Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата22.12.2016
өлшемі6,06 Mb.
#253
  1   2   3   4   5

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми Ғылыми

кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 19 тамыздағы № 4 хаттама).

Қазақ тілді  емес  мектептерде  тілдерді  дамыта  оқыту әдістері. Әдістемелік

құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 86 б.

Ұсынылып  отырған әдістемелік құрал оқыту өзге  тілде  жүргізілетін  жалпы

білім  беретін  орта  мектептерде  мемлекеттік  тіл – қазақ тілін  дамыта оқыту

мәселелерін жетілдіру мақсатын көздейді.

Әдістемелік құрал жалпы  білім  беретін  орта  мектептердің  қазақ тілі  пәні

мұғалімдеріне,  жоғары  оқу  орындарындағы  филология  факультеті студенттеріне

әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013


3

Кіріспе

Қазақ тiлi – кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн көрсететiн негiзгi белгiлердiң барлығы

да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен толық табылады .

Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл –

елдің барлық аумағында  және  түрлі өмір  салаларында қолданылуы  баршаға

міндетті  болып  табылатын,  ресми  жағдайы  мемлекеттік  дәрежеде  белгіленген,

белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті

[1]. Тәуелсіз Қазақ елінің  қазіргі  уақыттағы  экономикалық даму  деңгейі  мен

әлеуметтік  жағдайы,  шетелдермен  халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік

қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес

келетін,  бәсекеге қабілетті  тұлға  даярлаудың  қажеттігін  туғызып  отыр.  Еліміздің

кез  келген  азаматы өз  елі  мен  жерінің тарихын,  мәдениетін,  мемлекеттік  тілді

толық білуі,  меңгеруі қажет  деп  танылады.  Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің

негізгі  көрсеткіштерінің бірі  олардың мемлекеттік тілді  толық меңгеру  екені

даусыз.

Қазақ тiлi – өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк



тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері сөзсіз.

Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл

деңгейiне  көтерiлген қазақ халқының  ұлттық тiлi‚ Қазақстан  Республикасының

мемлекеттiк 

тiлi. 

Республикада 



мемлекеттiк 

тiл 


ретiнде

қазақ


тiлiне

конституциялық мәртебе  берiлiп  отыр. Әлемдік  тәжірибеде  тілге  мемлекеттік

мәртебе екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда,

оның мәселесін шешіп, дамыту үшін мемлекеттік қамқорлыққа алу мақсатында, ал

екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі.

Мемлекеттік  тіліміз – Қазақ тілін өз  мәртебесіне  сай қоғам өмірінің күллі

салаларына  енгізу, қолданыс  аясын  кеңейту  бүгінгі  күннің  өзекті  де  келелі

мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік

қорын  игеруді ғана  жатқызу  жеткіліксіз. Өйткені  сол  сөз,  сөйлемдердің немесе

грамматикалық  құрылыстың сөйлеу  жағдаятының  қай  түріне орай қолдана білуді

анық түсінігі болуы қажет.

Еліміз  егемендік  алғаннан  бері қазақ тілін  оқыту,  оның  әдістемесін  жетілдіру

мәселесі  күн  тәртібінен  түспей  келеді.  Еліміздің осындай  мақсат-ұстанымдарына

қарай


«Тiлдердi

қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған

мемлекеттiк  бағдарламасы»

қабылданды.  Мемлекеттік  бағдарламаның басты

мақсаты – Қазақстанда  тұратын  барлық этностардың тілін  сақтай  отырып, ұлт

бірлігін  нығайтудың маңызды  факторы  ретінде  саналатын  мемлекеттік  тілді

балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-

саяси,


әлеуметтік 

кәсіпкерлік 

саласында 

батыл


қолданысқа 

енгізіп,


қазақстандықтардың 

өмірлік


қажеттілігіне 

айналдыру.

