«Балалар әдебиетінің өкілі» Әдеби – поэзия кеші Мақсаты



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі202,73 Kb.
#8052

«Балалар әдебиетінің өкілі» 

Әдеби – поэзия кеші 

 

Мақсаты: Есентай Ерботиннің өлеңдерін оқи отырып, оқырмандарды 

поэзияны  сүюге,  танымдық  көзқарастарын  қалыптастыруға,  ақындыққа 

баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.  

Көрнекілігі:    Е.  Ерботиннің  суреті,  ұлағатты  сөздер  жазылған 

слайдтар,  «Балдырғанның  тілін  ұққан»  атты  кітап  көрмесі,  музыкалық 

фонограмалар. 

Дәйек сөз: «Есентай Ерботин қазақ балаларының сүйікті ақыны....» 

Мұзафар Әлімбаев 

 

Әдеби – поэзия кешінің ашылуы. 



1  -  жүргізуші:  «Балалар  әдебиетінің  ӛкілі»  атты  әдеби  –  поэзия  кеші 

балалар ақыны Есентай Ерботиннің ӛлеңдеріне арналады.  

«Тӛскейден жел еседі, 

Тӛбемнен бұлт кӛшеді.  

Туған жерім мен үшін 

Кӛк  майсасын  тӛседі»,  -  деп  туған  ӛлкесіне  ӛлең  арнап,  балалардың 

балғын  тілінде  жыр  толғаған  Есентай  Ерботиннің  ӛлеңдері,  жаңылтпаштары 

жас  ұрпақтың  сусындап  ӛсер  қайнар  бұлағы  десек  қателеспейміз.  Ақынның 

ӛлеңдері  кішкентай  оқырмандардың  жан  дүниесін  баурап  алатын,  оқыған 

сайын тереңіне тарта беретін дүниелер.  



2-  жүргізуші:  КСРО  Жазушылар  одағының  мүшесі,  жерлес  ақын 

Есентай Ерботиннің туғанына биыл 75 жыл.  Есентай Ерботин 1940 жылы 13 

қазанда  Павлодар  облысы  Баянауыл  ауданы,  Мәшһүр  Жүсіп  ауылында 

колхозшы  шаруаның  отбасында  дүниеге  келген.  Қарағанды  педагогикалық 

институтының  филология  факультетін  1967  жылы  бітіргеннен  кейін, 

Павлодар облыстық телевизия және радиохабары жӛніндегі комитетте қызмет 

істеген.  

Ақынның  ӛлеңдері  «Қызыл  ту»  облыстық  газетте,  республикалық 

«Балдырған»  журналында  жиі  жарияланып  тұрды.  Е.  Ерботиннің  алғашқы 

ӛлеңдер  жинағы  1975  жылы  «Жазушы»  баспасынан  «Ӛркен»  деген  атпен 

шықты.  Осы  жинақта  жарық  кӛрген  тақпақтар  мен  шымшымалардан, 

жұмбақтардан  ақынның  ӛзіндік  ізденісін,  ӛзіндік  талпынысын  аңғару  қиын 

емес еді.  

Ақынның «Баянауыл», «Алатау», «Көкшетау», «Тарбағатай» өлеңдері 

оқылады. 

1-жүргізуіші:  Есентай  Ерботин  кӛптеген  кітаптардың  авторы.  Осы 

кітаптарды  асықпай  оқып  отырғанда  ақынның  алдымен  ӛзінің  кішкентай 

оқырмандармен  ұғынысуға  тырысатынын  аңғару  қиын  емес.  Ойын 

түсініктерін  жеткізу  үшін  әр-түрлі  ӛлең  формаларын  пайдаланады. 

Жұмбақтар,  ӛтірік  ӛлеңдері  ойнақы  ұйқастарға  құрылған.  «Жалын»  баспасы 

балаларға  арналған  «Байғазы»,    «Жыл  он  екі  ай»  топтамаларын  үзбей 

шығарып  келген.  Міне,  осы  жинақтарда  Е.Ерботиннің  ӛлеңдері  де  үнемі 

басылды.  



2-жүргізуші:  Есентай  Ерботиннің  алғашқы  ӛлеңдері  1959  жылы 

«Қызыл  ту»  облыстық  газетіне  жарияланған  екен.    Оның  артында  қалған 



мұрасы  –  ӛлеңдер  жинақтары:  «Ӛрнек»,  «Ӛнеге»,  «Серік  пен  Берік»,  «Менің 

досым», «Бабалар бала болғанда», «Далаға саяхат».  

Ақын  еліміздің  ӛткен  тарихын,  әдет  –  ғұрыпын,  салт  -  санасын, 

географиясын бес саусақтай білетін, ол содан да жас буынға қазақ батырлары 

қаһармандықтарын  жырлап,  үлгі  –  ӛнеге  ұсынатын.  Туған  жердің  тауларын, 

суларын тамаша тақпақ етіп жазып, әсемдігін суреттейтін.  



Е.  Ерботиннің  «Менің  досым»  жинағынан  «Ертіс»,  «Баян», 

«Жасыбай», «Екібастұз», «Шөптікөл» өлеңдері оқылады. 

1  –  жүргізуші:  Есентай  Ерботин  ана  тілінің  байлығын  ашып,  алуан 

түрлі  жұмбақ,  жаңылтпаш,  анаграмма,  криптограммалар  жазды.    Ізденгіш 

ақын талмай еңбектеніп, әркез тапқырлық танытатын.  

Жұмбақ шешу: 

Қажет сондай құралмын, 

Қолыңа жылда мың аодың, 

Соңғы екі әріп алмасса

Баспана болып шығармын. 

                                        (Күрек-күрке) 

Ӛзен екен Арқадағы, 

Атына жұрт таң қалады. 

«Киіз үйге қажет жабдық»,- 

Деп арбаға тиеп алдық. 

                                           (Түндік) 

Сынды арбаның жетегі, 

«Үйге қалай жетемін?»- 

Деп тұрғанда, түсті еске: 

Бір ӛзен сайман екені. 

                                            (Арыс) 

Жағасында ойнап жүрміз, 

Шомылуды ойлап жүрміз. 

Бұл ӛзеннің атын неге 

Ауызға сап, шайнап жүрміз? 

                                           (Сағыз) 

Үрлеп ӛзін қолға ұстадым

Желді күні зорға ұстадым. 

Шықса қолдан кӛкке ұшады, 

Ӛзен аты неге ұқсады? 

                                           (Шар) 



2-жүргізуші:  Ақынның  ӛзі  педагог  болғандықтан  да,  әр  жастағы 

балалардың  ой  –  ӛрісіне,  білім  шама  –  шарқына  лайықтап,  тағылым  ұсыну 

тәсілін жетік білетін еді.  Дарынды ақын аз жасады, 1992 жылы дүниеден ӛтті.  

Ақынның  ӛлеңдері  ӛрнекті,  ойнақы  әрі  шымыр,  шағын,  әрі  ойлы 

болғандықтан  жас  ұрпақтың  жылдам  жаттап  алатын,  мәңгі  есте  сақтайтын 

туындылар.  




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет