Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазақ лексикасы терминденуінің когнитивтік астары



бет234/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   248
1.12. Қазақ лексикасы терминденуінің когнитивтік астары


Мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қазақ тілінің қоғамдық қызметін жан-жақты жетілдіру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осымен байланысты қазақ тілінің қоғамдағы жан-жақты қызметінің қамтамасыз ететін терминдік жүйе қазақ тіліндегі ғылыми-техникалық өріс қана емес, ғылыми әдебиеттердің негізінде қазақша ғылыми сана қалыптастырушы мәдениеттер негізінде ақпараттар алмасуының танымдық-вербалды құрал, қазіргі қазақ БАҚ-медиа жүйесінің өзегін құрайтын коммуникативті-прагматикалық арқау.
Әрине, терминологиялық жүйені қалыптастыру, дамыту ісіне, оларды аудару мен рефераттауға мамандандырылған баспалар, ия арнайы аударма орталықтары, ғылыми-зерттеу институттарының кәсіби мамандары ғана емес, әр саладағы маман дае араласып, ат салысуда.
Міне, тілдің мемлекеттік мәртебесіне сәйкес өзекті қоғамдық қызметінің бірі әртүрлі салада терминдік ұғымдардың қалыптасу барысы мен сонымен сабақтас ғылыми санада ұлттық-әлеуметтік сипаттың көрініс беруі үрдісінің тоғысқан жағдаятының дәлелі.
Сондықтан ол мәселені шешуде, яғни ұлттық терминологиялық жүйені қалыптастыруда тілдік жүйедегі сөзжасам заңдылықтарына сүйенген ғалымдар мен күнделікті қолданыс иелері кәсіби мамандардың үлесі мен орны қандай деген сауалға бірыңғай жауап беру оңай емес. Бірақ осы арада мына жайларды атап көрсеткен жөн.
Біріншіден, табиғатынан интралингвистикалық болып саналатын терминологиялық жүйені де ұлтаралық қатынас түрінің бірі ретінде қарау қажет.
Екіншіден, терминологиялық жүйенің пайда болып, қалыптасуы, қолданыс аясының ерекшелігі оның белгілі бір салаға ғана қатысты болуы мен ғылыми сипатына байланысты екенін үнемі ескерген жөн. Себебі, ғылыми таным қызметі әрқашан да белгілі бір ұғымдар жүйесінде қарастырылып, анықталуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, ғылыми парадигмалар, тақырыптар, зерттеу бағдарламалары мен ұғымдары т.б. негізінде оның өзіндік әлемі ашылады.
Демек, терминдік бірліктербелгілі бір мәнді білдіретін жай ғана таңбалардың жиынтығы емес, мазмұны адамның санасында сақтаулы жатқан, жаңа ұғымның ішкі дүниемен арадағы қатынасын білдіретін шығармашылық ойлау танымының нәтижесін беретін таңба. Олай болса, мұндай таңба тек шарттылықпен ғана сипатталмайды, ол - адам танымы мен тәжірибесі негізінде уәжделетін танымдық атау.
Демек, терминдік атауардың жасалуы мен қалыптасуында да тілдік жүйедегі атауыштық заңдылық пен ортақтық бар екенін мойындауымыз қажет. Себебі, А.А.Потебня атап көрсеткендей, ойды туғызушы және тұтастырушы тетік ретінде тілде о бастан шығармашылық мүмкіндік бар. Және осымен байланысты термин тілден оқшау тұрған құбылыс емес, ол да тіл сияқты халықтың мәдениетімен біртұтас байланыста. Сондықтан ұлттық терминдер де тіл сияқты халықтық рухтың жемісі ретіндегі ұлттық ерекшелікті көрсетеді. Осы заңдылықты ұлттық терминжасам қағидаларына қатысты ескерген жөн. А.Байтұрсынұлы жасаған терминдердің өміршеңдігі мен жасампаздығын, табиғилығы мен танымдылығын да осыдан іздеу керек болар. Мысалы: көсемше, құрмалас, бастауыш, т.б.
Көріп отырғанымыздай, бұл терминдер жаңадан жасалған немесе ойдан шығарылған емес, тілдік жүйедегі қолданысы бар, бірақ ол мағынасы жаңа ұғым атауына ассоциациялық негіз болған, яғни терминделген сөздер. Яғни жай қолданыстағы сөздер таңбаланған ұғымның кез келген тіл иесіне түсінікті сыртқы белгілерін көрсетсе, ол терминделгенде сол ұғымның құрылымдық жүйесінің бір элементін атайды. Сондықтан да Г.О. Винокур ол туралы “терминдер – ерекше сөздер емес, ерекше қызмет атқаратын сөздер” деп анықтайды 66, 5.
Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғанындай, кез келген ғылымның негізіне гносеологиялық талдау жасауда оның тарихи-мәдени және әлеуметтік-мәдени сипатын ескермеу мүмкін емес. Нақты айтқанда, қазір постпозитивистердің өзі ғылымның дамуын тек білімді ғана жинақтайтын таза кумулятивті процесс деп қана қарамай, оны адамзат руханилығының бір түрі деп санайды. Осымен байланысты ұлттық ғылым дамуы мен оны сипаттайтын, дәйектейтін ұғымдық атау-терминдердің дамып қалыптасуын анықтау олардың материалдық және рухани мәдениеттегі әлеуметтік қызметін көрсетіп, заңдылықтары мен үрдісін танудың мәдениетін жаңаша қалыптастыру. Соның негізінде қазақ ғылыми терминдерінің шынайы ұлттық болмысын түсіндіре алуға болады.
Сондықтан да қазіргі кезеңде ғылымның әлеуметтік, адами, гуманистік аспектілеріне ерекше назар аударудың күшейіп, өрістеуінің нәтижесінде олар құрылымдық зерттеуден логика-әдіснамалық қағидаларының қатарына енуде. Мысалы, оның айқын көрінісі – тіл біліміндегі тілді зерттеудің антропоөзектік бағыты, танымдық астар.
Бұл жағдай ұлттық терминдік жүйенің қоғам өміріндегі маңызы бұл саладағы көптеген міндеттерді жаңаша шешуді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің жан-жақты қоғамдық қызметіне жан беретін терминдер табиғатын тіл мен ұлт сабақтастығында тану. Осыған орай термин табиғатын, оның қалыптасуын, дамуын жалпы тілдік жүйе мен сол тілде сөйлеуші ұлт танымына сәйкес түсіндіру көп мәселелердің шешіміне тиімді әсер етпек.
Себебі қазіргі тәуелсіздік кезеңі мен жаһандану дәуірінде қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік және ұлтты бірегейлендіру қызметін күшейтудің мәні ерекше. Соның барысындағы оның негізгі сипаты тілдің рухани-әлеуметтік жаңғыртуларға сай жаңа деңгейге көтеріліп, қалыптасушы ұлттық таным мен ой-өрістің мәнін мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кәсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дәрежесінің көтерілуіне ықпал етеді.
Мәртебесіне сай тіл қолданысының жаңа да кешенді деңгейінің сипаты мен тілдің бойындағы рухани-әлеуметтік әлеуетіне байланысты бұл өзекті мәселе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының терминология саласындағы ғылыми-зерттеушілік назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, терминология мәселесінің функционалдық парадигмасы контексінде терминологиялық жүйе қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісіне ерекше мән беріліп, ол үдеріс оған ықпал етуші ұлттық сананың жаңғыруымен сабақтас танылуда.
Атап айтқанда, қазақ тіліндегі терминжасам үдерісіне қатысты ұлттық терминологиясының табиғи болмысын ашатын когнитивті-семантикалық тәсілдің ерекше мәнін А.Байтұрсынұлы және т.б. орыстарымыздың еңбектерін зерделеу нәтижесінде анықтаған Ө.Айтбаевтың, осымен сабақтас қарастырылған терминдену үдерісі туралы Ш.Құрманбайұлының, жаратылыстану ғылымдарындағы терминдер қалыптасуының танымдық сипаты туралы С.Ақаевтың, аударматану терминдерінің когнитивті сипаты туралы М.Қожаеваның зерттеулерінде когнитивтік бағыттың нышандары мен негіздерінің қазақ терминологиясы ілімінде де бар екенін дәлелдейді.
Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде белгіленген «әрбір тілдің өз байлығын сарқа пайдалану» қағидасының қазіргі таңда терминдену үдерісінде жалпыхалықтық лексикамен тығыз байланыстырылып, төл тілдік балама табу үрдісі қазақ терминологиясын қалыптастырудың жаңаша көзқарасын сипаттап, ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми қағидасы ретінде анықталды. Осыған орай қоғамдық-әлеуметтік қызметінің кеңеюі мен мемлекеттік мүддеге сай ұлттық лексиканың мүмкіндіктерін толығынан іске қосудың негізгі тетігі ретінде терминдену үдерісі ғылыми негіздерінің терең танымдық кешенде зерттелуінің мәні ерекше.
Термин табиғатын сөз табиғатымен бір байланыста қарастыру олардың белгілі бір ғылым саласына тән тар шеңбермен шектелген сипатын жоққа шығарады. Сондықтан да терминді анықтауда қалыптасқан оның бір мағыналылығы, дәлдігі, жүйелілігі, мәнмәтінге тәуелсіздігі және эмоционалды бейтараптығы деген (Лотте, Александровская, Даниленко, Головин, т.б. ғалымдар көрсеткен) сипаттарын термин болмысын толық ашып береді деп айтуға болмайды.
Терминжасамды іске асыру табиғи тіл негізінде семантикалық тетік арқылы болатынын мойындай келе ғалымдар соңғы кезде терминді де «таным құралы» (Ивина), «ғылыми нәтиже жаңалығының вербалдануы» (Татаринов), «тілдік және логикалық субстрат» немесе «концептуалды, функционалды және тұрпаттық құрылым» (Лейчик) деп қарайды.
Көптеген ғалымдар семантикалық тәсілмен жасалған терминдер сәйкес ұғымдардың байланыстарды бұзады» (Д.С.Лотте) деп санайды. Ал, шын мәнінде семантика аясында «метафораланған» көптеген айшықты, дыбысталуы ерекше сөздер мен сөз тіркестері терминжасам өрісінің мүмкіншілігін кеңейтіп, жаңа ұғымдарды бейгені түрде атайды.
Әрине, бұл арада кең тараған семантикалық теткітің терминжасам үрдісіндегі тек бір ғана жолы екені белгілі. Оған көп жағдайда белгілі бір ғылыми таным өрісінің дамып қалыптасу нәтижесіндегі қажеттілік әсер етеді. Басқаша айтқанда, бұрыннан мәннің белгілі мазмұндық құрылымына жаңа ғылыми мән кодталып енеді. Сөйтіп, сайып келгенде, олар сан түрлі саладағы (экономикалық, мәдени, әлеуметтік, т.б. дискурстың) мазмұндық құрылымын кеңейтіп, терминдік жүйе құрайды.
Қазіргі қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық даму жағдайындағы тілдік жағдаят пен ондағы қарым-қатынас иесі тілдік тұлғаның ролі мен қызметіне сәйкес бұл құбылыстың дәстүрлі лингвистикалық түсініктемесі когнитивтік бағыттағы зерттеу нәтижелерімен сабақтастыруды қажет етеді. Экономикалық дискурста терминдік жүйе қалыптастырудағы лексиканың мәнін К.В.Томашевская былай деп анықтайды: «… Структура, отражающая концептуальные конструкции знания мира, операции над которыми совершаются в когнитивной системе человека в процессе восприятия и порождения речи» [67, 8].
Қазақ терминологиялық жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде күрделі сипаттамалы терминдер қатары молая түсуде. Осымен байланысты арнаулы лексикадан құралатын терминологиялық аталым мен жалпы лексикалық аталым үдерістерін саралап, бастапқы уәждемелерін анықтау мәселесінің де қазіргі қоғамдағы ғылыми коммуникациямен үндес зерттелуі де А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қабырғасында жүргізіліп жатқан ізденістердің көкейкесті мәнін көрсетеді (Қ.Айдарбек «Қазақ терминологиялық аталымның ономасиологиялық негіздері» Алматы, 2010).
Қоғам дамуының қазіргі жағдайында ұлттық төл мәдениет – рухани қалыптасудың негізгі көзі екені анықталған жайт. Сол сияқты рухани мәдениеттен таралуға тиіс ғылым тілін «қазақыландыру» бағытының да негізгі бастау көзі осы болмақ керек. Осыған орай қазақ ғылыми тілінің басым пайызын құрайтын халықаралық стандарттағы терминдердің қазақша баламаларын жасауға бетбұрысты, терминдерді «қазақыландыру» үрдісін – «солақай» немесе «пуристік бағыт», «әлемдік өркениеттен алшақтау», «ұлттық жырақтық» деп сипаттау – біржақты түсінік. Қазіргі заманда кез келген өркениетті мемлекетте ұлттық терминологиялық жүйенің қалыптасуы – қоғам мен тіл арасындағы байланыстан, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің тоғысуынан, танымдық негіздерімен сабақтасуына мән беруден туындайтын, ғаламдасуға бір бөлшек боп енетін жаңаша дамудың заңды үрдісі. Нақты айтқанда, ол ғылыми түсініктерді белгілейтін тілдік құралдардың атауларын қалыптастыруда ұлттық ұғымды арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік баламаларын жасаудың, ғылым тілін қазақша «сөйлету» әрекетінің барысындағы үрдістің жаңаша даму деңгейін көрсетеді. Мысалы, қазіргі қазақ тіл біліміндегі тіркесімділік (валентность), уәж (мотив), уәжділік (мотивированность), тілдік тұлға (языковая личность), тілдік жағдаят (языковая ситуация), үстірт құрылым (поверхностная структура) т.б. терминдер – соның нақты айғағы.
Бірақ көп жағдайда терминдердің құрылымдық табиғилығын сақтап, төл тілдік сөздің нақты, жіктелген ішкі мазмұны тірек етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы мазмұны, семантикалық құрылымы, ұғымдық көлемі терминдік дефиницияға толық сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан терминжасамдық үдеріс барысында аталымдар жарыспалылығының, емлелік ала-құлалықтардың, тіл нормасынан ауытқушылықтың, тілді пайдаланушылар тарапынан ұсыныстардың, сыни пікірлердің айтылып жатуы – заңды құбылыс. Мысалы, қазір жарыса қолданылып жүрген отбасы, жанұя, үйелмен сөздерінің «семья» атауына қатысты баламалық қолданысына қатысты пікірлерді қараңыз. Мұның себебін академик Р.Сыздық «термин жасау мәселесінің құрылымдық-тілдік және ұғымдық-семантикалық екі жағы болатындығының ескерілмеуінен» [68] деп санайды. Яғни, ғылыми терминдер заттың атын емес, ұғымның атын білдіреді.
Осы тектес терминдерді қабылдауда әртүрлі «көру бұрышының» пайда болуын да, жоғарыда көрсетілгендей, бүгінгі күні біртекті сөз мағынасы дефинициясының әртүрлі сипатталуымен түсіндіруге болады. Дәл қазіргі қоғамдық-әлеуметтік ахуал мен тілдік жағдаят контексінде терминденген сөзді индивидтің жетістігі ретінде қабылдаудың қажеттілігі психолингвистикалық тұрғыдан адамның тілін сөйлеу тетіктерінің қызметі мен әрекеті тұрғысынан сипаттайды. Басқаша айтқанда, қабылданатың терминді түсіну барысында адам өзінің жадындағы таныс сөздерді іздестіріп, оны жаңа терминмен байланыстыруы үшін қандай тәсілдерге сүйенетінің анықтайды. Себебі адамның күнделікті өмірінің барысында қалыптасқан ой-саналық (ментальді) құрылымы индивидтің жан дүниесінде пайда болған жаңа әлемді (дүниені танудың тілдік әлеміне сай), социумды айқындайды.
Басқаша айтқанда, адамның не білетінін табу және түсіндіру, оның сөз мағынасын білуі кезінде (немесе нені білетінін жорамалдайды), қабылданатын терминді түсіну барысында адам есіндегі (жадындағы) сөздерді әздестіру кезінде қандай тәсілдер мен негізді пайдаланатынына сүйенетіні т.б.
Мұндай тәсілді табу барысында қандай процестер және оның нәтижесі индивидтегі мағынаның қалыптасуы мен қызметіне қалай байланысты екенін талқылауды қажет етеді. Сондықтан да, мағынаны анықтау үшін, яғни вербалды индивидте қолданылатын лексикалық мағына ретінде сипатталатын құралдардың орнын толтыруға көңіл бөлінеді. Мұндай мағынаның орнын толтыру адамның сөйлеу әрекетіндегі жетістігі ретінде қажет. Осымен байланысты когнитивті процестер немесе когнитивтік қайта өңдеу әрекеті тіл шығармашылығында концепт арқылы іске асады.
Ю.С.Степановтың түсіндіруі бойынша, концепт адамның ментальды әлеміне (жан-дүниесінде) анық түсінік ретінде емес, сөзбен қоса түсінікті білімді, ассоцияцияны, әсерленушілікті білдіретін «байлам» ретінде ұсынылады. Концепт – базалық когнитивтік маңыздылық ретінде пайдаланылатын сөздермен байланыстырушы концептуализация процесінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі.
Адамның күнделікті өмірінің барысында қалыптасқан ментальді қүрылымы индивидтің жан-дүниесінде пайда болған өлемді, соцумды және оның өзін айқындайды; олар білімге қол жеткізу мүмкіндіктерін ғана емес, оларды алу тәсілдерін камтитын абстрактілі талдау үлгісі ретінде түсіндіріледі.
Шындықтың бейнелену нәтижесі іспетті терминдердің қалыптасуы олардың көбірек немесе азырақ нақты үйымдастырылған топтарына, категорияларына бөлу арқылы төртіптеледі, ал қабылданатын мәнді әдепкі топтарға жатқызу процесі арқылы үғынуда осы жаңа мәнде жазылатын мүшелердің сипаттамасы үғымдық әр түрлі деңгейінде білімнің қорытындысы ретінде ескеріледі, бүл процесс когнитивтік лингвистикадаі категоризация деп аталады. Концептуализация нәтижелері (категоризациялау) жадта (есте) вербалды қүралдармен үйлестіру арқылы бекітіледі, яғни лексикализациялау орын алады.
Сөзді осы арада термин ретінде пайдалану үшін оныц есте өзектелу қажеттілігі туындайды, нәтижесінде осы сөзбен байланысты тілдік (аялық білім) жөне энциклопедиялық білімге қол жеткіземіз.
Психолингивстикалық түрғыдан жоғарыда айтылған процестердіц кез- келгені тілдік/сөйлеу механизмдерініц ерекше қызметі түрғысынан қарастырылуы тиіс. Олай болса, сөз мағынасыныц өзектелуі мағына аспектісінің дәл осы уақытына ең өзекті түсыныц санада бейнелену мүмкіндігін көрсетеді. Осы кезде қалғандарының бәрі сол немесе басқа жағдайда оны жете түсінусіз-ак ескеріледі немесе еленбейді. Демек, категоризация бір-бірімен байланысты екі бағыттыц өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады (тілдік білім және энциклопедиялық білім) және мәдени ерекшеліктер мен тіл ерекшелігіне байланысты ец типтік әрекеттерге, белгілерге т.б. сүйенеді. Соцғы он жылдықтарда ғана тілді тасымалдаушы, әрі оны пайдаланушы индивидке назар аудару арқылы мағынаны сипаттаудың танымдық бастамасына жол ашылды.
Олай болса, сөз мағынасындағы шындықтың өлшемдері «сырттай» ережеленбеуі тиіс, ал керісінше, тәжірибемен алынған мәліметтерді өңдеу тәсілдерін зерттеудің сапалы мақсаттарына сәйкес қолдану арқылы белгіш бір тіл мең мөдениетті тасушыдан тарату қажет.