Осы

құжатта


4

«Бағдарламаның бірінші  бағытын  іске  асыру  арқылы Қазақстанның барша

азаматтарының мемлекеттік  тілді  меңгеру  жүйесін құру  жөніндегі  жұмыстарды

ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік

тілді  оқыту әдіснамасын  жетілдіру,  оқытудың инфрақұрылымын  кеңейту  және

мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың

үш міндетін айқындайды» делінген [2].

Сондай-ақ 

Қазақстан 

Республикасында 

білім 

беруді 


дамытудың

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасында  да қазақ тілінің

дамуына ерекше  мән  берілген.  Осы  бағдарламада  «Қазіргі  уақытта Қазақстанда

мемлекеттік  тілдің дамуына  зор  көңіл  бөлінуде.  Орталық және  жергілікті

атқарушы  органдарда,  республика өңірлеріндегі  жоғары  оқу  орындары  жанынан

қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ

тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік

тілді  деңгейлеп  оқыту  енгізілді»  деп,  атқарылған  істердің ауқымы  мол  екенін

көрсеткен [3]. Яғни, алда атқаратын жұмыстар осы істердің заңды жалғасы болып,

одан да көп мәселелерді жетілдіру қажет деп түсінгеніміз абзал.

Бірақ қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне жаңаша

көзқарастың  қажет  екенін  аңғартады. Қазақ тілін  мектепте,  жоғары  оқу

орындарында 

оқыту 


жеткіліксіз 

болғандықтан 

еліміздің 

әрбір 


облыс

орталықтарында, қала  берді  аудандарында  Тіл үйрету  орталықтары жұмыс жасап

жатыр. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін тегін үйрету мәселесінің де қолға

алынғанына  да  бірнеше  жылдың жүзі  болып қалды.  Дегенмен,  нәтиже әлі  де

қоғамымыз күткендей болмай отырған жағдайымыз бар. Осы тұрғыдан алғанда біз

мемлекеттік  тілді қалай  оқытып  жүрміз  деген  заңды  сұрақ туындайды.  Соңғы

кездері қазақ тілін  оқыту  мәселесіне қатысты ғылыми әдебиеттерде,  бұқаралық

ақпарат құралдарында «қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту», «қазақ тілін шет тілі

ретінде оқыту» және «қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту» деген мәселелер

көтеріліп  жүр. Қазақ тілін  ана  тілі  ретінде  оқытуды    жетілдіруді  де  естен

шығармағанымыз  жөн. Өйткені  бұл өте  маңызды  да  күрделі  мәселелердің бірі.

Жалпы қазақ тілін  оқыту әдістемесі  жайлы  сөз  болғанда әуелі  осы  тұрғыда

қарастырған  дұрыс  деп  ойлаймыз.  Ал  мемлекеттік  тіл  ретінде үйрету,  оны

оқытудың мақсат-мүддесін  айқындау әдістемелік құрал  тақырыбына  сәйкес

пайымдалып отыр.


5

1 Оқыту қазақ тілінде емес  мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың

әдістемелік негіздері

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып  бірден қалыптасқан жоқ. Оның да

өзінің тарихи  даму  жолдары  бар. Қазақ халқының тарихында  баланы  ана  тілінде

оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды

десек,  бүгінгі  деңгейге  жету  жолында  басқа  да  бірқатар ғалымдар  бұған  елеулі

үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін,

қағидасын,  маңызын,  жолдарын  көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін  салды,

артына мол қалдырды.

Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов –қазақ

тілін  оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.  Ол – қазақ тілін  дыбысқа  бөліп

оқыту  арқылы  сауаттандыру әдісінің негізін  салды.  Бұл  салада  бірнеше

әдістемелік  мақалалар  жазып,  соның негізінде  1920  жылы Қазанда  «Баяншы»

деген атпен әдістемелік кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге «Әліппені»

пайдаланудың, сауат  ашу әдістерінің жол-жобасын  көрсетіп  берді.  Сөйтіп ғұлама

ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті.

Ол  алдымен қазақша  сауат  аштыруды  көздеп  «Оқу құралды»  жазды,  онан  соң

қазақ тілінің  ғылыми  грамматикасы  «Тіл құралын» ұсынды,  тілді  дұрыс  жұмсай

білу  тәртібін  көздеп  «Тіл  жұмсарын», төртінші – сауат  аштыру,  тілді  оқытудың

әдістемесін жасауды алып, «Баяншыны» жазды.

«Тіл құралы» – қазақ мәдениетінде  бұрын  болмаған  соны құбылыс.  Оның

қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор

арнайы  атап

өтеді.  Ол  осы

оқулықты


қазақ

грамматикасына

қатысты

категориялардың  әрқайсысына  тұңғыш қазақша  терминдерді ұсынады.  Күні



бүгінге дейін қолданып жүрген «зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу,

шылау,  бастауыш,  баяндауыш»  деген  т.б.  сан  алуан  лингвистикалық ғылыми

терминдердің барлығы А. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ

тілінің грамматикалық басты  салалары – фонетика – дыбыс  туралы ғылым,

морфология – сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б.

деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.

А.  Байтұрсынов – қазақ тілінен  оқулық, бағдарлама  жазып, қазақ тілін  оқыту

әдістемесінің дамуына  зор үлес қосқан  белгілі ғалым,  оныңеңбектеріқазақ тілі

әдістемесін дамытудағы зор маңызы.

Басқа ұлт өкілдеріне  арналып  жазылған  алғашқы  оқулықтың авторы,  оқу-

ағарту,  тіл  мен әдебиет,  білім  салаларында құнарлы  еңбек  еткен  талантты

әдіскерлердің бірі – Телжан  Шонанов.  Т.Шонанов – қазақ тілін  оқыту

әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог

ретінде  көрнекті  орынға  ие.  Оның жазған  кітаптары  мен  оқулықтары, әр  салада

жазылған  100-ден  астам ғылыми  еңбектерінде  мектептегі  білім  жүйесі, әдістеме,


6

тіл  мәселелері қаралады.  1933  жылы ғалымның  қазақ тілін  орыс  мектептерінде

оқытуға  байланысты  «Учебник  казахского  языка  для  русской  школы»  деп

аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта

басылып шықты [4].

Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы  негізін  салушылардың бірі – Ғали  Бегалиев

болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі

баспадан шықты.

1920-1930  жылдар  арасында қазақ  өнері  мен  білімінің негізін  салған абзал

азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы  Жұбанов  еді.  Ол – қазақ тіл  білімінің

негізін қалаған  көрнекті ғалым,  тұңғыш  филолог,  профессор. Қ.Жұбановтың

еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ

тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді.

Қазақ тілін  оқыту әдістемесі  саласына  айрықша  көп  еңбек  сіңірген  көрнекті

ғалым – Шамғали  Харесұлы  Сарыбаев.  Ол қазақ тілін  орыс  мектептерінде  оқыту

мәселесін  1933  жылдан  бастап  арнайы қарастыра  бастады.  Ш.Сарыбаев  бірнеше

жылдық зерттеу  жұмысының нәтижесінде  «Орыс  мектебінде қазақ тілін  оқыту

тәжірибесінен»  /1941/  атты  еңбегін  жазып  [5],  натуралды,  сұрақ-жауап әдісін

қолданып,  тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе  жүзінде  дәлелдей  отырып,  1943

жылы  «Методика  преподавания  казахского  языка  в  русской  школе»  атты

тақырыпта  кандидаттық диссертация қорғайды  [6].  Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа

ұлтқа  оқыту әдістемесі  бойынша  тұңғыш ғылым  кандидаты  болды. Ғалым  орыс

мектебінде қазақ тілін  оқытудың  ғылыми  негізін  салумен қатар,  осы  еңбегі

арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті

қолданып,  оқу  материалдарын  оқушының сапалы,  жүйелі,  тиянақты  түрде

меңгеруіне жол ашты.

Қазақ  әдістемесі  мәселелерін  зерттеп, ғылыми  еңбек  жазған  тілші-ғалым

Сейіл  Жиенбаев  орыс  мектептерінде қазақ тілін  оқыту  мәселелеріне, әсіресе  тіл

дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап

оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар

мен әдістемелік кітаптардың авторы.

1930  жылдары  оқулықтармен қатар қазақ тілін  басқа ұлтқа  оқытуға  арналған

бағдарламалар  да  шығарылды.  Ол  жөнінде әдіскер-ғалым  К.Жақсылықова

нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по

казахскому  языку  были  составлены  в  1930  годы  видными  учеными-языковедами

С.Аманжоловым,  Ш.Сарыбаевым,  Т.Шонановым,  и  многими  другими». Қазақ

тілін  оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми  мақалалар  да  жазыла

бастады.  Бұл  ретте  де  алғаш  ой-пікір  білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев,

С.Жиенбаев.

Сонымен,  ХІХ ғасырдың екінші  жартысында  педагогикалық ой-пікірлерді

дамытқан қазақ халқының  ғұлама ғалымдары  Ш.Уәлиханов,  А.Құнанбаев,


7

Ы.Алтынсарин,  Ш.Құдайбердиев  бастаған  ағартушылық кызметті  ХХ ғасырдың

басында  жалғастырған ғалымдар  М.Жұмабаев,  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,

М.Дулатов, Т.Шонанов болды.

Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін

үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу

құралдары,  бағдарламалар  шығарыла  бастады.  Осы  жылдары

қазақ


тіл

ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б.

ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік  еңбектері  жарық көрді. Қазақ тілін  орыс

мектептерінде  оқыту әдістемесінің  қалыптасуына әсерін  тигізген  алғашқы  тілші-

ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген  жылдардағы  жүргізген

зерттеу  еңбегінің нәтижесі  1940  жылы  шыққан  «Очерки  по  методике  казахского

языка  в  русской  школе»  деген  еңбегінде  жарық көрді  [7].  Бұл  еңбек  орыс

мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі  сабағына қойылатын  талаптар,

сабақтың  құрылысы,  орфоэпияға,  ауызша  сөйлеуге,  жазуға үйрету,  лексика  және

грамматика, қазақ тілінен  сыныптан  тыс  жұмыстар  т.с.с.  бөлімдерді қамтиды.

М.С.Лапатухинның еңбегі  орыс  мектептерінде қазақ тілін  оқыту әдістемесінің

тұңғыш үлгісі.

1987  жылы  Республикада қазақ тілін  оқытуды  жақсарту  туралы үкімет

қаулысы қабылданып,  1990  жылы қазақ тілі  мемлекеттік  тіл  дәрежесін  алғаннан

кейін қазақ тілін  оқытуға  көзқарас өзгере  бастады. Қазақ тілін үйренуге  көңіл

бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу

қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға

алынды. Қазақ тілін  екінші  тіл  ретінде  оқытуға  арналған  оқулықтарды,  оқу

құралдарын,  тілашарлар  мен  сөздіктерді,  бағдарламалар  шығару  сексенінші

жылдардың аяғынан  бастап қоғамдық саяси  сипатқа  ие  болды. Қазақ тілін

дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады.

Сонымен қатар қазақ тілін өзге ұлт  дәрісханаларында  оқытуға  арналған

бірнеше  бағдарламалар  жарияланды.  Бағдарламалардың алдыңғы қатарында

тұрған  1987  жылы  профессор  Н.Оралбаеваның авторлығымен  шыққан  «Қазақ

тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады [8]. Н.Оралбаева жасаған

қазақ тілін үйретуге  арналған  алғашқы  бағдарламаны Қазақстан  білім  беру

министрлігі құптап  бекітті.  Осы  бағдарламаның негізінде  1996  жылы  «Ана  тілі»

баспасынан  «Орыс  тіліндегі  мектептерде қазақ тілін  оқыту әдістемесі» атты

оқулық жарық көрді  [9].  Бұл  жоғары  оқу  орындарындағы  студенттерден  басқа

ұлтқа қазақ тілін  оқытатын, әдістемелік  жағынан  жетілген  мамандар  дайындауға

арналған  алғашқы

ғылыми  оқулық.

Оқулық  1992

жылы  жарық

көрген

Н.Оралбаева,  К.Жақсылықова



құрастырған

оқу  орыс  тілінде  жүргізілетін

мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ

тілін 


орыс 

мектептерінде 

оқытудың

лингвистикалық,

психологиялық,

дидактикалық негіздері,  тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі  пәні,



8

оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың

құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда

тілдік  материалды ғылыми  принцип  негізінде  таңдау  және  сұрыптауда:  1)

сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік

қасиеті;  4)  сөздердің тақырып қажеттігіне  сәйкестігі:  5)  екі  тілге  ортақ сөздерді

санатқа  кіргізбеу;  6)  сөздердің сөзжасамдық  қабілеті;  7)  сөздің тілдің дыбыстық

ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі;

9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Қазақ тілін  оқыту әдістемесі  бойынша  практикалық және  лабораториялық

сабақтарды  жүйелі  топтастырудың алғашқы  баспалдағы  ретінде  Т.Әбдікәрімова,

Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту

әдістемесі» атты еңбегін атауға болады [10].

Практикалық және лабораториялық жұмыстар,  сабақты ұйымдастырудың

үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-

практикалық жағынан  жан-жақты  талданып  көрсетілген еңбек  оқытушыларға

әдістемелік жағынан көмек беретін тұшымды жұмыс болып табылады.

Қазақстан  көп ұлтты  мемлекет  болғандықтан,  осында қалыптасқан  тілдік

ортаға  байланысты  тілді үйренушілердің  өзі – бастауыш  топ,  жалғастырушы  топ

болып  бірнеше  топқа  бөлінеді.

Қазіргі  кезде  жиі

қолданыста  жүрген

оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен

А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы [11]. 1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі»

деп  аталатын үш  кітаптан  тұратын  кешенді  оқулығы  шықты.  Автордың пікірі

бойынша  бойынша  оқулық АҚШ-та  басылған  «70 қадам  арқылы қазақ тілін

үйреніңіз»  атты  оқулықтың жалғасы  болып  саналады.  Кешенді  оқулықтың

мақсаты – «бүкіләлемдік  ең актуальды  және ұтымды  оқыту әдістерін қолдана

отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету» [12].

Сонымен, өз  алдына  дербес ғылым  болып  табылатын қазақ тілін  оқыту

әдістемесі – педагогика ғылымының бір  саласы. Өйткені  оның  өзіндік  зерттейтін

нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.

Қазақ тілін  оқыту әдістемесінің зерттейтіні  оның оқыту  жолдары  мен

жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және

лингвистика ғылымдарының негізінде  жинақталған  практикалық тәжірибе  мен

бұрыннан қалыптасқан  теориялық  қағидалардан,  тұжырымдардан  шығарылады.

Егер  нақтылап  айтсақ, оқыту әдістемесі  мына  мәселелерді  зерттейді:  1)

мақсаттары  (не үшін  оқыту  керек?);  2)  мазмұны  (нені  оқыту  керек?);  3)

ұйымдастырылуы  (қалай  оқыту  керек?);  4) құралдары  (ненің көмегімен  оқыту

керек?);  5)  оқыту  кезінде  оқушылардың білімді  меңгеру  деңгейі,  ақыл-ойының

дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.

Қазақ тілін  оқыту әдістемесінің зерттейтін  басты  нысаны  оқушыларға  тілді

меңгерту  болғандықтан,  ол  ең алдымен тіл  біліміне  арқа  сүйейді. Өйткені


9

мектепте қазақ тілі  пәнінен өтілетін  материал  тіл  білімі ғылымының негізінде

белгіленеді.  Яғни қазақ тілі  пәнінің мектепте  оқытылуы  мазмұнын  анықтау

әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына

сүйенеді.  Атап  айтқанда,  фонетиканы  оқыту әдістемесі,  лексиканы  оқыту

әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені

өз-өзінен 

түсінікті. 

