|
І Ауызекі сөйлеу стилі бойынша
|
бет | 3/3 | Дата | 28.12.2022 | өлшемі | 18,74 Kb. | | #60037 |
| Байланысты: стильдік талдауІ Ауызекі сөйлеу стилі бойынша:
Ауызекі сөйлеу тілі стилінде жазылған мәтіндерді, сөйлемдерді ажырата білу.
Мәтіндерді ауызекі сөйлеу стилі бойынша талдай білу, басқа стильдерден айырмашылығын ажыратып, ауызекі сөйлеу тілінің негізгі ерекшелігін білу.
Белгілі бір тақырыпта диалог құра білу, онда ауызекі сөйлеу стилінің ерекшеліктерін пайдалана білу.
Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып, мысалдар келтіре алу.
ІІ Ғылыми стиль бойынша:
Ғылыми мәтінді анықтай білу. Оның негізгі ерекшеліктерін ажырата білу.
Қай ғылым саласы екендігін терминдер арқылы анықтай білу.
Шағын ғылыми мәтінді талдай білу.
Кейбір сөздердің ғылыми стильге байланысты синонимдерін ауыстырып, сөйлемдерді қайта құра білу.
ІІІ Ресми стиль бойынша:
Ресми стильдің негізгі ерекшеліктерін біліп, мысалдар келтіре алу, мәтіндерді ажырата алу.
Іс-қағаздардың түрлерін ажыратып, пайдалана білу (анықтама, арыз, өмірбаян, хаттама,сенімхат т.б.)
Іс-қағаздардың тілдік құралдарын естеріне сақтау, өз тәжірибелерінде жаза білу.
ІV Публицистикалық стиль бойынша:
Публицистикалық шығармаларды ажырата білу олардың ерекшеліктерін түсіну.
Публицистикалық стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын ажырата білу. Басқа стильдермен салыстыра алу.
Кейбір публицистикалық жанрларды өз тәжірбиесінде пайдалана білу (мақала, пікір, репортаж т.б.)
Кейбір публицистикалық мәтіндерді тілдік құралдары бойынша талдай білу.
Ғылыми стильде жазылған сөйлем немесе мәтінді публицистикалық стильде өзгертіп жаза білу.
V Көркем әдебиет стилі бойынша:
Көркем шығармаларды ажырата білу.
Көркем мәтінді тілдік құралдары мен стильдік ерекшелігі бойынша ажырата білу.
Сөйлемдер мен шағын мәтіндерді жөндей білу немесе қайта жетілдіріп жаза білу.
Сөйлемдерді немесе шағын мәтіндегі сөздерді синоним сөздермен ауыстыру.
Шағын көркем шығарманың тілін талдай білу (синонимдерді, экспрессивті-эмоциональды сөздер, бейнелегіш сөздер, көркемдегіш тәсілдері бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|