Психолингвистикалық әдісті білімге қол жеткізу мүмкіндіктері деп қана емес, білім алу, түсіндіру тәсілдерін де қамтитын талдау үлгісі ретінде бағалауға болады. Мұндай тәсілді қолдану барысында тіл мен оны тұтынушы қатынасына сай туындайтын тілдік процестер және оның нәтижесіндегі индивидтің тілдік санасында «қандай жаңа мағына қалыптасады?, оның сөйлеу қызметіне байланысы қандай?» деген мәселелерге мән беріледі. Сондықтан да сол мағынаны анықтайтын, яғни индивид енді қолданатын лексикалық мағынаны тілдік бейнелеу таза ассоциативті-вербалды тілдік құралдардың орнын толтыруға көңіл бөлінеді. Мұндай мағынаның орнын толтыру адамның сөйлеу әрекетінің, коммуникативтік қызметінің жетістігі ретінде қажет. Осымен байланысты тілдің ішкі құрылымындағы когнитивтік (танымдық) процестер немесе тілдік санадағы қайта өңдеу әрекеті (терминдену) арқылы тіл шығармашылығында жаңа мағынаны қалыптастыру іске асады, ұлттық санадағы танымдық сабақтастықтың желісі үзілмейді. Мысалы, тұсаукесер, құрықтау, билік,серке (лидер) т.б.
Адамның жан дүниесінің мазмұны вербалды сипатта жинақталған білім, ассоциация, түрлі әсерлер т.б. қорынан құралып, тіл тұтынушы танымындағы жалғастырушы, тұтастырушы арқау ретінде оның тілдік санасында бейнеленеді.
Олардың қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тіл мен оның коммуникативтік қызметіне сәйкес нақты дәйектік мысалдарын, іске асуын көріп те жатырмыз. Мысалы, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі өзектеліп, жаңаша танылған атаудың бірі – тұсаукесер термині. Орысша оның аудармасы – презентация. Оның этимологиясын айқындайтын «презент» компоненті «представление» деген, яғни «таныстыру» деген мағына беретіні белгілі. Ал қазақша баламасы (тұсау кесер) біздіңше, ұлттық болмысты терминологиялық жүйе қалыптастыруда жарқын мысал бола алады. Атап айтқанда, тұсаукесер тек жай таныстыру емес, сол ашылған мекеменің, ғимараттың, істің, т.б. «жолы болсын», «сәтті болсын!» т.с.с ұлттық танымға байланысты қалыптасқан дәстүр атауы.
Ал, көсем сөзінің бұрынан түсініктілігі – «алда жүруші», «бастаушы» деген ассоциация етістік тұлғасын атайтын лингвистикалық көсемше терминінің қалыптасуына негіз болады.
Күнделікті өмірде көріп отырғанымыздай, тілдік тәжірибеде көбінесе төл тілдік сөздің ішкі мазмұнын тірек ету үшін интернационалдық терминдердің сыртқы құрылымы, дефинициясы қазақшаланады да, терминнің семантикасына балама іздестіріледі. Мысалы, жоғарыда көрсетілген қазіргі қолданыстағы презентация терминінің қазақ тіліндегі баламасы – тұсаукесер. Бұл – ұлттық терминология қорын тарихи және лингвомәдени аспектідегі терминдену үдерісі арқылы іске асыру жолының нақты үлгісі.
Бұл мәселеге ғылыми қисын, ұлттық мүдде тұрғысынан қарар болсақ, ең маңыздысы терминді қазақшалау-қазақшаламауда да емес. Сайып келгенде, терминнің шартты белгілерден айырмасы – оның ұлттық танымға жақындығы, уәжділігі мен түсініктілігі, қызмет ету әлеуеті т.б. Соның нәтижесінде жасалған терминжасам жүйесінің негізінде тілдің жүйесі бұзылмай, жаңа мазмұнда, бірақ тілдің табиғи болмысына сай дамуына жағдай қалыптасады.
Кезінде А.Байтұрсынұлы шығармашылығындағы термин жасау ұстанымының да негізгі арқауы – осы. Себебі ұлттық термин қалыптастырудағы ең негізгі талап – ұлттық, қоғамдық, кәсіби-әлеуметтік мүдде тұрғысынан қойылар талаптарға сай болу. Олай болса, қоғамдағы ғылыми қатынас құралы ретінде жаңа, күрделі ойды жеткізетін терминдерде де сөздердегі секілді халықтың ақыл-ойын, адамдық рухын, ғылыми көкжиегін, білім аясын жаңа сапада өсіру мұраты әрдайым ескерілуі тиіс. Ол үшін термин маманға ғана таныс жасанды таңбалардан ғана жасалмай, терминжасамда халықтың тарихи-мәдени кодтық жадын жаңғырту да ескерілгені жөн. Осымен байланысты оны тіл табиғатын анықтаудың негізі ретіндегі тілді тұтынушы танымымен тығыз байланысты когнитивтік лингвистика негізінде және прагматикалық, лингвомәдени танымдық тұрғысынан дәлелдеудің мәні ерекше.
Себебі әлемдік мәдениеттер арасында ұлттың өзіндік табиғаты мен бет-болмысы алдымен тіл арқылы, оның тілдік санасы арқылы танылады. Тіл ойлау мен мінез-құлық нормаларын орнатып, логикалық категориялар мен тұтас концепциялардың қалыптасуына басшылық ету негізінде адамның жеке және қоғамдық өмірінің барлық салаларына еніп, оның мәдениет формаларын айқындайды. Тілдің жүйелі құрылымына негізделген ішкі бай мүмкіндіктері адамдардың мінез-құлқының психологиялық детерминанты, әлеуметтік-мәдени өзгерістерді инварианты ретінде оның ғаламның бейнесінде қалыптасқан ұлттық ойлау үрдістері мен сан салалы қоғамдық қатынастарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Осыған қатысты жаңа ғылыми бағыттың бір саласы психолингвистика тұрғысынан саралап қарасақ, осы қисынға сәйкес ұлттық тіл мүддесі мен таным тұрғысынан, ана тілінің табиғатына сай терминжасам А.Байтұрсынұлы бастаған зиялылардың қазақ тілінде термин түзу ұмтылыстарынан басталғанын байқаймыз. Біраз жылдар бойы сол үрдіс үзіліп қалса, қазіргі қоғамдық сана деңгейі мен қоғамдағы тіл мәртебесіне сәйкес ол қайта жаңғыруда. Сонымен сабақтас жүргізіліп жатқан зерттеулер өзінің жаңа сипатымен, атап айтқанда, антрополингвистикалық уәжімен, қоғамдық-әлеуметтік мүдде ескерілетін кешенді жүйесімен ерекшеленіп, когнитивтік терминология үрдісінің өріс алуы қазақ тіл білімі саласында да байқалады
Демек, когнитивтік көзқарас жаңа сөз жасау, қолдану мәселелерін басқа қырынан «көріп», сөздің қолданыстық әлеуетін жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Шындығында, ұғымның басты белгілерін анықтауда адам ойының, таным деңгейінің рөлі ерекше екенін қазіргі когнитивтік лингвистика дәлелдеп отыр. Бұл арада атаудың прагматикалық мақсаты ғана негізге алынуы жеткіліксіз. Мысалы, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш т.б. Қоршаған орта құбылыстары көрінісінің бір бөлшегінің адам ойы мен таным жүйесінде зерделенуі ой мен тілдің анықтауыштық, тұтастырушылық қызметін іске асырады.
Когнитология теориясы бойынша атау жасауда қабылдау, еске түсіріп, қайта қолдану адамның жалпы және әрбір сәттегі ойлау, сезіну күйімен, ауқымымен байланыстылығын негіздейді. Осымен байланысты когнитология жеке адамның және жалпы ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тәуелді болса, ұлттық ойлау ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. Мысалы, А.Байтұрсынұлы қалыптастырған жүздеген терминдер белгілі. Ал солардың қалың көпшілікке етене жақын болып кетуі мен табиғилығының феноменін, біздіңше, осы танымдық негізде қалыптасқан тілі арқылы түсіндіруге болады. Олай болса, қазіргі қазақ тіл білімінде де қалыптасып, қанат жайып келе жатқан «тіл мен ұлт біртұтас» деген қисынға сәйкес тіл табиғатын зерттеуді сол тілде сөйлеушінің танымынан тыс қарамайтын үрдіс теориялық-әдістемелік негіз ретінде терминжасам теориясында да қолдануды қажет етеді. Соның негізінде анықталатын терминжасамның тілдік тетіктері осы саладағы субъективті факторды (яғни, «меніңше, мынау дұрыс» деген сияқты) жоққа шығарып, оған объективті сипат бермек. Сондықтан белгілі бір терминнің тіл жүйесінің қазіргі деңгейіне сай келуі/ келмеуі оның терминология жүйесінің қисындық тұтастығымен сабақтасуында[69].
Сондықтан жоғарыда көрсетілген терминжасам мен терминдену үдерісі мәселесімен сабақтас мәселелердің бірі – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану өзекті қоғамдық-әлеуметтік мүддеге айналып отырған бүгінгі таңда тілді тұтынушы талаптарын қанағаттандыратын нақты салаларға, атап айтқанда, мемлекеттік тілдің мамандыққа сәйкес меңгерілуі мен кәсіби тілдік тұлға мәселесі [70].
Әртүрлі нақты салаларда қазақ тілін қолдану оны қажетті деңгейде кәсіптік бағдарлы біліммен ұштастыруға бағытталған коммуникативті-функционалдық қағида ұғымдарын тірек қылатыны белгілі. Мысалы, мұнай-газ мамандығы саласында қазақ тілін қолдану арқылы арнаулы сала тілін қалыптастыру жұмыстарының нәтижесі кәсіби-әлеуметтік қолданысқа сай аса тиімді болып отыр. Себебі болашақ мамандар еңбек етуге тиіс мұнай-газ саласында қазақ тілін тұтыну – қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының тек экономикалық мәнін ғана емес, сонымен бірге, саяси, мәдени-әлеуметтік мәртебесін көтеретін кешенді де, күрделі мәселе.
