4. Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды? А) ауыл-аймақ,көрші-қолаң В) бірен-саран, бірлі-жарым
С) анда-санда, оқта-текте Д) аман-есен, сау-саламат
Е) құрбы-құрдас, жора-жолдас
5. Синонимді тап. А) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.
В) Ол жазушылық өнерді өте жас кезінен бастады.
С) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі. Д) Қауіп бар жерде қатер бар.
Е) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.
6.Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр? Исекең Бекболаттың ер жүектігін ,қайтпас қайсарлығынкөрсететін мысалдар келтіреді.
А) бастауыш В) анықтауыш С) толықтауыш Д) пысықтауыш
Е) баяндауыш
7. Метафораны тап. А) Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.
В) Бұл--әдеби тілдің әсемдігіғана емес,әсерлігі үшін орасан қажет тәсіл.
С) Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.
Д) Гималай—көктің кіндігі,Гималай—жердің түндігі.
Е) Қазақстан—республикам менің.
8. Метонимияны тап. А) Ей,қораз, шақырасың ерте-кеш!
В) Үйі мәз болып қой сойды,сүйіншіге шапқанға.
С) Қап-қара,мөп-мөлдір,тұп-тұнық көзіңді-ай!
Д) Қыңыр болды не керек,--болайын деп болды ма?
Е) Торғын төсін тосады таңға жайып...
9. Синекдоханы тап. А) Әй,сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?
В) Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.
С) Мен—тауда ойнаған қарт марал.
Е) Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!
10. Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр? Оның қорасында бес-алты тұяғы бар.
А) байлық В) аяқ С) мал Д) аң-құс Е) тауық
«Сөз құрамы»тақырыбы бойынша
1. Біріккен сөзді тап.
А) Талдықорған В) Ашық ауыз С) бес дәптер Д) қоңыр ала Е) тісін қайрады
2. Дара сөзді тап.
А) тізесін бүкті В) әкімшілік С) бес жүз Д) отыз бестерге Е) жақсы көру