Үйірме жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдерді өз Отанын қорғауға, туған еліне мекеніне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, Отанының нағыз патриоты болуына және халықтар достығын құрметтей білуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің маңызы мен қоғамдағы орыны, жас ұрпақтың мемлекеттік тілдің қадір –қасиетін түсіне білуіне тәрбиелеу. Тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресе білуге, сөз өнеріне баулу, тілін, ой-өрісін дамыту. Қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру; поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
Міндеттері:
оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
оқушылардың білімдерін пысықтау, шешендік өнерге баулу, сөздік қорларын молайту, ойын жүйелі, еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;
зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;
оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.
Достарыңызбен бөлісу: |