Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата07.01.2022
өлшемі6,06 Mb.
#20556
1   2   3   4   5   6   7   8   9
І  Дәстүрлі  лингвисткалық  өлшем адамзат қызметінің  қай  саласындағы

қолданылу  сипатына қарамастан  сөйлеушінің ойын  еркін  бейнелеп, құбылтып

айта алу икемдігін, қабілеттілігін қамтиды.

Тілді құбылта қолдана білу қабілеттілігі сөйлеушінің бір ойды әр түрлі айта

алуынан  көрінеді.  Ойды  неғұрлым  көп  түрлі  ете  айта  білсе,  соғұрлым  тілді

меңгеру дәрежесі жоғары болады.

Мысалы:

1.

Кітапты түсініп оқыңыз.



2.

Кітапты түсініп оқуға тырысыңыз.

3.

Сіз кітап оқығанда түсінуге тырысыңыз.




17

4.

Түсініп оқу– кітап оқудағы басты талап.



5.

Кітап оқығанда түсіну (оқырманнан) талап етіледі.



ІІ Ұлттық-мәдени өлшем – тіл құралдарын  пайдалануда ұлттық нақыштағы

ерекшеліктерді меңгеру. Сол немесе өзге тілде сөйлеуші жас кезінен тілдің сөздің

грамматикалық, интонациялық жүйесін  меңгерту  арқылы өздеріне  білінбестен,

көбіне  ойланбастан,  оның  ұлттық мәдени  және  рухани  формаларын  бойына

сіңдіреді.

Әдет-ғұрыптілді

қолданудағы 

айтылу


құралдарының 

өзіндік


ерекшеліктеріне  байланысты  болады.Мысалы,  Венгрияда  шайды қайнатады

(варить) деп айтқан дұрыс болса, Ресейде шайды демдейді (заваривают) деп айту

ұлттық сипатты  көрсетеді.  Сондықтан  орыс  тілінде  шай қайнату (варить  чай)

деген  тіркес  грамматикалық жағынан  дұрыс  болғанымен,  сөйлеу  дәстүріне  жат

көрінеді.  Айталық  қазақтарда қонаққа  бару  және қонақты үйге  шақыру  деген

дағдылы  нәрсе,  ал  французда  бұл  тәртіп  бойынша қонақпен үйден  тысқары

кездеседі.  Соған  байланысты  оларда  мұндай  оралымдар қазақ тіліндегідей

кездеспейді.

Финляндияда  жұмыртқаны  біздегідей  емес,  салмағын өлшеп  сатады,  соған

байланысты  олардағы  «Маған  1  кг  жұмыртқа  беріңізші»  деген  сөйлем  бізге

біртүрлі  жат  естіледі.  Біздегі  сөз  саптауда  бұл:  «Маған  10  дана  жұмыртқа

беріңізші» түрінде айтылады. Ал бұл сөйлем оларға жат естіледі.

Сөйлеудегі ұлттық нышандар  түрлі  жағдаяттарда  да  көрініс  береді.  Мысалы,

орыс  телефон  трубкасын  алғанда  көбінесе  «Алло!», – «Да!»,  «Слушаю  Вас»

дегенді  айтады,  ал  орыс  тілін өте  жақсы  меңгерген  неміс  бұл  жағдаятта

«Пожалуйста!» («Сөйлей беріңіз» деген ұғымда) дейді.

Телефондағы  кісіге өзін  таныстырғанда  орыс: – Это  Петров  (Это  Дмитрий

Иванович) десе, неміс немесе француз өздерінің ұлттық ғұрыптарына байланысты:

– Здесь Гофман, – Здесь Поль деп айтуы мүмкін.

ІІІ Энциклопедиялық өлшем – тек сөздің өзін ғана игеріп қана қоймай, сонымен

қатар  «сөз әлемін»,  яғни  сөз  астарындағы  шындық болмысты  және  осы  шындық

болмыс  пен  сөз  арасындағы  байланыстарда  игеру.  Мысалы,  орыс  тілінде  сағат

сөзін  меңгеру  тек  оның беретін  лексикалық және  грамматикалық  (часы  идут,

стоят, спешат, остановились, тикают, бьют, точные часы) мағыналарын ғана емес,

сондай-ақ сол  сөздің фразеологиялық мағынасында  (точен  как  часы)  және  оның

түрлі құрал  аттары  болуын,  яғни  уақыт өлшемін  білдіруге  (часы  электронные,

наручные, будильникит.б.) қатысты ұғымдарын да қамтиды.



ІҮ Жағдаятты  (әлеуметтік  лингвистикалық)  өлшем – тілдік  білімі  мен

қабілеттілігін  таза  лингвистикалық тұрғыдан,  сондай-ақ  ұлттық-мәдени  және

энциклопедиялық деңгейлерге қатысты әр алуан жағдаятқа сәйкес қолдана білу.

Жағдаятты қарым-қатынаста болу бірнеше компоненттен тұрады:

1) сөйлеуші және оның әлеуметтік рөлі;

2) тыңдаушы және оның әлеуметтік рөлі;




18

3) сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы байланысты қарым-қатынас;

4) қарым-қатынастың түрі (ресми, биресми, достық);

5) мақсаты;

6) қарым-қатынас құралы  (тілдің ішкі  кіші  жүйелері  (әдеби  тіл,  диалекті,

жаргон т.б.) немесе тіл стилі, тілдік емес құралдар (мимика, нышан т.б.);

7) қарым-қатынас тәсілі (ауызша -жазбаша);

8) қарым-қатынас орны.

Осы  айтылғандарды  жинақтай  келсек,  тілді қолдану  мен  оны  игеруде  адам

әлеуметтік

әрекеттегі 

субъект 


ретінде 

жалпы 


және 

коммуникативтік

хабардарлығын дамытады [19].

Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам  дамуының  қарышты қадамына

сәйкестендіріп,  оны  шырқау  биіктерге  көтеруге  бағытталған  тың  әдіс - тәсілдер

жасалуда.  Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық  үрдістер өзгертіліп,  білім  берудің

тиісті деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа

технологиялық  әдістерді  пайдалану  шәкірттердің ойлана  білу қабілеттерін

дамытады,  олардың білім  сапасын  жақсартады,  ой өрісін  кеңейтеді,  есте  сақтау

қабілеттерін өсіреді.  Оқыту  мен  дамыту әдістерінің екеуі  де  жеке  тұлғаның

қалыптасуына үлкен  ықпал  ететін  маңызды  айғақтар  болып  саналады.  Дамыта

оқытуда  оқушының ойлау,  ізденушілік,  зерттеушілік қабілеттері  артып,  талдау

арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін

айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы,  элементі. Кез  келген  оқыту

белгілі 


бір 

мөлшерде 

адамды 

дамытады. 

«Даму»

ұғымы 


сөздікте

«…мөлшерлік

өзгерістердің

белгілі  бір

өлшем  шегінен  шығып,  сапалық

өзгерістерге  айналуы» - деп  түсіндіріледі.«Даму» ұғымының психологиялық

анықтамасы – жаңарту үрдісі,  жаңаның  өмірге  келіп,  ескінің жоғалуы  деген

мағынаны береді.

Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық

жолмен  дамып,

өзгеріп,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге

өтіп  отырады.

Ғалымдардың зерттеулері  баланың даму  процесіне  3  түрлі  күш  пен  3  түрлі

фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор. Бұл  ата-анадан  ауысқан,  туа  бітті  және өмір  сүру

барысында қабылданған  дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі

құбылысының

ерекшелігін  білдіретін,  бала

организмінің

ортамен


қарым-

қатынасының нәтижесі.

2. Әлеуметтік  фактор. Бұл  бала өмір  сүретін  орта,  ең алдымен  адамдардың

ортасы. Бұл сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары,

мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен

сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын орта.




19

3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып

саналады.  Оқитын  пән қандай  да  жаңа,  бағалы  болмасын,  мұғалімнің шеңберлігі

қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса,

оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже

бермейді.  Баланың организм  ретінде  дамуы  мен  жеке  бас  ретінде қалыптасуы

белсенділік арқылы жүзеге асады.

«Баланың даму  процесі,  оның  қоғамның белсенді  де  пайдалы  мүшесі,  азамат

ретінде қалыптасуы  осы үш  фактордың  қатысуымен қамтамасыз  етіледі.  Ең

бастысы  осы  факторлардың бірде-бірі, қандай  да  бір  кемеліне  келген  болса  да

басқа  екеуінен  ерекшеленіп  жеке әсер  ете  алмайды.  Барлық іс  осы үш  басты

күштің өзара әрекет етуінде» деп пайымдайды Б.А.Тұрғынбаева [20].

Дамыта  оқыту  жүйесi  ХVII ғасырдан  бастау  алған.  Шет  ел ғалымдары  мен

Ресей ойшыл педагогтарының солкездегi iрге тасын қалаған дамыта оқыту жүйесi

әр  кезеңде өз  деңгейiнде  дами  отырып, бүгiнгi  күнге  дейiн  жеттi.  Я.А.

Коменскийден бастау алған бұл оқытудың түрi өз тиiмдiлiгiмен жиі қолданылуда.

И.Т.  Песталоцци  баланың ақыл-ойын,  барлық  қабiлет-қасиеттерiн  дамытса,

орыстың  ұлы  ағартушысы  К.Д.  Ушинский  де өз  дидактикалық еңбектерiнде

дамыту мәселесiне ерекше тоқталып, арнайы әдiстеме жасады.

Ал  енді«Дамыта  оқыту»  деген  сөздің мағынасына  тоқталатын  болсақ, бұл

термин  философиялық

сөздіктерде:  «Дамыта  оқыту

-

шынайы


өмірдегі,

болмыстағы дамудың заңдылықтарын  негіз етіп  алатын  процесс.  «Даму - мәңгі,

қажетті қозғалыс,  уақыттағы өзгеріс.  Кеңістіктегі  орын  ауыстырудың даму

болатын  себебі,  онда  уақыттағы өзгерістің түсірілген  түрде  сақталатындығында...

қозғалыс әрқашан  бір  нәрсенің екіншісіне қарай қозғалуы  (бағытталған),  яғни

басталуы  мен  аяқталуы  бар әртүрлі  заттардың, процестердің және  басқалардың

қозғалысы  ретінде

өмір  сүреді...

Органикалық

емес  жүйенің,

жануарлар

дүниесінің,  қоғамның дамуы  диалектиканың жалпы  заңдарына  бағынады.  Даму

спираль  тәрізді, қарама-қайшылықтардың бірлігі  мен  күресінде,  санның сапаға

ауысуы түрінде және керісінше өрбиді» деп айтылады [21].

«Дамыта  оқыту»  деген  термин  психология ғылымының  қойнауында  туып,

баланың дамуын қарастырған  (Ж.  Пиаже),  ойлаудың  әртүрлі  деңгейін,  типтерін

(Л.В.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  С.Л.  Рубинштейн)  және  басқа  да  психиканың

қызметін 

зерттеген 

(Б.Г. 


Ананьев, 

Г.С. 


Костюк, 

А.А. 


Люблинская,

Н.А.  Менчинская)  және  т.б.  іс-әрекет  ілімінің

психологиясын  жасаған

(А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды.

Нәтижеде дамыта оқыту мәселесіне арналған екі іргелі эксперимент жасалып,

оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады.

Психологтар  оқу  процесіне  оқушының іс-әрекетін  енгізу  керектігін,  оның

маңызын  дәлелдеді.  Дамыта  оқыту  арқылы  оқушыға  берілетін  білім  бұрынғыдай




20

репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-

жақты «теориялық» іс-әрекеті арқылы берілетін болды.

Барлық


табиғат

құбылыстары  сияқты  бала  психикасы  да

үнемі

диалектикалық жолмен  дамып, өзгеріп,  бір  деңгейден  екінші  деңгейге өтіп



отырады.  Оқыту  мен  дамыту  арасында  тығыз  байланыс  бар  екенін  психология

ғылыми  жеткілікті  дәрежеде  дәлелдеп  берді  деп  айтуға  болады.  Бұл  мәселені

түбегейлі  зерттеп,  бала  дамуындағы  оқытудың рөлін,  алар  орнын  анықтаған

көрнекті  психолог  Л.С.  Выготский.  Ол  дамуды  оқытумен  тең, керісінше  оқу  мен

даму  екі  бөлек үрдісдеген  көзқарастарды қатты  сынға  алды.  Ең алғаш  рет  бала

дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды:

бала  дамуының жақын  аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі  арқылы



атқара алатын істері.

бала дамуының қол  жеткен  аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз  істей



алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол

жеткен  аймағы  жақын  аймақпен өзара қызметтесе  отырып,  оны  игерген  кезде

дамуға өріс ашылады.

Л.Выготский оқыту  мен  дамудың байланысын  зерттей  келе,  егер  оқыту

баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.

Өзекті  даму  аймағы – баланың  өз  бетімен  істей  алатын  жұмыстары. Ал

ересектермен  ынтымақтаса  істей  алатыны – жақын  даму  аймағы.  Мысалы,

баланың сөйлей  алуы – актуалды  даму  аймағы.  Бұл  жерде  даму  жүрмейді.

Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап «жақын даму аймағында»,

дәлірек  айтсақ, баланың жазба  тілін қалыптастыруға  кірісу  керек.  Ол үшін

алдымен  жеңіл  тапсырмалар  беріледі.  Мысалы,  Ш.  Амонашвили  және  оның

мұғалімдері әріптер  мен  сөздерді  белгілеуге  Д.Б.Эльконин  жасаған  шартты

белгілерді қолданады.  Тақтаға  сөйлем  және  оның астына  шартты  белгісі

жазылады.

«Жақын даму аймағында» жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен

оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап

бере алмайтын сұрақтар қояды.

Сонымен, жақын  даму  аймағы  баланың ақыл-ой  жұмысы  басталар  тұсы.

Мұғалім  мұнда  оқушыға  тапсырма,

әдістемелік  нұсқау  береді,  ізденуге

бағыттайды,  ізденістің

бағдарламасын  береді.  Мұғалімнің

жақын  даму

аймағындағы  жұмысының тиімділігінің көрсеткіші – әр  оқушының мұғалімнің

көмегін алуға өзір тұруы.

Дамыта  оқытуда  мұғалім  жақын  даму  аймағында  жұмыс  істеу  керек.  Ол

оқушыға  ақпараттар  беруші,  ынталандырушы,  бейне  туғызушы,  баланың

кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өз «жақын даму

аймағы» бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды.




21

Л.В.Занков жүйесі тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:

оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;



теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді

байланыстарды, заңдылықтарды ашу;

оқушының ізденуі. Мұғалімнің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;



оқу  процесін  оқушылардың

сезуі.  Оқушы

өзін  оқу  іс-әрекетінің

субъектісімін  деп  сезінеді.  Материал қайткенде  есімде  жақсы қалады,  жаңа  не

нәрсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім

деген сұрақтарға жауап береді;

барлық оқушыларды  дамыту үшін  жүйелі  түрде  жұмыс  істеу. Қабілетке



қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.

Л.В.Занков

өз  экспериментінде  оқушылардың

психологиясын  зерттеу

әдістерін  кең  қолданды.  Дамуда  оқыту  жетекші  рөл  атқаратынын,  ол  балаға

жанама түрде әсер  ететінін,  баланың ішкі  жан  сарайының ерекшелігі  оқытудық

оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы

дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Занков  жүйесінің басты  міндеті – баланың жалпы  психикасын  дамыту  еді.

Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды

түсініп,  есте  саңтаудық сенімді негізі  деп  саналды.  Оның түсінігінде  баланың өзі

қызығатын  нәрсесі,  талап-тілегі  бар,  мектепке  тек  білім  алу үшін ғана  емес,

бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат – баланың барлық

адами қасиеттерін  дамыту.  Ең маңыздысы,  бала  бойындағы  жағымды  сезімдерді

жоғалтып  алмау.  Сондықтан  дамыта  оқытуды қолданған  мұғалім  оқушыдан

бағдарламадан  тыс  оқыған  кітабынан  түсінгенін  сұрайды. Себебі,  Л.В.Занков

түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізу арқылы үйренеді.

Л.В.Занков  жүйесіндегі  білім  мазмұны  бай.

Ғылым,

әдебиет,


өнер

туындыларынан  білім  беріледі.  Оқу  жоспарында  география,  жаратылыстану

пәндері  бар.  Орыс  тілі,  оқу  кітабы,  математика,  еңбек,  эстетикалық бағыттағы

пәндерінің мазмұны  толықтырылған.  Оқушыларды  дамытатын  дұрыс  жазуға

дағдылану,  санау,  оқу,  бейнелеу өнері, өнер  шығармаларымен  жұмыс, қолмен

жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің

үлес салмағы көп.

Бала  сабақта өзінің  өмірден  көрген-білгендерін  айтып,  оны  жолдастарымен

бірге  талқылап  отырады. Қарама-қайшы  білімдер  ойды  дамытады.  Мұғалімнің

жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы

мен  тапсырмалары  біржақты  жауаппен  шектелмей,  оқушыны өз  көзқарасын

айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков  жүйесінде  оқытуды ұйымдастырудың жетекші  нысаны – сабақ. Тек

сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді.  Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын




22

болып  келеді.  Осыған сәйкес  сабақ жаңа  материалды  оқудан  басталуы  мүмкін.

Дәстүрлі  оқытуда  уақыттың көбінде  мұғалім  сөйлейді.  Дамыта  оқытуда  мүғалім

баланың  өз  ойын, өз  бақылауларын,  танымын  айтуына  жағдай  жасайды.

Сыныптағы «тәртіп» ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында өздерін еркін

ұстайды: шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.

Оқытуды ұйымдастырудың маңызды  нысаны – экскурсия.  Таным  негізі  тек

кітап,  мұғалім  сөзі ғана  емес, қоршаған  орта,  материалдық мәдениет.  Л.В.Занков

түсінігінде  даму  адамның  өзін-өзі  көрсетуінсіз, өз  пікірін,  бағасын  білдірусіз

мүмкін 


емес. 

Оның


жүйесімен

қорытынды 

шығарғанда 

баланың


байқампаздығына,  ойлау  барысына,  тәжірибелік  іс-әрекетіне,  сезіміне,  ері-

жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты

деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.

Сөйтіп сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны

өте  жақсы  меңгермесе  де,  оқуға  деген  ынтасы  пайда  болып,  сынып ұжымымен

байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту

өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.

Дәстүрлі  оқытуда  баға  басты  рөл  атқарады.  Л.В.  Занков  сыныптарында

балаларға  баға

қойылмайды.  Баға  жазба  жұмыстарының  қорытындылары

бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім «озат», кім «үлгермеуші» екенін

білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде  шынайы  жағымды  эмоциялар

көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.

Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының

көзқарасымен  келісу  немесе  оған  күдіктене қарау, өз  пікірі  дұрыс  болмаса  бас

тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп,

табысына қуанады, қанағаттанады.  Баға қойылмауы  сыныпта  жақсы  жағдай

туғызады.  Сонымен  Л.В.Занков  жүйесі  бойынша  оқыту  баланың дамуын

анағұрлым тездететінін көрсетті.

Ғалым Б.А.Тұрғынбаева  «Дамыта  оқыту  технологиялары»  атты  еңбегінде

дамыта  оқыту  жүйесі  жайлы

келесі  жан-жақты

тұжырымдамалар  мен

пайымдаулар жасаған:

Л.В.  Занков  жүйесі  дәстүрлі  оқыту  жүйесінен  басқаша  дидактикалық

принциптерге  негізделеді.  Енді  ерекше  тоқталуды

қажет  ететін  кейбір

принциптердің мәнін аша кетейік.

Жүйедегі  бүгінгі  күннің  өлшемімен қарағанда  айрықша  көкейтестілігімен

ерекшеленетін  принцип - жоғары қиындықта  оқыту  принципі. Бұл қағида

баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкінділігінің бар екеніне көз

жеткізеді.

Шведтік  нейробиолог  Холгер  Хиден өз  зерттеулерінде  баланың миындағы

клеткаларды  бір-бірімен  байланыстыратын  талшықтар  (нейрондар)  тек  ойлау

әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде



23

баланың миын  жұмыс  істеуге  ынталандырып  отыру  керектігіне  назар  аударады.

Белсенді  ой қызметінсіз  клеткалар  бай  талшықтар құрай  алмайтындығын,  содан

барып олардың қызметі төмендеп, бара-бара семе беретіндігіне көзімізді жеткізеді.

Ғылымға  белгілі әртүрлі  себептермен  аңдар  арасында қалып қалған  балалардың

қайта адам қалпына келе алмауының басты себебі де осы болар.

Айтылғандарды қорыта  келе,  жас  балалардың  қарқынды  ой  еңбегімен

айналысуға  табиғи  мүмкіндіктерінің бар  екенін  оқыту  процесінде  ескеру қажет

деген тұжырымға келеміз.

Дәстүрлі 

педагогикада 

«қарапайымнан 

күрделіге

қарай, 


нақтыдан

абстрактіге қарай»  деген  принцип  бар. Дамыта оқыту  жүйесінің авторлары бұған

керісінше, бала ойлауын абстактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: «А»

әрпін өткенде,  алманың суретін  көрсетіп  тұрып,  оның не  екенін,  дәмі,  түрі,

формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын

сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Екі 

жүйе

арасындағы  тағы  да  бір қарама-қайшылықтардың мәні  мынада.  Дәстүрлі



педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда

ғана,  оқушылар  білім,  білік,  дағдыны  меңгереді»  деген қағида төңірегінде

Л.В.Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді.

Дамыта  оқыту  жүйесінің маңызды  принциптерінің бірі - теориялық білімнің





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет