Ауызекі сөйлеу стилі: 1. Қолдану аясы: күнделікті қарым-қатынаста, еркін әңгіме кезінде қолданылады.
2. Сөйлеу мақсаты – қатынас жасау, тіл табысу.
3. Стильдік ерекшеліктері:
- қарапайым;
- еркін, даярлықсыз өткізіледі;
- сөздер мен сөз тіркестері еркін қолданылады;
- айтушының көзқарасы сөйлемдерінен, қолданған сөздерінен анық білінеді.
4. Тілдік құралдары:
- қарапайым- тұрмыстық сөздерді еркін қолдану;
- эмоциональды сөздерді, қосымшаларды өз пікірін білдіруде жиі қолдану;
- сұраулы, лепті сөйлемдерді жиі қолдану, диалогқа құрылу.
- дауыс ырғағы арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді пайдалану.
Ресми стиль (іс – қағаздар стилі): 1.Қолдану аясы: іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында, іскерлік қатынастарда қолданылады.
2. Сөйлеу міндеті: хабарлау, анық мәліметтер беру.
3. Стильдік ерекшеліктері: ресми, анық.
4.Тілдік құралдар: тура мағыналы сөздер, кітаби және ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.
Ғылыми стиль: 1. Қолданылу аясы: ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, конференцияларда қолданылады.
2. Мақсаты: заттар мен құбылыстардың ерекшелігін ашып, мәлімет беру.
3. Стильдік ерекшелігі: дәлелді, дәйекті, зерттелген.
4.Тілдік құралдары: ғылыми және интернациональдық терминдерді қолдану: хабарлы сөйлемдер, өткен және осы шақта етістіктерді жиі қолдану.
Көркем әдебиет стилі: 1. Қолдану аясы: көркем шығармаларда қолданылады.
2. Мақсаты: құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, сезімге әсер ету.
3. Стильдік ерекшеліктері: образды, көркем, эмоциональды, экспрессивті.
4. Тілдік құралдары: ауыспалы мағыналы сөздер, көркемдік тәсілдер, троптар (теңеу, эпитет, метафора т.б.).
Публистикалық стиль: 1. Қолдану аясы: газетте, журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
2.Мақсаты: көпшілікке әсер ету, заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарынаудару.
3.Стильдік ерекшелігі: шақыру, үндеу, нақтылық.
4.Тілдік құралы: риторикалық сұраұтар, стильдік қайталау, антитеза пайдалану.
Функционалдық стильдерді үйретуде мынадай жұмыстарды атқаруға мүмкіндіктер туады: