіріп айту керек. Сонымен бірге перзенттің болмауынан, жастардың бірінің денсаулығы келмегендіктен, ұзақ уақыт перзентті бола алмаулары ықтимал. Қазіргі заманда бұл мәселені медициналық жолмен шешуге болады. Тіпті бір-бірін шын сүйген адамдар бала асырап алуы да мүмкін. Сол себептен орталық бедеулікті және белсіздікті алдын алу үшін жастарды биолигиялық тексеріске баруға бағыт-бағдар беру керек, яғни жастарды отбасы құруға дайындау ажырасуды болдырмаудың негізгі тәсілі. ІІ Отбасыдағы ұрыс-керіс, жанжалдар болған жағдайда отбасын сақтап қалу үшін психологиялық тұрғыда кеңес беру, балаға дұрыс тәрбие беруге көмектесу. Кеңес орталығының құрылымы
Әкімшілік
| | | | | | | |
| |
| |
| |
| |
Бухгалтерия
| | | |
Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету бөлімі
| | | |
| |
| |
| |
| |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйымдастырушылық-методикалық бөлім
| |
Әлеуметтік көмек бөлімі
| |
Психологиялық көмек бөлімі
| |
Реабилитация бөлімі
| | Қызмет мазмұны - Кеңес орталығының негізгі мақсаты - неке тұрақтылығын сақтап қалу. Көбіне жақсы жұмыс, жалақы қуған ерлі-зайыптылар отбасын ұмытып жұмысқа беріледі. Отбасын бірінші орынға қойғандар оны сақтап қалу үшін бар мүмкіндіктерін қолданады, яғни осы кеңес орталығына барып көмек сұрайды. Зерттеулердің мәліметтері бойынша ажырасқан отбасылардағы балалардың 45% бұл процесті жеңіл өтсе, 41% стресс және психологиялық шокпен өткереді. Ажырасқан отбасылардағы жағдайды ата-ана балаларына дұрыс түсіндіріп бере алмайды. Соның нәтижесінде бала мінезі, психологиясы өзгеріске ұшырайды. Сол себептен әлеуметтік қызметкер баламен әңгімелесіп, психологиялық түзету жүргізу керек.
- Ажырасуды алдын алу жөнінде бұл орталық некеге тұрайын деп жатқан отбасыларға ұрпақ қамын ойлайтын отбасы институтын құруға көмектесіп, ажырасу дейтін келеңсіздіке тосқауыл қоюы мүмкін. Ажырасуға себеп болатын отбасылық өмірдің қиындықтары жұбайлардың бала күндерінен отбасылық өмір туралы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері жайлы қалыптасқан түсініктеріндегі, тәрбиесі мен айналадағы дүниені қабылдаудағы өзгешеліктеріне байланысты. Үйленбестен бұрын “Біз бірге тұра аламыз ба деп, жүз рет ойлану керек. Әуел баста құр сезімге беріліп кету бар, ал неке - екі адамның орасан зор еңбегі екенін ешкім мойындағысы келмейді”, осындай кезде кеңес орталығының тигізетін әсері мол болады. Мінездерінің жараспауынан, екі жас бірін-бірі толық зерттеп білмей жатып, жылт еткен махаббат сезіміне алданып, бас қосады. Уақыт өте келе кешегі қырмызыдай сызылған қыз қырсық мінездерін көрсете бастайды. Ал кеше жүзінен нұр төгіліп, бұл үшін тау қопаруға дайын тұратын жігіт енді айнып, бақытын сырттан іздейді. Кеңес орталығы некеге тұрайын деп жатқан жастарға бірін-бірі жақсы танып, мінезіндегі кемшіліктер мен артықшылықтарын білуге көмектеседі.
- Сонымен қатар орталық некелескен жұптардың бірін-бірі түсінуге, кеткен кемшілігі үшін кешірім сұрап, ақылға жүгініп, өмірді әрі қарай жалғауға кеңес беріп қалпына келтіреді. Біздің жастар әлеуметтік жағынан нашар қорғалған. Көбінің баспанасы болмағандықтан, үйленген соң ата-енесімен бірге тұруына тура келеді. Ал бұрыннан балаларына бұйрық беріп, айдап өргізіп, иіріп жусатып үйреніп қалған енесі немесе атасы жаңа түскен келінге талапты қатаң қоюы да мүмкін. Кейде жай ғана қатаң қоймай, келінге күн көрсетпей, ізіне түсіп, істеген ісін жақтырмай, өмірін өксікке толтырып, көзінен жас арылтпайтын да ата-аналар бар. Қазақ қоғамында ажырасуға кейде құдалар арасындағы келіспеушілік те әсер ететіні ежелден белгілі.
ҚОРЫТЫНДЫ - Қазақ отбасының өмірінде көрініс тапқан ұлттық тәрбиеміздің дәстүрлі жүйесі туралы пайымдауларымызды тұжырымдай келе сыйластық пен келісімге құрылған отбасы әкенің ізін басатын ізбасары мен ұрпағын жалғастыратын ұлдарының, шаңырақтың тірегі, қамқоршысы болар, ата-ана сүйіспеншілігіне бөленген ұрпақтың өз ұлтына тән қасиеттерді меңгерген тұлғаның дүниеге келіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отырғанын айқын көруге болады. Осындай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, тектілікті танытатын, туыстық қатынастар қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің жоғарылығын, ұлттық тәрбие кеңістігінің ауқымдылығын, халқымыздың өмірден түйген мол парасат пайымын, ұстаздық даналығын, кемеңгерлігі мен мәрттігін аңғартады. Біз отбасы құндылығын ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі ретінде қарастыруымыз керек. Отбасының рөлін көтеру арқылы халық санын да айтарлықтай көбейте алар едік. Ол үшін мемлекет тарапынан отбасын қолдауға бағытталған, берік отбасын құруға ынталандыратын белгілі бір тетіктер керек. Отбасын әспеттеу арқылы саналы азаматтар тәрбиеленген адамгершілікті қоғам құруға көбірек мүмкіндік бар. Бұл – мемлекеттің идеологиясы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |