Филология ғылымдарының докторы, профессор МАНКЕЕВА ЖАМАЛ АЙТҚАЛИҚЫЗЫНЫҢ өмірі мен шығармашылық қызметінің негізгі кезеңдері
Жамал Айтқалиқызы Манкеева 1950 жылы 26 сәуірде
Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Шілік кеңшарында туған.
АЛҒАН БІЛІМІ, ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕЛЕРІ МЕН АТАҚТАРЫ 1956-1966 жж. Орал облысы, Шыңғырлау ауданы, Тасмола онжылдық мектебінің оқушысы.
1967-1972 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің студенті.
1972 ж. «Қазақ тіліндегі «өлі» түбірлер» тақырыбында дипломдық жұмыс қорғады.
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ы.И. Маманов.
1973-1976 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
1987 ж. «Реконструкция «мертвых» корней глагольных основ казахского языка» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Шифрі – 10.02.06 – түркі тілдері.
Ғылыми жетекшісі: ҚазССР Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Т.Қайдаров.
1987 ж. ҚазССР ҒА жанындағы Тіл білімі институты кеңесінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты.
1997 ж. «Қазақ тіліндегі мәдени лексика» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Шифрі – 10.02.06 – түркі тілдері.
Ғылыми кеңесшісі: ҚазССР Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Т.Қайдаров.
1998 ж. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның шешімімен филология ғылымдарының докторы.
2002 ж. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары аттестациялық комиссия шешімімен тіл білімі мамандығы бойынша доцент.
2002 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен филология ғылымдары бойынша профессор.