3. Буынға қате бөлінген сөзді тап. А) құ-мырс-қа В) дау-ыл-паз С) би-ік-тік Д) ке-мең-гер Е) бо-яу-шы
4. Бірыңғай жуан буынды сөзді тап. А) Асылбек кітабын сөмкеден таппады. В) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.
С) Әскерлер күні-түні жүгірді. Д) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.
Е) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.
5.Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар? А) тәрбие В) жәрмеңке С) бәтеңке Д) шемішке Е) күртеше
6. Тасымалданбайтын сөзді тап. А) аспан В) жақсы С) тату Д) ақын Е) шешен
7. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі? А) ортаңғы буын В) бірінші буын С) соңғы буын Д) ортаңғы ашық буын Е) ешбір буын
8. Екпін түспейтін қосымшаны тап. А) Септік жалғауы В) жіктік жалғауы С) тәуелдік жалғауы Д) көптік жалғауы Е) жұрнақ
9. Қай сөзге екпін түспейді? А) күрделі сөз В) көмекші сөз С) туынды сөз Д) туынды сөз Е) біріккен сөз
10. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді? А) тасымал В)әріп С) дыбыс Д) буын Е) екпін
«Үндестік заңы», «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша 1. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны тап.
А) Омар қалам мен қарандаш алды. В) Ертең емханаға баруым керек. С) Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді. Д) Менің туысқаным қалада тұрады. Е) Балалар жұмыс істеп жүр.
2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны тап.
А) -лар,-лер В) –кер,-гер С) –дан,ден Д) –тың,-тің Е) –лас,-лес
3.Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр? А) мансапқор В) кәсіпкер С) төрежан Д) аурухана Е) күлекеш
4. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды? А) барыс септік В) жатыс септік С) шығыс септік Д) табыс Е) көмектес
5. Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады? А) т В) с С) х Д) ц Е) л
6. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.
А) шекара,баспасөз баспана В) аман-есен,асты-үсті, әрі-бері С) Екібастұз,Алакөл, Бәйгеқұм
Д) отағасы, тасбақа, біршама Е) ешқашан, кейбір, әлдеқайда