Сондай-ақ,

мысалы, 


фонетикалық,

морфологиялық,

синтаксистік  талдаулар - әдістемелік  тәсілдер,  ал  бұл  атаулардың  өздері  және

мазмұны  тіл  біліміне  тән.  Ендеше қазақ тілін  оқыту әдістемесі өзінің бұдан

былайғы  даму  барысында  тек  педагогикалық  қана  емес,  белгілі  дәрежеде  тіл

білімдік ғылым  болып  та қалыптасуда.  Мысалы,  тіл  білімінен  берілетін

фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп

оқуға,  емлеге үйрету  сияқты әдістемелік  мәселелермен  тығыз  байланысты  іске

асырылады.

Ендеше, әдістемелік  негізде  мектеп  грамматикасы  мен ғылыми  грамматика

бір-бірімен тығыз  байланысты,  тіпті  біртұтас  деуге  де  болады.  Мектепте қазақ

тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады,

қазақ тілі  сабақтарында  берілетін  тәрбиенің жолдарын  (бұл  тәрбиеге  мазмұны

сәйкес  материалды,  мысалдарды  сұрыптау,

көркем  шығарма  материалын

пайдалану  т.б.)  тіл құралдары  арқылы  іске  асыруды  жан-жақты қарастырады.

Сонымен қатар  мұғалім өзінің  әрбір  оқушысын,  оның психикасын,  материалды

қабылдау  және  есінде  сақтау  дағдыларының дәрежесін  білуге  жағдай  жасайды,

оқушыларды

жүйелі 


зерттейтін

әдістермен

қаруландырады 

Оқушының


психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді

тиімді  пайдалану  мүмкін  емес.  Бұл әдістер  мен  тәсілдер  оқушылардың жеке

басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке

алмайынша, мақсатқа жете алмайды.

Қазақ

тілін  оқытудың барысында  мұғалім  оқытудың формалары



мен

мазмұнын, 

міндеттерін 

шешуде,


әдістемені 

анықтауда 

дидактикалық

принциптерді

басшылыққа  алады.

«Принцип»

латын  сөзі



«основа

первоначально-руководящая идея...» қазақшасы – «оқытуда басшылыққа алатын

идея, қағида». Қазақ тілін  оқытудың барлық деңгейлерінде бағдар беретін  негізгі

жұмыс бағыты осы.

Дидактикалық принципті  алғашқы  зерттегендер:  чехтың  ұлы  педагогы

Я.А.Коменскийден  басталса,  орыстың  ұлы  педагогы  К.Д.Ушинский, қазақ

халқында Ы.Алтынсарин құнды  пікір  айтты.  Оқытудың бағытын,  принциптерін

зерттеуде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту

принциптерінің 

8

түрін 



тұжырымдап 

көрсетсе, 

М.А.Данилов

/«Дидактика  средней  школы»/  1975  ж.  кітабында  дидактикалық принциптің  7

түріне  түсінік  береді.  Т.А.Ильина  «Педагогика»  кітабында  оқытудың  7 түрлі


10

принциптеріне  анықтама  береді. Ал Ю.К.Бабанский  /Педагогика,  І977  ж./  оқыту

принциптерінің 13 түріне тоқталады.

Қазақ балаларын  оқытуда  Ы.Алтынсарин  мұғалімдерге өте  жоғары  талап қоя

білген:  «...әрбір  затты  ықыласпен, қарапайым  тілмен  түсіндіру, өз  оқулығында  /

«Қырғыз  хрестоматиясы»/  тақырыптарға  сәйкес  суреттеу,  сурет  арқылы  беру

сияқты,  көркем  жазуды, әріптердің формасын  дұрыс  түсінуге,  дағдыландыруды

үйрету  ...шәкірттердің барлық сезім  мүшелерінің – көз, қол,  есту қабілетін,  тілді,

зейінді  дағдыландыру,  баланың барлық  қабілеттерін  жаттықтыру  арқылы  және

оған өз бетімен жұмыс істеу керек», – дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне:

түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу  принципі, өз бетінше  оқыту,

саналылық принципін ұсынған.

Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі  саласының бірі - дидактика

тарауында қаралады.  Дидактика  /оқыту  теориясы/  гректің  didaktikos - оқытамын

деген  сөзінен  шыққан.  Дидактиканың негізгі  проблемалары  оку үдерісінің

зандылықтарын,  принциптерін  және  оқытудың тиімді әдістемелерін  көрсетеді.

Мысалы,  ресейлік ғалымдар И.Я.Лернер,  М.Н.Скатин  оқыту әдісінің бес  түрін

көрсетеді:

түсіндіру-көрнекілік немесе ақпараттық-рецептивтік;

репродуктивтік;

проблемалық баяндау;

ішінара-ізденістік немесе эвристикалық;

зерттеушілік – деп  оқытудың бес  түрлі әдісіне  тоқталса [13],  Г.А.Ильина

«Педагогика» атты еңбегінде  оқыту әдістемесінің  4 түрге  бөлген.  Ал  академик

Ю.К. Бабанский  де  осындай  оқыту әдістерінің түрлеріне  тоқталып,  оны

оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп көрсетеді.

Ә.Исабаевтың  «Қазақ тілін  оқытудың дидактикалық негіздері»  деген  1993

жылғы  еңбегінде қазақ тілінен  білім  беру әдістерін:  практикалық жақтан үйрету

әдістері,  теориялық жақтан үйрету әдістері  және  теориялық-практикалық  үйрету

әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.

Оқытудың теориясын  зерттеген ғалымдар ғылыми  еңбектерінде  оқыту

әдістерінің анықтамасын  былай  берген.  И.Д.Зверев:  «Оқыту әдістері  дегеніміз -

мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары», - десе,

Ю.К.Бабанский:  «Оқыту әдістері  дегеніміз - мұғалім  мен  оқушылардың  өзара

әрекетінің негізінде  білім,  тәрбие  және  таным  процесін  жетілдіру», - дейді.

Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: «...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ

тілін  оқытудағы  мұғалімдердің

озық


тәжірибелерінің  қорытындыларына

негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән», - деген.

Профессор Ә.Исабаев:  «Қазақ тілінен  білім  беру әдістері  сан  алуан.  Осы

әдістерді әдістемеде  жіктеп  көрсетудің мәні  зор.  Жіктеп  көрсетуде,  біріншіден,



11

оқушыға  берілетін  білімнің сапасы  артады,  екіншіден,  оқушымен  жүргізілетін

жұмыстың

дәлдігі  нығаяды,

үшіншіден,  мұғалімнің

атқаратын  жұмысы

жеңілдейді... 

Оқушылар 

тілді 

практикалық-теориялық



және 

теориялық-

практикалық жағынан  меңгереді. Қазақ тілінен  білім  беру әдістерін  топтастыру

әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді», - дейді.

Нұржанова  Ж. өзінің  «Қазақ тілін  тиімді  оқыту  жолдары»  атты әдістемелік

құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:

түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап,

дәріс түрлері жатады.

кітаппен  жұмыс  істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін  кітаптан қарау -

анықтама,  түсініктер,  жоспар,  конспект,  тезис,  газет,  журнал,  сөздік,  т.б.

жұмыстар.

көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.

техникалық  құралмен  жұмыс  істеу әдісінің бірі - демонстрациялық  әдіс –

экран  бейнесі  арқылы  диафильм,  кино,  фрагмент,  т.б,  техникалық  құралмен

жұмыс істеу.

жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз

бетінше  жұмыс, қайталау,  пысықтау  кезінде ұлттық ойын  элеметтерін  пайдалану

жұмысы.


Мектепте  оқылатын қазақ тiлi  тек  тiл  туралы  бiлiм  беретiн  арнайы  оқу  пәнi

ғана  емес,  ол  басқа  пәндердi үйрену,  меңгеру құралын қалыптастыратын

жалпыпәндiк  маңызға  да  ие.  Сондықтан қазақ тiлiн  оқытудың коммуникативтiк

бағытын  күшейту  арқылы ғана  оның мектептiк  бiлiм  жүйесiндегi әлеуетi  арта

түспек.

Елімізде мемлекеттік тілді үйрету мәселелері әр қырынан зерттелді. Мысалы:



Ә.Жүнісбек: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет