жалпы педагогикалық қолданысқа негізделген оқыту жүйесі;
мәдениет
жүйесіндегі,
қоғамның
өміріндегі
ғылымның
рөлін
абсолюттендіруге негізделген оқыту жүйесі;
антропоцентристік , яғни адам- субьект, ал бүкіл әлем адам үшін обьект
деген дүниетанымдық концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
психогендік , яғни адам - өзін-өзі басқарушы жүйе, даму процесі өзіндік
реттеу мен өзіндік басқаруға мұқтаж деген концепцияға негізделген оқыту
жүйесі;
дамытушы, яғни адамның организмінде, психикасында, интеллектінде
және рухани дүниесінде ішкі және сыртқы факторларға, басқаруға келетін және
басқаруға келмейтін факторларға байланысты болатын сандық және сапалық
өзгеру процесі деген концепцияға негізделген оқыту жүйесі;
операциялық ой - машықтары – ақыл - ой тәсілдері, яғни теориялық
ұғымның мағынасын осы ұғымды қалыптастыру, қолдану және тексеру кезінде
пайдаланатын операцияларды сипаттау арқылы ғана анықтауға болады деген
операционалдық талдау жасауға негізделген оқыту жүйесі;
оқытушы,жалпы білім беруші, ізгіліктендіруші оқыту жүйесі;
Кластық-сабақтық,
топтық,
дифферинциалдық
оқыту
формасына
негізделген технология;
оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығына негізделген педагогикалық
жүйе;
дамытушы, яғни диалектиканың,
логиканың,
таным теориясының
әдістерін қолдануға негізделген оқыту жүйесі;
альтернативтік оқыту жүйесі [22].
Сонымен, дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе.
Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі
көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқыту –
26
дәстүрлі оқытуға мүлдем қарама – қарсы альтернативті оқыту түрі. Дәстүрлі
оқытудың басты мақсаты – білім беру, оқушының іскерлігі мен дағдысын
қалыптастыру болса, дамыта оқытуды білімді де, тәрбиені де жеке тұлғаға
бағыттай отырып, оны жан-жақты дамытуды мақсат етеді, оқушыны субъект
ретінде қарастырады, яғни айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде,
мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын
қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу
үрдісінің
мүшелерінің әрекеттестік ерекшелігінде, олардың қарым-қатынас
сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.
Бұл технологияның пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
жұмыстар арқылы тіл дамыту
үрдісіндегі орны ерекше.
Дамыта оқыту
оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытады. Ал шығармашылық ойлау -
шығармашылық
табыстарға
жетудің
кепілі.
Шығармашылық
ойлаудың
төмендегідей басты белгілерін көрсетуге болады:
бұрын ешкім ашпаған, қол жетпеген беймәлім нәрсені ашу, оған қол
жеткізу;
нәтижеге жетудің әртүрлі жолдарын іздеу;
нәтижеге әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы жету;
ешкімнің жетелеуінсіз өз беттерімен іс - әрекет жасау.
Дамыта оқыту жүйесі шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте
сақтауға, тіл дамытуға бағытталған. Бұл жүйесінің ерекшелігі: оқығанын
пікірсайысқа салу; сабақ құрылымының оңтайлығы; дидактикалық ойындар;
өзіндік іс-әрекеттің қарқындылығы; сабақта әр оқушыға өзін-өзі көрсетуге
мүмкіндік беретін педагогикалық жағдаят құру.
Дамыта оқытуда сабақ құрылымында да өзгешеліктер болады. Оқушының оқу-
танымдық әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты сабақ үш
кезеңге сай ұйымдастырылады:
мотивациялық-бағдарлау кезең;
операционалдық-орындаушылық кезең;
рефлексиялық-бағалау кезең.
Мотивациялық-бағдарлау кезеңде оқу міндеттері қойылып, оқушылардың
сабаққа
қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері
ұйымдастырылады.
Операционалдық-орындаушылық
кезеңде
нақты
оқу
тапсырмаларын орындауарқылы оқушылар жаңа теориялық ұғымды өзара
талқылайды, соның негізінде теориялық білімін бекітеді, оны қолдануға үйренеді.
Ал рефлексиялық-бағалау кезеңінде оқушының теориялық түсініктерді меңгеруі
тексеріледі, түзетулер енгізіліп, қайта қорытындыланады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
27
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз
оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа
ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге
талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін
сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда
болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше
отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне
дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының
болмауы, балаларды танымдық
әрекеттерге
ұмтылдырады,
құштарлығын
арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің
арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол
себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы –
«орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес. Ол – өз пікірін ашық айта,
ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап,
көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы тұлға.
Дамыта оқыту технологиясының тұжырымдамасына
сай, білім беру
барысындағы оқушылардың даму мазмұны, мүмкіндіктері және даму қарқындары
олардың оқу іс- әрекеттеріне байланысты анықталады. Өйткені дамыта оқыту
процесінде оқушы өзін мұғалім дамытуға міндетті және солай болуы тиіс объект
ретінде емес, өзін- өзі дамытуға,өзгертуге қатысатын субъект ретінде орын алады.
Оқушы өзінің оқу процесіндегі белсенді субъект ретінде қатысуы ғана дамыта
оқыту технологиясын басқа технологиядан басты белгі ретінде ажыратып тұрады.
Демек, дамыта оқыту баланы тікелей (субъекті,объекті) жан-жақты дамыта
отырып (жеке басын, дүниетанымын, ойлауы, темпі) оқытуға негізделеді. Бұл,
әрине, оқушының өзін өзгеріп, дамуына өзінің ниет қоюы мектеп жасындағы
баланың дамуының негізгі мазмұнын білдіреді. Оқушының даму белсенділігін
теориялық білім мазмұны арқылы ұйымдастыру, сол мақсатқа оқушымен бірлесе
отырып бет алу - дамыта оқыту технологиясының мазмұнын құрайды. Ал оқушы
оқу процесінің мұғалім сияқты екінші субьектісі болу үшін өз бойында қажетті
біршама қасиеттерді ашу керек. Атап айтқанда, оқушы өзінің алдына қойылған
міндеттерді табу жолын, әдісі, амалын мұғалімнен күтіп отырмай, өз бетімен
орындауға қабілеті барын көрсетуі, соны дамытуы керек. Ал ондай оқушы
қалыптастыру үшін білім беру процесін сол мақсатқа сәйкестендіріп құру керек.
Дәстүрлі мектепте оқушының алдына қойылған міндеттерді шешудің дайын
бірнеше жолын мұғалім өзі көрсетіп, тек соны жаттап алуға үйретеді. Дамыта
28
оқытуда оқушыға алға қойылған міндеттерді шешудің жалпы принциптері
үйретіледі.
Мектеп оқушыларының
танымдық қызығушылығын дамытудың
негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларыныңдәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері
арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп
білеміз. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы
ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы,
бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің
ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып,
шығармашылығын дамытады.
Әсіресе, тілді жүйелі де сапалы меңгертуде мектеп мұғалімінің рөлі орасан.
Яғни, тілді мектеп қабырғасында үйрету қолайлы, артықшылығы басым. Бұл
күнделікті сабақтың жүргізілуіне тікелей байланысты. Ал әр сабаққа мұғалім
қалай дайындалады? Немен оқытады? Қалай оқытады? Басты мәселе де осында.
Мұғалімнің сабаққа дайындығы екі бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы
дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу
жоспарын,
бағдарламасын
оқып-үйреніп,
күнтізбелік-тақырыптық
жоспар
жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін,
көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-жабдықтарды,т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл
дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу
материалының
мазмұнын ойластыру дайындықтың
алғашқы бөлігі болып
табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға
қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін
талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер
мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі
болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының
жазылуын
–
қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың
оқушыларға
түсінікті
болуын,
мысалдардың
тақырыпқа
сай
болуын,
тақырыптардың
жүйелілігін мұқият оқып-үйрену
қажет. Сұрақтар мен
тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін,
маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен,
үйреншікті тапсырмаларды ізденісті
қажет ететін, келелі тапсырмаларға
алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал
ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік
жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын
сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы
қажет. Мұғалім сабақ үстінде
29
оқушылардың
дүниетанымының,
білімге
құштарлығының,
қисынды
ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі
қажет.
Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс.
Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты
басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың
танымдық
және ақыл
қабілеттері белсенділігін арттырып,
өз беттерімен
шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге
мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің
нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің
шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл
әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және
мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен
толықтырып отыруы керек.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты
сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің
сабаққа дайындалуына көмектесетін,
педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар
жасады:
бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы;
осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл;
осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ
мақсатын жаз;
осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал.
олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана
отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс;
осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал;
таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді
ойша салмақта;
сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның»
барлығын жоспар-
конспектіге жаз;
көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды
ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын
жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр;
қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу
құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған
ауады;
жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының);
өзіңнен сұра: - Сен сабаққа дайынсың ба? [23].
30
Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан
сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі
айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.
Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндетіне жататындар:
оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен
бірлесіп,жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді
түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-
тәжірибесінде қалай қолданатынына көңіл бөлу;
оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік,
этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік
нормаларын меңгерту;
оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға
айналдыру;
оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
жалпы оқушының жан-дүниесін дамыту;
Дамыта оқытуды негізге алған шығармашылық жұмыстарда оқушы – мұғалім
іс-әрекетін салыстырып көрейік (2-кесте):
2-кесте – Оқушы – мұғалім іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті
1.
Проблеманы
шешуші.
Өнім
жасаушы.
2. Әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы
іздеуші, табушы.
3. Өз өнімін ортаға салушы, ұжыммен
қарым
–
қатынасқа түсуші (жоба,
модель, ереже, сұрақтар, дайындаушы).
4. Қажетіне қарай мұғалімді де пікір
таласына шақырушы.
5.
Өз
еңбегін
саралаушы,
қорытындылаушы.
1. Оқушыларды дербес таным іс-
әрекетіне
кіргізуші,
оған
түрткі
жасаушы.
2. Тапсырмалар, сұрақтар әзірлеуші.
Ақылшы,
көмек
беруші.
Бірлесіп
іздеуші,
қажетіне
қарай
олармен
пікірталасына, диологиялық әңгімеге
кіруші.
3. Психологиялық
жағымды ахуал,
жағдай туғызушы.
4. Оқушылардың ізденісін қолдаушы,
мақұлдаушы.
5. Қол жеткен нәтижені саралаушы,
түзетулер жасаушы.
31
Кестеде көрсетілген мұғалім мен оқушының іс-әрекетінен байқайтынымыз,
бұл
қарым-қатынастар
дәстүрлі оқытудағы мұғалім
–
оқушы
қарым
–
қатынастарынан мүлдем бөлек. Бұл, әрине, мұғалім қызметін төмендетіп тұрған
жоқ. Оқытудың қай түрі болмасын мұғалім – ол мұғалім. Бірақ оқытудың бұл
түрінде мұғалім дәстүрлі оқытудағыдай барлық іс - әрекетті өз мойнына алмайды.
Мақсатқа тек өзінің белсенділігімен жетпейді. Белсенділік оқушыға жүктеледі.
Дамыта оқытуда да мұғалім – оқушы іс - әрекеті бірлікте, бір бағыт, бір мақсатқа
бағытталады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды,
пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз
пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы
мүмкін екендігі қарастырылады.Мысалы: «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта
аласың?» немесе «Берілген сөзден тағы сөздер қандай ойлап табуға болады?»
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле,
күрделендіре пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді.
Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау –
бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл-күйін бақылауға,
ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе,
оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы
бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б.сияқты
тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады. Дамыта
оқытудың түпкi мақсаты әр пәндi оқытудың тиiмдi әдiстерiн, түрлерiн таңдап
пайдалануға үнемi нысана, тiрек болып отырады. Мысалы, пәндердi дамыта
отырудың түпкi мақсатының бiрi оқушыларды талдап, одан қорытынды шығару,
бiр объектi қызметiнің әртүрлi қырлары бар екенiн көрiп ажырату, объектiнiң
басқалармен байланысын анықтау; мәндi белгiлерден, мәнсiздерден ажырату;
объектiлердi айырма белгiлерiне қарап жiктеу, ұқсас белгiлерi арқылы топтау,
бақыланған құбылыстарды жалпылау, белгiлi әрекет тәсiлдердi таныс емес
жағдайларда
қолдану,
т.б.
осылар
жалпы
интеллектуалдық
бiлiктердi
қалыптастыру десек, осы «тiзiмнiң» өзiнде-ақ оқу материалдары оқытудың
логикалық әдiстерi мен тәсiлдерi анық көрiнедi.
Жалпы дидактикада да, әлемдік әдістеме ілімінде де қалыптасқан «деңгейлік
оқыту»
ұғымы бар.
Деңгейлік оқыту
мәселесінің
негізгі
қағидалары,
заңдылықтары оны жүзеге асыру жолдары аталған
ғылым салаларында
қарастырылған.
«Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған.
Математикада бұл термин «өлшеу құралын», «шаманы» белгілейді. Деңгейлік
идеясы шет елдерде педагогика ғылымына 1920 жылдың басында енген.
32
Қазақ тілін оқытудың деңгейлік жүйесі дегенде, алдымен, қазіргі қолданыста
жүрген «деңгей» ұғымының ара жігін ашып алып, тілді деңгейлік оқытудың
ғылымда қалыптасқан екі түріне: тілді оқыту деңгейі және тілдік материалды
меңгерту деңгейі туралы айтылады.
Қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды ізгілікке тәрбиелеуге бағытталған оқу
үдерісін тану үшін адамгершілік ұстанымдары негіз етіп алынады», – деп қазақ
тілін
оқыту
әдістемесінің
әдіснамалық
негіздері
ретінде
жоғарыдағы
ұстанымдарды көрсете келе профессор Н.Құрман: «Қазақ тілін оқытудың
қалыптасқан
дәстүрінен
басқа,
ішкі
әр
саласына
байланысты
өзіндік
ерекшеліктері, өз бедері, өз әдіс-тәсілдері бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні –
жалпы түрде қазақ тілін оқыту десек те, іштей оның әрбір саласы өзінің нақты
нысанасын бөліп алады. Сондықтан да қазақ тілін оқыту үдерісі өзінің даму
жолын, даму бағытын, ішкі және сыртқы даму мүмкіншіліктерін арнайы зерттеу
барысында анықтап алуға ұмтылады. Осы айтылғандар әдіснамалық негіздердің
болуы қажет екенін дәлелдей алады», - дейді [24].
Деңгейлік оқыту тілді бастапқы дәрежеде білу, ана тілі дәрежесінде білу,
коммуникативтік
қарым-қатынасқа түсе алатындай дәрежеде білу деген
ұғымдармен байланысты. Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік
материалдарды өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып
сөйлеу жағдаятында қолдану.
Соңғы жылдары Еуропалық елдерде тілді деңгейлік оқытуға ерекше көңіл
бөлініп келеді. Қазақстандық әдістемеші-ғалымдарымыз да қазақ тілін өзге ұлт
өкілдеріне меңгертудің 3 деңгей, 5 деңгей, 6 деңгей, 7 деңгей, 9 деңгей түрін
ұсынады. Деңгейлік оқытудағы материалдар тілдік
құзіреті,
әлеуметтік
лингвистикалық құзіреті, дискурсивтік қызметі болады.
Бүгінгі таңдағы
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген
мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан
озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану
үшін заман талабына лайықотандық білім беру стратегиясы мен тактикасын
жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті,
бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім
кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді
талап ететіні сөзсіз» [25].
Ал оқушының тұлғалық мәдениетінің бір арнасын олардың мемлекеттік тілді
білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды
тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие болып
отыр. Қазақстан Республикасының Тіл саясатын, мемлекеттік тілді дамыту
саясатын басшылыққа ала отырып, мектепте мемлекеттік тілді оқытубарысында
жаңа парадигмаларға сай инновациялық жүйелерді енгізу керек.
33
Жобалай оқыту технологиясының ең басты сипаты адами тілдік қатынасқа
негізделуі болса, оның адам өміріндегі мәнін ғалым Ф.Оразбаева былай
тұжырымдайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді
нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен,
өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік
ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық
қатынастың түп негізі дегенді білдіреді» [26].
Қазақ тілін өзге тілді адамдарға оқытудың ең тиімді жолы – тілдік қатынас
заңдылықтарын қолдану екендігін қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет
зерттеп, дәлелдеген профессор Ф.Ш.Оразбаева болды. Ғалым қатысым әдісін
басшылыққа ала отырып, сөйлесім әрекетінің оқылым, айтылым, тыңдалым,
жазылым, тілдесім компоненттерін бір мақсатқа жұмылдыра дамыту арқылы ғана
тілді үйренушінің саналы білім алып, сапалы әрекет етуіне мүмкіндік туатынын
негіздеді.
Қазіргі таңда
әлемдік тәжірибеде екінші тілді меңгерту
қатысымдық
тұлғалардың: сөздің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің, мәтіннің үйренуші тілін
дамытудағы орны анық белгіленген. Бірақ әр тілдің өзінің табиғи болмысына
қарай оларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ тілін меңгертуде
оқушылардың әрбір сөздің мағынасына мән беруіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс.
Өйткені сөз – тілдік қатынастың ең маңызды құралы.
Соңғы жылдары мемлекеттік тілді меңгерту оқушылардың тілді білуіне қарай,
деңгейлік оқытуға қарай бұрылуынан көрінеді.
Лексиканы оқыту мәселесіне қатысы бар барлық авторлар лексикалық
материалдың
өзіндік
қиындықтарын
айтады.
Жоғарыда
айтылғандай,
лингвистикада грамматика және фонетикамен салыстырғанда, лексика жүйесі
жеткілікті ашылмаған. Осыған байланысты лексикада үлкен қиындықтар бар.
Одан басқа, сөз – өте күрделі және көп түрлі құбылыс. Әр сөздің, белгілі нақты
көлемде мағынасы, формасы және қолданылысы бар. Сөздің формасы деп сөздің,
фонетикалық және орфографикалық жағы, оның құрылымы және грамматикалық
формасы түсініледі. Оқушыларға екінші тілді дыбыстау және жазу жаңа әрекет
болып табылады, сондықтан әжептәуір қиындықтар туындайды. Қиындықтар
сөздің мағыналық көлемдерінде, көп мағыналығында, бір сөздің екінші сөзбен
үйлесушілігінде, сөздерді
қолдануда, мағыналық
көлемінде және нақты
жағдаяттарға байланысты пікір айтуда туындайды. Лексиканың жалпы тілдік
материал ретіндегі ерекшеліктерінен бөлек, оқитын тілдің сөздік құрамының жеке
ерекшеліктері бар. Сол себепті, тілді оқыту
әдістемесінде нақты тілдік
ерекшеліктерді ескеру керек.
Тұлға мәдениеті – қоғам дамуының көрсеткіші, өркениетінің өлшемі.
Мемлекеттік тілде сөйлейтін қоғам мүшелеріне қойылатын басты талаптың бірі –
қазақ тілінің сөз әдебі нормаларын меңгеруі. Сол үшін оқушыларға қазақ тілінен
34
берілетін білім мазмұнында ұсынылған тақырыптарды игеру үшін сөйлеу әдебі
түрлерін меңгеріп, қажетті дағды мен білік қалыптастыру көзделді. Әлеуметтік-
мәдени
құзыреттілік
қалыптастыру негізінде оқушы белгілі бір сөйлеу
жағдаятында өз пікірін сыпайы білдіруге, бір нәрсеге объективті түрде баға беруге
төселеді. Ол мәдениет жеке адамның тәрбиесіне, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай
білу қабілеттеріне келіп саяды. Сол себепті соңғы жылдары ғалымдар мемлекеттік
тілде қарапайым ғана тілдесуді емес, сұхбат жасаудың мәдениетін қалыптастыруға
ден қоя бастады.
Сабақта ұйымдастырылатын дидактикалық ойынның сюжеті, қатысушы
тұлғалары болады.Ойын тұлғаның тез ойлай білу дағдысын қалыптастырады.
Ойын шарты алдын-ала белгілі болғанмен, ойын барысындағы күтпеген
жағдайларда оқушы тез шешім қабылдай білуге жаттығады.
Ондайда оқыту үдерісіндегі ойын бірнеше қызметті қатар орындайды
(1-сурет):
1-сурет – Сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойынның қызметтері
Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де
өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды
қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер
тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің
өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.
Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып,
жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес,
керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады.
Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып
жүргізгенде жүзеге асады.
Ойын қызметінің функциялары
қарым-қатынастық
сергіту
тәрбие
оқыту
релаксациялық
психологиялық
дамытушылық
|