Сондықтан салалық терминология негізінде мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген, оны кәсіби ортасына байланысты жақсы игерген ұлттық мамандардың тілдік тұлғасын қалыптастыру өзінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына сай тілді дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен сабақтасады. Тәуелсіз ҚР-ғы индустрияландыру бағытына сәйкес Қазақстан өнеркәсібінің болашағы – білікті кәсіби жас мамандардың қолында. Сондықтан оларға мемлекеттік тілді мамандыққа сәйкес меңгерту – бүгінгі өмір талабы. Осымен байланысты зерттеулерде қазақ тіліндегі кәсіби лексиканы қалыптастыруды іске асырудың ұтымды жолдары анықталғанын мынадай нәтижелерінен көруге болады:
1. Кәсіби лексиканың мамандыққа қатысты атқаратын қызметіне сай үш түрін көрсету (кәсіби-бағдарлық, кәсіби-тақырыптық, кәсіби-шығармашылық). Оның негізіне мамандыққа байланысты күнделікті өндірістік іс-әрекетте қолданылатын, тұтынылатын тілдік қолданыстар, сәйкес мәтіндерден, оқулықтардан, салалық сөздіктерден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады.
2. Тілді зерттеу барысы да, тілді оқытып, үйрету барысында да бұрын тілдік жүйенің жазбаша формасы негізінде жүргізілсе, соңғы кезде прагмалинвгистика, когнитивтік және коммуникативтік линвгистика бағытына сәйкес тілдің сөйлеу кезіндегі тілдік көрінісіне, яғни нақты сөйлеу әрекетіне, яғни ауызша мәтінге ерекше мән беру.
Осыған орай қазақ тілін мамандыққа сәйкес ұлттық терминология негізінде меңгертудің тәрбиелік мәніне, атап айтқанда, оларды арқау етіп құрылған мәтіндердің психологиялық, ұлттық танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Оны дұрыс та, дәл таңдалған тиісті газет мәтіндерінің тілді меңгерту үшін қолданылуынан көруге болады. Осыған орай, жүргізілетін талдау жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі танымдық уәжбен сабақтастырылып тұжырымдалады. Сайып келгенде, осы тектес зерттеулер нәтижесі болашақ маман иесінің ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастырып, олардың ана тіліне, ұлт мәдениетіне, кәсіби мамандығына деген құлшынысын арттыруға қызмет етуге тиіс.
Демек, мағыналық дамудың нәтижесінде терминденген сөздердің табиғатын талқылау және оны қабылдау танымға қатысты кейбір маңызды мәселелерге тоқталуды қажет етеді. Нақты айтқанда, тілдік атау не термин қалыптастыру үдерісінде психолингвистикалық, прагматикалық, философиялық, әлеуметтік, логикалық қырларының бір сабақтастықта өрілуінің маңыздылығы ерекше.
Осы тектес зерттеулерден байқалатынындай, терминдік болмысқа сай танымдық сипатта қалыптасқан ұғымның тілдік санада қабылдануы мен құрылуы, категориялануы сияқты жағдайлар оларды еогнитивтік астарда ортақтастырады.
Олай болса, адамның білімі мен әр саладағы іс-әрекет, қызметіне сәйкес қалыптасатын терминдік жүйенің жасалуын анықтап, болашақ дамыту бағдарын белгілеуде когнитивтік лингвистиканың әдіс-тәсілдері де тиімді болмақ.
Қорыта айтқанда, қоғам жан-жақты және жаңа сапада дамыған сайын онымен сабақтас тілдің де сол дәрежеде дамуы – мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес тілдің қоғамдағы толыққанды қызметінің кепілі. Олай болса, ұлттың этномәдени болмысын сақтаған мемлекеттік тілдің, осы бағыттағы терминдік жүйесінің даму деңгейі бұзылмауы тиіс. Бұл – қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың қазақ тілінің мәні мен қызметін анықтаған ғылыми тұжырымдарынан бастау алған зерделі ой.
Адам баласы дүниеге келген күнннен бастап ана сүтімен бірге өз ұлтының мәдениетін, салт-дэстүрін, эдет-ғүрпын да бойы мен ойына тіл арқылы сіңіріп, өмір тәжірибесінде одан әрі қалыптастырады. Ал, әрбір үлт мәдениетінің айқын белгі- нышандары мен нэзік қырлары оның тілінде көрініс табады. Әрбір тіл - өзіне тән белгілері, қасиеттері бар ғажайып қүбылыс. Соның негізінде олардың әрқайсысында элем мен адам бейнесі әртүрлі көрінеді.
Сондықтан, қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде басымдылыкқа ие бола бастаған антропоцентристік бағыт негізінде адам қызметінің сан қатпарльі сырлары мен оның тұлғалық және әлеуметтік қырларының үлттық болмыспен сәйкестігін анықтауға деген қызуғышылык артуда. Соған орай соңғы уақытта адамзат баласының санасы мен ой-өрісін, дүниетанымын, ақиқат шындықты қабылдау мен үғынудың үлттық ерекшеліктерін, аталған процесс нэтижелерінің сол үлт түтынатын тілде белгіленуін кеңірек қарастыруға жол ашылуда.
Олар тілді түтынушы халықтың ұлттық мэдени күндылықтарын сипаттайтын тілдік таңбасы арқылы ұлттың түтас әлемдегі өз орнын табуға, тұрмыс-тіршілігіндегі алаун түрлі әрекеті мен қарым-қатынасын іске асыруға мүмкіндік береді.
Тіл - әр халықтың, әр ұлттың ата-бабаларынан кейінгі ұрпақтарына жалғасатын, оңайлықпен өзгермейтін белгілері. Тіл тарихы үлт тарихынан да ұзақ. Қай халық бол- масын, оның толыққанды ұлт болып қалыптасуында ең негізгі роль атқаратын - тіл. Ұлтты ұлт етіп ұйытып отырған, ұлттык медениетімізді қалыптастырып, оны жарыққа шығарып, оны өз бойына сақтап, бүгінге дейін жеткізген де - тіл. Демек, қазақ тілі қазақ халқы үшін жай ғана қарым-қатынас қүралы емес, үлттық болмысымызды сақтап, мәдениетімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, бір-бірімізбен тұтастырып туратын ең өзекті арқау.
Осымен байланысты бабаларымыздың өткен тарихтағы асыл мүраларын таныг білу іс-шараларында ескі қазақ тілінің жазба үлгілеріндегі материалдардың қолдағь: барын игерудің, жоғын іздестіріп, ғылыми айналысқа тарту ісінің маңызы өте зор.
Қазіргі таңдағы үлтты таныту мен тану үрдісі үлттық ойлау жүйесіне тэн ерекшелік тер мен заңдылықтардың тілдік деректерінің жан-жақты, айшықты да қүнарлы көз
қазақ мәдениетінде кеңінен танылған тілдік түлғалардың қаламынан туған көрке» мәтіндер - тарихи шындыкка негізделген көркем туындылар тілі. Бүп рухани қазынад тілдің дүниетанымдық қызметі мен ұлттық мүдде көрінісі сабақтасады.
Ақиқат дүниенің үлт санасында тілдік бейне ретінде объективтендіріліп, вер балдануы ономастикалық жүйе кеңістігінде де айқын көрінеді. Атап айтқандг қазақ қоғамындағы ұлттың үжымдық тэжірибесі, танымы, қоғамдағы әлеуметті факторлардың ықпалын, т.б. сипаттайтын рухани жэне материалдық мәдениет тщд эсіресе, топонимиялық жүйеде таңбаланып, өз ізін калдырады.
Олай болса, қазақ тілінің қазіргі өркениетіміз бен төл мәдениетіміздің және ұлтымыздың қалыптасуында негізгі ұүйыстырушы, болғандығын қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына, кешенді сипатына сай ғыдыми негізде дәлелде, - А.Байтұрсынұлы атындагы Тіл білімі институтының тэуелсіздік кезеніндегі іргелі зерттеулері дәлелдейді.
Осы тектес қағидаға сай қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығындағы зерттеулер мәдениеттің өзін метатіл деп анықтап, оның қатысымдық, кумулятивтік, әлеуметтік қызметтерін талдауға қазақ тіл білімінде ерекше назар аударылуда. Осы тұрғыдан қарағанда, мәдениет метатілінің этномэдени негізде сипаттайтын өзекті арналар - тілдік деректерді этнолингвистикалық, лингвомәдени, элеуметтанымдық жүйеде зерттеу.
Бұл - өз кезегінде сол үлт тарихымен бірге қалыптасып, дамып, жетілТп Ътыратын, ұлтпен бірге келе жатқан оның тұтас болмысы мен үлттық сипатының айғағын тіл арқылы дәйектеу.
Біздің ойымызша, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қордаланып, шешілмей жатқан түйткілдерінің бір себебі - социумның, мейлі ол мемлекеттікжүйе қызметіндегі ресми тұлға бола ма, басқа ма, біразы қоғамдағы, иэ адам санасының қалыптасуындағы тілдің мэнін дүрыс түсінбеуі. Яғни тілді тек қарым-қатынас қүралы деп (онда да қарым-қатынасты терең таным аспектісінде емес, тар, тіпті түрмыстық, қарапайым түсіністік құралы ретінде ғана деп түсінеді.
Олай болса, тілдің осындай терең танымдық мэнін қоғамдағы нигилистер мен уіэңгүрттерге ғана емес, жалпы қоғамға қалай дәлелдейміз? Осыған байланысты тілші-ғалымдар не ұсынады? Әрине, оны дэлелдеу жалаң үрандық сипатта емес, шын уіэніндегі нақты этномэдени деректер арқылы дэйектелген тарихи-тілдік деректерді іерттеу арқылы іске аспақ.
Олар - үлттық болмыс-бітімін, дүниеге көзқарасын, рухани-мэдени қүндылықтарын, шеуметтік мэнін үлттық таным қорында жинақталған тілдік таңбалар. Себебі, қазак ріты да басқа үлттар еекілді ғасырлар бойы жинақталған ой-тәжірибесін, даналығын, дүниетанымдық көзқарастарын, салт-дэстүрін т.б. тілінде көрсете білген. Олар халық >мірінің, түрмысының, мәдениетінің ортақ сипаты ретінде тұтас қүрылымдық жүйе үрайды. Ал адамзат үшін ақиқат дүние біреу болғанымен, оны түсіну, тану, сол (үниенің біртүтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр үлтта әртүрлі [еңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан, тіл иесінің ой-өрісіне, түтас концептуалды) элеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше өрініс табады. Сөйтіп, тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сакталған дүние бейнесіне әйкес танытуға тырысады.
Демек, тілді жаңа ғасырлар баспалдағында жаңа теориялық-танымдық үрдісте гртгеудің қажеттігі туындап отыр. Осымен байланысты қазақ тіл білімінде адам анасында қалыптасатын акикат дүниенің бейнесі арқылы сақталатын тілдік қорды грттеуге мүмкіншілік жасайтын қазіргі тіл білімінің танымдық, антропоөзектік ағыты қалыптасуда. Себебі, әрбір элеуметтік жүйеде, үлттық үжымда, әрбір қоғамның ркениеттік даму барысында дүние бейнесі тілде өзіндік ерекшеліктерімен ажыраты- ып отырады. Олардың негізі тілдік санада концептуалдық жүйе арқылы құрылады және сезімдік қабылдаулар нәтижесінде жеке адамның танып-түсінген деңгейі мен дәрежесі бара-бара ұлттық сипатта тұтасады.
Осыған орай, қазіргі тәуелсіздік кезеңі мен жаһандану дәуіріндегі қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік деңгейі мен ұлтты бірегейлендіру деңгейін айқындау, түсіндірудегі өзекті мәселе – қазіргі қоғамдағы ұлттық таным мен ой-өрісті мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кәсіби тілдік тұлғаның қызмет ету дәрежесін көтеру және бағдарлау.
Біраз жылдар бойы сол үрдіс үзіліп қалса, қазіргі қоғамдық сана деңгейі мен қоғамдағы тіл мәртебесіне сәйкес ол қайта жаңғыруда. Сонымен сабақтас жүргізіліп жатқан зерттеулер өзінің жаңа сипатымен, атап айтқанда, антрополингвистикалық уәжімен, қоғамдық-әлеуметтік мүдде ескерілетін кешенді жүйесімен ерекшеленеді.
Терминжасамның когнитивтік негізі, біріншіден, фондық мәліметтерге, яғни тіл туралы білім аясына тәуелділігі түрінде көрінеді. Себебі тіл – адамның сөйлеу, оны қабылдау әрекеті кезіндегі когнитивтік жүйесінің көрінісі. Адамның өзі қолданбайтын, бұрын естімеген сөздерді түсініп, не шамалай біліп жататаныдығы да тілдік санаға әсер ету, оны қалыптастыру жайының сырт көзге байқалмағанымен, терең танымдық деңгейлерде жаңғыруынан. Әсіресе жаңа сөзжасам, сөз тудыру үдерісінде тіл мен адам ойының, бұған дейінгі білімнің арасындағы байланысы айқынырақ көрінеді. Сондықтан, жаңа сөз бұрынғы сөздермен жүйелесе жасалса, адам санасына айрықша әсер етіп, дұрыс қабылдана алады. Біздің санамыз жаңа затты қабылдау кезінде оның мән-мағынасын анықтайды да, оны сана құрылымындағы өзіне ұқсас әсерлер қатарына орналастырады. Осы себепті атау жасау ісі ассоциативті-когнитивтік құрылымда, психолнигвистикалық тұрғыдан тиімді танылады. Бұл арада танымдық көрсеткіштердің ұлттық сипаттарының да (шешендік, бейнелілік т.б.) мәні ерекше.
Осымен байланысты бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. Мысла, А.Байтұрсынұлының қазақ тіл білімінде қалыптастырған көсемше терминін алайық. Көсем сөзінің қазақ танымындағы мәні белгілі. Соған орай осы терминнің лингвистикалық, грамматикалық қызметіне мәндік сабақтастығы дәл келгені дау тудырмайды.
Сондықтан, ті этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті. Осымен байланысты қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, жоғарыда атап көрсеткендей, әр тіл өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымы сәйкес, ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі-құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр.
Осымен байланысты Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов т.б. еңбектері мен Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, А.Сейдімбек, Е.Жұбанов т.б. ғалымдардың зерттеулеріндегі сабақтастық қазіргі қазақ тіл біліміндегі жалғастық – ұлттық болмыстың уәждік негізінің уақыт пен кеңістік контексіндегі этнотанымдық табиғатын да ашатын дүниелер.
Қазақ сөздеріндегі (соның ішінде мәдени лексиканың) қыпшақтық және ежелгі элементтерді зерттеудің қазақ тілінің тарихи лексикологиясын зерттеушілер үшін қажеттілігі дау тудырмайды. Оны қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуындағы аса құнды материал және көздерінің бірі ретінде қарап, қазақ тіл білімінің ғалымдары бұл бағытта елеулі істер атқаруда.
Соңғы кезде қазақ тіл білімінде осы салада жүргізіліп жатқан зерттеу жұмытарының мақсатын ұлттық (этностық) болмысты таныту деп белгілеп, зерттеу нәтижелері ұлтқа ортақ этнотаңбаларды анықтайды. Себебі, таным процесі жалпыадамзаттық сипатта болғанымен, этностың концептуалды әлеміне, тіл иесінің ой-өрісіне байланысты шындық болмыс (ол әр басқа тілдерде сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ) әр басқа бейнеленеді. Осыған байланысты ұлттың болмысын тануда этнолексиканың этномәдени және танымдық мазмұнын ашудың ғылыми маңызы зор.
Ұлт болмысның тіл арқылы дәйектелген таңбалық жүйесін белгілі бір мағыналық-тақырыптық, әлеуметтік-функционалдық сипатына қарай жіктеп айқындап, ал зерттеу нәтижесінде жинақтап, жалпы ұлттық болмысты тіл арқылы тануға болатынын қазақ тіліндегі (Р.Шойбековтің, С.Қасимановтың т.б. еңбектері) қолөнер лексикасы, оның құрамына енетін атаулар мен фразеологизмдер, этнографизмдер дәлелденді. Олар – қоршаған ортаны игеру, ақиқат болмысты тану барысында жинақталған тәжірибенің, кең мағынасында алғанда, ғаламның тілдік фрагменттері, үзіктері деп бағаланады.
Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде М.Әуезовтің шығармаларының материалы негізінде қазақтың жасаған этномәдени лексикасын материалдық мәдениетке, рухани мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және отбасылық қатынастарға қатысты тарихи-лингвистикалық Е.Жанпейісовтің еңбектерінің кең ауқымды салыстырмалы, этимологиялық талдаулар орны ерекше.
Осы үрдіске сай мал шаруашылығына қатысты лексика мен зоолексика негіз болған мақал-мәтелдер, жұмбақтар, фразеологиялық тіркестер т.б. қазақ этносының көп ғасырлар бойғы таным-тәжірибесінің нәтижесі ретінде анықталып, ұлт болмысы мен сабақтастығы негізінде қарастырылады (Ә.Қайдар, С.Сәтенова, Ж.Байтелиева т.б. зерттеулерінде).
«Тіл мен мәдениет» сабақтастығына сай ассоциативті-бейнелі танымның арқасында ұлт өкілінің белгілі бір болмыстық сипаты (мінезі, түрі т.б.) сол ұлт мәдениетіне, тұрмыс, кәсібіне сәйкес қалыптасқан мал шаруашылығына қатысты белгілермен тілде белгіленгенін тілдік деректер дәйектеп отыр: жылқы мінез, қой аузынан шөп алмас, жон терісін сыдыру, ақ қаптал, құтпан айғырдай,қарақшылы түйедей, ат жақты, бүйрек бет, бота көз, бие сауым, құрық бойы, тай қазан, ат басындай алтын, қамшының сабындай қысқа өмір, ақ түйенің қарны жарылды т.б.
Сол сияқты тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мәдениеті, тұрмысының айнасы іспетті қабатының тілде сақталған таңбалық жүйесін қолөнер бұйымдары мен киім атаулары, зергерлік лексика, тамақ пен тағам атаулары құрайтыны да қазақ этнолингвистикасында жан-жақты айқындалуда. Олар ұлт болмысын сипаттайтын тарихи-мәдени тұрғыдағы ақпарат қана емес, тілдің шығармашылық қасиеті негізінде қалыптасқан «тірі» қазына. Себебі, тілдің мұрагерлік қызметі негізінде бүгінгі ұрпаққа да жеткен оның танымдық-ақпараттық қызметі бүгінгі күннің рухани-әлеуметтік талабымен жалғасып жатыр.
Мысалы, ұлттың ерекшелігі ұзағырақ сақталатын тамақ атаулары жүйесін құраушы тамақ атауларын ұлттың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен контексте қарастыру арқылы этнолингвистикалық астар анықталады. Мысалы, дайындау, сақтау технологиясына сәйкес сүр ет, қақтаған ет, ыстаған ет, іркіт, құрт, бауырсақ т.б., ал қонақасыға берілетін: қазы, қарта, жал-жая, қуырдақ т.б.; қонаққа ұсынылатын мүшелер: бас, жамбас, омыртқа т.б. көлемі мен түріне қарай: би қазы, дөңбек қазі, нере қазы; сықпа құрт, ақірімшік т.б. Қымыздың өзі дайындалу әдісі, құрамы, ашыту уақыты, дәмі т.б. сапалық қасиеттеріне қарай: саумал, сары қымыз, бесті қымыз т.б. жіктеледі. Піскен еттің ішіндегі мүшелерді үлестірудегі салт-дәстүрлердің сақталуы: басты кімге беру керек немесе төсті, желкені т.б. Немесе ас қайыру, жарысқазан, құйрық-бауыр асату, наурыз көже, жеті күлше нан т.б. – бәрінің өзіндік мәні бар рухани мәдениетпен астасқан көріністер.
Ұлттың рухани мәдениеті мен сабақтас құнды мәліметтердің космоним (аспан әлемі) атаулары туралы этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы астрономия пәні негізіндегі ғылыми түсініктемелерін толықтырады. Фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар халықтың күнделікті тұрмысында немесе мифтік негізе қалыптамқан: жаңа ай, толған ай, ескі ай, жұлдызы жоғары, жұлдызы жану, жұлдызы оңынан туды, ұлыстың ұлы күні (наурыз), күн тоқырау; Босаға батса, таң атады; Үркердің алды тоқ, арты жіңішке; Сүмбіле туса, су суыр; Таразы туса, таң суыр т.с.с. Ұзақ аспан денелерін бақылауы нәтижесінде немесе мифтік негізде қалыптасқан: Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат, Күзетші, Сұлусары, Сүмбіле, Жетіқарақшы, Есекқырған, Құс жолы, Құйрықты жұлдыз, Қызыл жұлдыз т.б.
Ұлт болмысының тарихи-мәдени сипатының айшықты тілдік бейнесі – ономастика. Соның ішінде ұлттың ұжымда қалыптасқан әртүрлі тілдік жағдаятқа қатысты коммуникативтік қызметінің ұлттық сипаты мәдени-антропонимдер: Мәке, Телаға, Ғалеке т.с.с.; еркелетуге байланысты: Сәулеш, Күләтай, Төлеш, мұқаш, Баянжан т.б.
Ата кәсібі мал шаруашылығымен байланысты болған дәстүрлі мәдениетімізде, мысалы, төрт түліктің жас мөлшеріне қатысты атаулардың қалыптасуына себеп болған уәждерінің этнолингвистикалық сипаты айқындалады: құлыншақ, құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, байтал, айғыр, бесті бие, азбан айғыр, ат, қысырақ, сақа бие, қасабалы бие т.б. Немесе бота, көшек, тайлақ, торым, кенже нар тайлақ, нар тайлақ, жайлақша, құнанша, дөненше, тығыршын, буыршын, бүлдіршін, бура, атанша, атан т.б. Сиыр төлінің жас мөлшеріне қарай атаулар: бұзау, торпақ, баспақ, тана, тайынша, құнажын, дөнежін, сиыр, ту сиыр, тұмса сиыр, тұмса сиыр, азбан бұқа т.б. қой малының жас мөлшері былайша сипатталады: қошақан, сырбаз, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек т.б. Ешкіге қатысты жас мөлшер былайша сипатталады: лақ, шыбыш, туша, теке, серке т.б.
Көптеген ғалымдар рухани мәдениет пен халықтық метрологияға қатысты түрлі өлшем атауларының кешенді зерттеулерінде рухани мәдениетпен тығыз байланысты екенін дәлелдеп тілдік дәйектерін ұсынып отыр.
Себебі әрбір қауым, тайпа мүшелері өздерінің тіршілік ортасын, айналасын сандық сәне кеңістік, сондай-ақ көлем, уақыт сияқты, салмақ тәрізді сапалық қасиеттер ұрғысынан сипаттауға ертеден-ақ ден қойған. Оны бүгінде тілде сақталған түрлі тарихи-этномәдени деректерден көруге болады, Мысалы, осы айтылғандарды Мағжан щрасындағы мына дерек дәйектейді: «Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні шбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бір-бірімен көрісіп: Жасың құтты болсын! - дейді. - Ауыз ақтан айырылмасын, қызылды уақытымен [қыста] көрсетсін, жас құтты болсын! - деп бата жасап тарқасады».
Жас лексемасын бұл жерде Мағжан да наурыз айындағы алғашқы «көк» («зелень») мағынасында қолданып отырған сияқты. Жылды бұлай қырда айналаға алғаш қаптап іығатын көкпен, наурызбен байланысты санау дағдысы ертеде қазақ тұрмысында да олғанға ұқсайды. Оны мына тарихи жырлар деректерінен де көруге болады: “Көзім ;асын көрсейніі, Үш наурызды берсейші. Үш наурызды бергенім, үш жыл өтіп кеткен оң Уағдаға келгенім, Екі-үш наурыз өткенде Сайын кетер жорыққа” (Ер Сайын).
Жоғарыдағы жас формасын Мағжан да кезінде осы «год», «зелень», «влага» іағынасында қолданғанға ұқсайды. Бүл айтылғандардан сондай-ақ тіліміздегі атал- іыні жас пен жыл сөздері арасында ертеде өзара семантикалық сәйкестік болғаны айқалады. Оны, мысалы, мына бір эпикалық жыр жолдарынан да көруге болатын ияқты: “Жиырма жылға келген соң келініңізді алыңыз” (Алпамыс). Жырау мұнда жиырма жылға келген соң дегенді «жиырма жасқа келген соң» мағынасында, яғни жыл зат есімін жас лексемасы орнына қолданған.
Немесе, «жылдарда жыл болады бағзы-бағзы, Келеді наурызда елдің жазы» (Шәнгерей). Осы өлең жолдарындагы жаз формасы да сол «жыл» мағынасында олданылған. Зерттеуші Н.Уэлидің пікірінше, қазақ есепшілері жылды он екі айға өле отырып, әр үш айды бір топтап үш ай тоқсан немесе тоқсан деп атаған. Сөйтіп, жылды төрт мезгілге бөлген: жаз тоқсан (жаз айлары), жел тоқсан (күз айлары), қыс тоқсан (қыс айлары) және жыл тоқсан (көктем айлары).
Осы сияқты көне өлшемнің, есептік, ежелгі сөз қолданыстың кейбір ізі мен алыптасқан жүйесі қазақ түрмысында да болғанын профессор Е.Жанпейісовтің нтрополингвистикалық парадигма шеңберінде, атап айтқанда, үжымдык қолданыста олған үғымдарды жаңғыртқан лингвомэдени зерттеулерінен көреміз. Зерттеуші М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы этнолексиканы қазақ түрмысымен (яғни, эл кезеңдегі тіл түтынушы қолданысымен) сабақтас айқындайды. Соның барысында өптеген қазақы есептік үғымдарды жаңғырту мақсатында басқа да рухани-мәдени үра деректерімен салыстырады. Мысалы, қазақ тіліндегі бір кезгі сандық мэні ар сондай ескілікті терминдердің қатарында бүгінде біржола үмыт болған соқыр ексемасын атайды: «Сіздің түйеңіздің саны неше соқыр болған еді осы, бәйбіше» (М.Әуезов).
Түйелі байлар әрбір жүз түйенің бірінің көзін шығарып, «қанша түйесі бар» деудің рнына «неше соқыры бар» дейтін. «Ақтөбе облысының сортаңды, шақатты жеріне өткен ғасырда Қара есімді бай болып, оған отыз соқыр аталатын түйе табыны іткен. Соқыр дейтіні есебінен жаңылмас үшін әрбір жүзінші түйенің сол жақ көзін іығарады екен. Сондай соқырлар Қарада отыз болған, яғни үш мың түйесі болған» (Е.Жанпейісов).
Есептік мәні бар мұндай ескілікті нумеративтер түркі тілдерінде әлі жете зерттелген жоқ. Халқымыздың әлде неше ғасырғы күн көріс, өмір тәжірибесі негізінде қалыптасқан өзіндік метрологиялық жүйесі, жіктелімдік-есептік кешендері қазақ тілінде де аз емес. Мына өлең жолдары арқылы бұған көз жеткіземіз: «Бір өзі бір бой болған»; «Алтын еннен қылған дорбасын»; «Бес тақа баршадан тон қылған»; «Киері үш қат бөз болар»; «Он екі құрсау жез айыр»; «он жамбы сатсам жетпейді бір тұлпарға»; «Үй тікті он бес бастан сегіз қанат»; «Бес буда уық»; «Төрт кілем, сегіз жұп бау кереге көз»; «Алты табан көріңе»; «Бір қойын ақша, бір шыны аяқ шай іше алмай»; «Жалғыз қарын май»; «Сібірден сегіз дуан қоймай озған»; «Төрт-бес түйір нан»; «Алты қосақ қой; бір қағаз шай»; «Бір тайпа ел»; «Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши»; «Бір құшақ тері»; «Бір уыс берер едім қызыл алтын»; «Екі баспақ алтында»; «Бір-екі ауыз сөзіңді міндет етіп»; «Алып ең екі зекет құрттай санап»; «Екі құрсақ көтерсек аз өмірде» т.б.
Қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан келтірілген бұл өлең жолдарындағы бір бой, алты ен, бес тақа, үш қат, он екі құрсау, он жамбы, он бес бас, сегіз қанат, бес буда, сегіз жұп бау, алты табан, бір қойын, бір шыны, жалғыз қарын, сегіз дуан, төрт-бес түйір, алты қосақ, бір қағаз, бір тайпа, жалғыз түп, бір құшақ, бір уыс, екі баспақ, бір-екі ауыз, екі зекет, екі құрсақ формаларының алдыңғы сыңарлары – есептік сандар да, кейінгілері (бой, ен, тақа, қат, құрсау, бас, уық, қанат, буда, табан, шыны, түп, уыс, баспақ, зекет, ауыз, құрсақ дегендері), жоғарыда айтылғандай, қазір олар жіктелімдік қызмет атқарады. Ал он бес бас тіркесіндегі бас – керегелік екі сояудың үстіңгі жақтарының ұйқасуы: «Ауылда көп ұшырайтын алты қанат үйдің әр керегесі он бестен, алтауында сонда тоқсан бас болады» (С.Мұқанов).
Қазақ тіліндегі рухани мәдени лексикасының қалыптасуын арнайы зерттеген С.Жанпейісова бұл ретте халқымыздың бай әдебиет ескіліктерінде есептік сан лексемасымен келетін «он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт» тіркестеріндегі Оймауыт, Торғауыт атауларын этноним атауы деп санайды. Бірақ Торғауыт сөзі батырлар жырында сауыттың бір түрінің атауы ретінде де кезеседі. Сондай-ақ, аталмыш Оймауыт этнонимімен тіліміздегі Аймауыт, Алмауыт антропонимдерін салыстыру да көрсетеді, яғни тұлпар, күлік сөзерімен мазмұнасады: Алмауыт деген сол болар, Артынан қуған жетпесе (Аталар сөзі).
Зерттеуші С.Жанпейісова: «Қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан алынған: «Қырық түлеген бүркіттей, Жем басардан айрылып; Үш түлеген баппенен Дауылпаз соқса астынан», - деген өлең жолдарындағы «үш түлеген», «қырық түлеген» тіркестерін көрсетеді (С.Жанпейісова. Қазақ тіліндегі рухани мәдениет лексикасы: канд.дисс).
Шынында да, бұл өлең жолдарында туғалы үш және қырық рет түлеген қырандар әңгімеленіп отыр. Мал мен ит-құс атаулы, әдетте, қар етіп, көк шыққан кезде, жылына бір-ақ рет қана түлейді: түле ет. – «көктем кезінде жан-жануардың жүнінің не қаурсынынң түсуі». Бұл етістіктен – к жұрнағы арқылы жасалған зет есім де тілімізде жиі айтылады: түлек 1. Құстың түлеу процесі; 2. Қыран құстың балапанының жетіліп, бабына келген ұшар кезі (ҚТТС 9:330). Соңғы мағына әсіресе құс салумен, аңға салатын құстың күтімімен тығыз байланысты.
«Үш түлеген», «қырық түлеген» тәрізді мұндай есептік конструкциялардың екінщі сыңары үнемі бұлай есімше тұлғасында емес, қазақ тілінде ол сонымен қоса терминдік мәртебесі жағынан едәуір тиянақталған түрде, яғни тек «түлек» формасында да қолданылады: «Тоғыз түлек болғанда топ қазды алып, Қазасы онан соң иттен жетті» (Радлов В. Алтын сандық); «Тастүлек кезінде елік, тауешкіңді қойып, қасқыр да алып жүрді» (А.Әшенов).
Келтірілген үзінділердегі тоғыз түлек те, тастүлек те – нумеративтік конструкциялар. Олар алдыңғы «тоғыз жас» мағынасында алынған. Ал кейінгі тастүлек атауының семантикасын этнограф-ғалымдар бірде «төрт», бірде «бес жаспен» байланыстырады. Аңшылық кәсіпке, аңға салатын қүс жайына байланысты мұндай «жиын» мәнді есеп- тік конструкцияларға, сондай-ақ, мына өлең жолдарындағы атауларды да жатқызуға болады: «Сонда да аң ілетін мұзбалақтай. Аксәуле айдынына төніп айтам; Қырағың қыран болса мен бірімін, Қиядан аққу ілген мұздыбалақ».
Жанақ ақын соңғы жолда өлеңнің буын санын толықтыру үшін мұзбалақ композитасының алдыңғы сыңарына -ды жұрнағын әдейі жанынан қосқан. Осындай бүркіттің жасына қатысты этнолингвистикалық баска бір «жиын» мәнді есептік терминді Шөже ақын да қолданады: «Көкбестім мінілмеген баршын екен, көрсеткен қызды сұлу аршын екен».
Қазақ тілінде баршын деп, әдетте, «он бір жастағы бүркітті» айтады (ҚТТС 2:108). Ақын бұл жерде өзінің мінілмеген көкбестісін (яғни бес жастағы кок атын) баршынға, он бір жастағы бүркітке балап (теңеп) айтып отыр. Қазактар бүркіттің бес жастағысын .. мұзбалақ, ал он бірдегісін баршын дейді, басқа жастағыларын да осылай жіктеп түрліше атаиды.
Қазіргі тілімізде қолданыстан шығып, мағынасы күңгіртгенген, бірақ барлап қарасақ, тамыры тереңге тартылып, ықылым замандармен сабақтасатын тілдік мұрамыздың осы тектес тілдік деректерін проф. Е.Жанпейісов ескіліктер деп атайды. Оның мазмұнынын құраитын ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы, әрі көрінер жері - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарының жинақталған мұрасы. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Себебі әр мәдениет заманына, діліне моральдық нормаларына қарай адамға, өмір- олімге, адамның іс-әрекетіне, сүлулыққа тағы басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы - тіл. Тілдің бүл күдіретін 20- ғасырда әлемдік философия мен мәдениеттану да мойындады.
Қ а з а қ с т а н мәдениеттану саласының ғалымдарының анықтауынша, тіл - тек қатысымдық құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінщ көрінісі. Өйткені мәдениет таңба, белгілерден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерліктаңбалық әлем қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Тіл - тек денотативті (белгілі, сигналды) коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннатативті (белгілі әлеуметгік-мәдени, идеологиялық мәні бар) кұрал. Демек, тіл мазмұнында әр халыктың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті сіңірілген.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде мифологиялық, наным-сенімдік дүниетаным басым жатса, ғылыми дүниетаным мүлде жоқ. Ал адамдардың бір-біріне көзқарасында, қоғамдық қатынаста саясаттың, соған баиланысты ұғымдар да, ережелер де, өлең, мақал-мәтел де көп. Қазіргі кезде қазақ ортасында, тілінде, өкінішке орай, этика, адамгершілікке байланысты сөздер колданыЬта азайып (мысалы, ар, намыс, ұят, қайырым, рахым), олардың орнын саяси (оппозиция, сайлау) бизнес (сауда, доллар, кәсіпорын т.б.) лексикондары жаулауда. Мысалы, кезінде қазақгың адамгершілік-этикалық кредосы ретінде «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» формуласына сай «қүндылықтық тұрғыдан адамға не қымбат?» дегенге қазақ «өлімнен ұят күшті»- деп, ар-намысты бірінші орынға қойған.
Қазақтың кестелі тілі арқылы өрілген рухани-мэдени мұрасын зерделеу барысында тән дәстүрлі қасиеттердің (үлкен менкіші, хан мен қара, шеше мен қыз, әке мен ұл т.б.), қатынастардың бұзыла бастағанын белгілі “зар заман” ақындары Мұрат Мөңкеұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы т.б.ақындардың заманды болжап жазған өлендерінің негізгі желісінен көреміз.
Олар - ұлттық санасы жоғары деңгейдегі тілдік тұлғалар арқылы қалыптасқан дүние, болмыс жөніндегі халықтың пәлсапалық пайымдаулары, ғасырлар бойы жиған іік тәжірибелері, уақыттар мен ғасырлар ағымында қалыптасқан таным-түсініктің негізінде халықтың тілінде көрініс тауып, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұғымдар. Демек, дүниені тану ой үлесінде жатқан құбылыс болғанымен, оның өмірдегі ұғым, пікір, ой елегінің жиынтығы ретінде көрініс беруі, сөйтіп сол ұлттың күнделікті тіршілігі мен тұрмысындағы іс-әрекеттерінен көрініс табуы, пікір алысып, өзара қарым-қатынас жасайтын ұлттың тілімен тікелей байланысты болғандықтан, кез келген ұлт өзінің басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысын, дүние-әлемге, адам және оның сол дүниедегі тіршілігіне деген дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Философтар мұны « бұл - дүниеге көзқарас, яғни адамның дүниені рухани игеруі» деп түсіндіреді. Осылайша, дүниеге көзқарастың бейнеленуінің, оны рухани игерудің әмбебап құралы - тіл. «Тіл сөйлеу арқылы ойды жеткізу үшін тұракты қайталанып отыратын рухтың күші» (В.фон Гумбольдт). Демек, әрбір ұлт өз тілінің шеңберімен қоршалған.
Соның ішінде қазақ сияқты ауыз әдебиеті жоғары дәрежеде дамыған халықта дүниетанымның вербалды түрі ерекше дамыған. Тілде ұлт дүниетанымының, тарихының, барлық бітім-болмысының көрінісі ретінде ұлттық үрдіс пен ұлт тілінде жазылған кез келген шығарманың көркем тілі негізінде аталған дүниетаным, тарих, бітім-болмыс ұғымдарымен қатар, сол ұлттың өмірі, өмір сүру сипаты, ұлт қоғамында болған оқиғалардың ізі, ерекшеліктері деректеледі. Мысалы:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл соз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас –
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады;
Жебелей жебе жүгірген,
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма?
Жағаласса жыртылмас,
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма?
Дулығалы бас кескен
Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма?;
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған?
Саздауға біткен қара ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған?
Жағына жалаң жібек байлаған,
Арулар кімнен қалмаған?;
Жазыда мал іздеген қазақтың,
Басы қайда қалмаған?
Күлелік те, ойналық,
Киелік те, ішелік,
Мынау жалған дүние,
Кімдерден кейін қалмаған? т.с.с.
(Бес ғасыр жырлайды. 1-том)

Немесе халық әнінде:


Ойлап түрсам, дүние шолақ екен,


Бір-біріне адамдар қонақ екен.
Қызғалдақтай қүлпырған қайран жастық,
Қазан үрмай, қар жаумай солады екен,
Арман-ай, өтеді дүние-ай, жалған-ай!

Мысалы, Бұқар жырауда:


Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ.

Немесе:
Айналасын жер тұтқан


Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан,
Дәулет таймас демеңіз.
Жарлы байға теңеліп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз.
Адам әрекеті мен күнделіктегі түрмыс-тэжірибесінде қалыптасатын үлттық ерекшелікті, үлт табиғатын білдіретін тілдік деректердіц жинақталған өзекті арқауының желісі көркем шығармада өрілген. Көркем шығарманың оқиға желісі тұрғысынан ғана емес, тіл арқылы бейнеленген көркем ойлау деңгейі тұрғысынан да сол уақыт пен кеңістік аясындағы адам әрекетінің тіл түтынушылық сипаты айқындалады.
Ғалым Ю.Н.Караулов осыған байланысты жеке шығармашылық тіл тұтынушынын үлт тілінің кұндылықтарын ашып көрсетуге байланысты қызметін түтас мэтіндік жүйедегі тілдің қызметін нақты да кешенді сипатта дэлелдеуге тырысады. Ғалым көркем шығарма мэтіні, оның тілі мен үлттық тіліндегі ұлттык ерекшеліктерді, үлттық үғымдарды тығыз бірлікте қарастырып, шығарма тілінің көркем болып шығуы сол үлттың тіліндегі танымдық негізде пайда болған, сол халықтың танымына ғана тэн үғымдарға тәуелді болатынын орыс тіліндегі көркем шығарма мәтіндерін талдай отырып көрсетеді.
Осындай кешенді зерттеу нәтижесінде түйінделген ғылыми түжырымдарды жоғарыда үлттық таныммен сабақтас талданған халықтың ауыз әдебиеті үлгілері мен жыраулар поэзиясынан, халықтық жырлардан келтірілген мысалдар тізбегі де дәлелдей алады.
Өйткені, біріншіден, аталған шығармалар ұлттың тілінің ғана емес, оның тыныс-тіршілігінің, тарихының, мәдениетінің де айнасы болып табылады. Екіншіден, солай болғандықтан да мүндай шығармалардың қүрамында үлт болмысын танытатын сөздер мен сөз тіркестері көптеп кездесіп отырады. Сондықтан да аталған шығармалардың жыраулар поэзиясы мен халықтық жырлардың, ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі бай, көркемдік деңгейі жоғары болып келеді. Бұл шығармалардың қай-қайсын да үлт өкілдерінің кез келген буыны қызыға, үлкен ынтамен оқитыны да, оларды үлгі ретін- де ала отырып, жазушылар да өз шығармаларының тілінде пайдаланатындығы да, ол шығармалардың тіліндегі ескі, көнерген сөздердің өзі тартымды, түсінікті болып, тілдің табиғатына сай әуезді естілетіні де, кез келген үлт үрпағының жанына, рухани әлеміне жақын, жағымды болып жататыны да сондықтан.
Қазақ ауыз әдебиетінен, жыраулар мұрасынан, жазушылар шығармаларынан жинақталған үлттық мазмүны терең тілдік деректердің салыстырылуы олардың көркемдік-танымдық деңгейінің ортақтығын көрсетеді:
Бағаналы терек жарылса,
Бақыраш жамап болар ма?
Қарағайға қарсы бүтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші Қыранға түғыр қыларға.
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сүрарға (Махамбет).
Махамбеттің осы өлең жолдарының үлттық бояуын қанықтырып түрған ақын тілінің көркемдік-экспрессивті элеуеті. Бүған эсер етіп отырған, бірінші кезекте Махамбеттің өзіндік өлең шығару, сөз қолдану шеберлігі, өзіндік стилі екендігі түсінікті. Осындағы “қыранға түғыр қыларға”, “қарадан тусайшы”, “ақырып теңдік сүрарға” сияқты толып жатқан қазақ болмысының бояуын, соған сай ақынның арманын беретін халықтық ұғымдағы сөздер қорының тіркестер жиынтығы көркем тілге ұйытқы болып, нәтижесінде шығарма тілінің коммуникативті-көркемдік деңгейін жоғары көтеріп тұр. Жыраулар поэзиясындағы және Махамбет заманы дүниетанымына сәйкес келген аталған тіркестер - қазақ тілінің мүмкіндігі, көркемдік пен ұлт танымындағы сөздердің сабактастығын дәлелдейтін тағы бір айғақ. Немесе “Ер Тарғын” жырындағы Ақшаханның қызы Ақжүністі суреттейтін жолдардан үзінді келтіріп көрейік: Бүқарға барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым көр.
Зергерге барсаң қасында,
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр.
Молдаға барсаң қасында,
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де, қасым көр.
Иран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де мүрным көр.
Әр шаһарға қарасаң,
Қүрулы түрға күзгі бар,
Күзгіні көр де, көзім көр.
Тоғайға барсаң тоғайда,
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр.
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр,
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр.,
Бұл жерде өлең жолдарындағы қазақ тіліндегі сөздердің қолданысындағы өзгеше шеберлікі керемет теңеуді түсіндірудің өзі артық. "Қасы саржадай керілгсн,
Кірпігі оқтай тігілген.
Бүралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген,
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелдегі бір сөзді,
Ақжүніс атты ару-ды.
Бұл жолдардағы саржадай калың қас, қолаң шаш, қой көз, бұралған бел тіркестері жырдың ажарын, көркемдігін арттырып тұрған, тілдегі өзіндік теңеу жасау дәстүрі. Көркемдік ерекшелік пен адам танымының арасындағы тығыз сабақтастықтың айшықты дәлелі.
Көркем шығармадағы суреттеуден гөрі, ой-толғамдарындағы танымдық қолданыстардың теңеу қызметінде жиі кезесуі – осы мазмұнға сай дұрыс таңдалған көркемдік әдіс. Салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік мәніндегі танымдық лексика жазушының көркем шығармалары мен ой-толғауларында бірін-бірі толықтырып, үдемелі үрдіс беріледі.
Осыған орай Ә.кекілбаев шығармашылық тілінің дүниетанымдық әлеуетін арнайы зерттеген Ж.Абдрахманова жазушы публицистикасында қазақ ұлтына ғана тән дүниетанымдық лексиканың жиі қолданылатынын көрсетеді: «... оның жомарт таланты ежелден бергі шеменді еңіреткен Матайдағы қобызшы Молықбай шалды да, Ерейменнің бауырында пырағынан айрылып, бебеу қаққан Ақанды да, Жем бойында жебелей жүріп жыр айтып, күй шерткен Қашаған мен Құрманғазыны да, Нарын бойынан назырқап аттанған Исатай мен Махамбетті де, Хан ордада қыл тұзаққа түскендей қылғынған, аты беймәлім сары үйсін күйшіні де бірдей тебірене жырлайды».
Көріп отырғанымыздай, тарихи тұлғаларға берілген теңеулер – ұлттық бояуы қанық сөздер. Тілімізде шемен боп қату тұрақты сөз тіркесі болса, шеменді еңірету – жазушының өзіне тән қолданысы. Осы мысалдағы бебеу қағу, жебелей жүгіру, қыл тұзаққа тұсу, назырқап аттану фразеологизмдерін жалпыға ортақ түсінікті тілмен берілсе, публицистикалық шығарманың көркемдік прагматикалық мәні болар еді. Көрнекті ұлттық тілдік тұлға ретіндегі кез келген тарихи тақырыптағы ой-толғамдары Ә.Кекілбаевтың феноменін (қара домбырадан бұрқыраған Құрманғазы; сылқ-сылқ Тәттімбет, майда қоңыр Дәулеткерей; күйінген Түркеш; кербез Қазанғап т.б.).
Әрі асқанда, оқтын-оқтын бір соғып, дүрліктіріп кетіп отыратын «қоянның жұты», «ұлудың жұтымен» межелеп отырған ескі ауылда қарын шашын алдырған сол қазақтың өмір жолы бір кездегідей тек сұңғыланың сұңғыласы, ғұламаның ғұламасы ғана емес, бүгінде келген жұмыр басты пендені толғандыратын: «Заман адам үшін не жасай алады? Адам заман үшін не жасай алады?» деген өзекті сауалға айдан анық жауап бере алғандай? Сияқты дүниетанымдық ой-толғамдарының тілі танытады.
«Шай қайнатым» мен «сүт пісірім» ұғымы – халқымыздың мезгіл өлшемі. «Қоянның жұты» мен «Ұлудың жұты» қазақтың танымында ауыртпалықты айқындайтын өлшемі, түсіндіру үшін көлемді баяндама қажет. «Баланы қырқынан шығару», «қарын шашын алу» тіркесі терінің этнотанымдық мәні түсіндіруді қажет етеді.
Қорыта айтканда, тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі мемлекеттік мәртебеге көтерілген қазақ тілінің толыққанды қоғамдық-әлеуметтік қызметін қамтамасыз етудің кепілі ретінде тілді зерттеудің жаңа ғылыми парадигмасы «ұлт пен тіл» түтастығы қағидасына сүйенуі тиіс екенін қазіргі заманның ғылыми-рухани үрдісі көрсетіп отыр. Осыған орай тарихи кезең контексінде ұлттық сананы жаңа сапада жаңғырту, осы кезеңнің мемлекеттік, әлеуметтік мұрат-мүдделерінің даму үрдісін қалыптастыруда сол тілді тұтынушының рухани жан дүниесі мен іс-әрекетіне, нақты айтқанда, адамтанымдық сипатқа ерекше мән беру - өзекті мәселе.
Осымен байланысты халықтың салт-санасының үлесіндегі дүниелерді, тілінен тани отырып зерттеу, анықтау мәселесі - тіл білімінде қазіргі таңда маңызды бағыттардың бірі. Осы бағдарламаға сәйкес кешенді сипатта қарастырылған рухани-мәдени казынаның тілдік дәйектері негізінде сол тілде сөйлеуші халықтың тарихы мен күнделікті түрмыстағы іс-әрекеті, әлеуметтік көзқарастары мен пәлсапалық пайымдаулары, психологиясының ерекшелік- тері т.б. қасиеттері айқын көрініп, нақты айтқанда, тілдің ұлт тілі ретінде қызмет ету мүмкіндіктері жан-жақты танылады.
Ел тарихындағы егемендік - қоғамдық өмірдің барша салаларына, соның ішін- де, тіл мен оның қолданысына да оң бағаттағы өзгерістер әкелді. Нақты айтқанда, қоғамдық сана мен саяси-әлеуметтік орта өзгерістерінің ешқайсысы тілден тыс қалған жоқ. Тәуелсіздік жылдарында бекітілген қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі, ұлттық сананың қайта жаңғыруы дэуір үрдісіне сәйкес ерекше қарқын алып, көркем мәтіндерде, газет прагматикасында, жаңа сападағы ұлттық терминологиялық жүйеде, қазіргі қазақ қоғамының сан түрлі қызмет аясында т.б. ұлт тілі арқылы көрініс тапты.
Сайып келгенде, жоғарыда көрсетілген тілдің қазіргі коғамдағы мәдени-әлеуметтік танымдық-танытушылық қызметі мен мәнін тіл тұтынушының тұлғасымен тығыз байланыста ашып берудің дәйекті ғылыми негізі - мәдени-тілдік деректерді зерттеудің антропоөзектік парадигмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет