Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата22.12.2016
өлшемі6,06 Mb.
#253
1   2   3   4   5

Айыптаймын

Жақтаймын

71

Т.Қазанғапұлы- күйші-сазгер, халық аспаптық музыкасының классигі.

Ол Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданында туған.

Тәттімбеттің 40-тан астам күйлері бар.

Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге шешен, ақын, ұста, қоғам қайраткері болған.

Қазіргі кезде Тәттімбет күйлерін тамаша орындайтын кәсіпқой домбырашылар:

Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов.

Қазақ сазгерлерінің камералық аспаптық, симфониялық, опералық

шығармаларында Тәттімбеттің көптеген күйі қолданылады.

Шығарманың авторларын табу.

Үкілі Ыбырай«Сегіз келін»

Балуан Шолақ«Алтыбасар»

Ақан сері«Гәкку»

Жаяу Мұса«Сарыжайлау»

Тәттімбет «Ләйлім шырақ»

Біржан сал«Ақсиса»

Тест


11-сынып

1. Жетісуда туылып, Көкшетауда ер жеткен балуан кім?

а) Біржан сал

ә) Балуан Шолақ

б) Ақан сері

2. Үкілі Ыбырайдың ел арасында кең тараған әні қалай аталады?

а) «Қоштасу»

ә) «Сегіз келін»

б) «Гәкку»

3. Біржанның әкесінің аты кім?

а) Қожағұл

ә) Тұрлыбай

б) Орынбай

4. Ақан серінің сүйген қызы аты кім?

а) Ақлима

ә) Ақмарал

б) Ақтоқты

5. Нұрмағамбет Баймырзаұлының лақап аты қандай?

а) Біржан сал

ә) Балуан Шолақ

б) Ақан сері

6. Ақан сері неше жасынан өлең жазды?

а) 10-11


72

ә) 17-18


б) 19-20

7. Тәттімбеттің неше күйі бар?

а) 30-дан астам

ә) 40-тан астам

б) 10 шақты

8. Ресей патшасы 2- Александрдің таққа отыру тойына қандай өнерпаз барады?

а) Біржан сал

ә) Балуан Шолақ

б) Тәттімбет

9. Атсыз жүріп, ел аралаған әнші кім?

а) Біржан сал

ә) Балуан Шолақ

б) Жаяу Мұса

10. Кәсіпқой домбырашы У. Бекенов кімнің күйлерін орындап жүр?

а) Үкілі Ыбырай

ә) Балуан Шолақ

б) Тәттімбет

11. Ақан сері кімнің мектебінен шыққан?

а) Біржан сал

ә) Балуан Шолақ

б) Жаяу Мұса

12. «Сегіз келін», «Көкшетау», «Сарын». т.б. әндердің авторы кім?

а) Үкілі Ыбырай

ә) Балуан Шолақ

б) Біржан сал

Қорытынды.

Семантикалық картаны толтыру.

өнерлері

өнерпаздар

Біржан сал

Ақан сері

Тәттімбет

Үкілі Ыбырай

Балуан Шолақ

Жаяу Мұса



Түртіп алу стратегиясы.

Не білдім?

Нені білгім келеді?

Маған не жұмбақ?



73

Үй тапсырмасы: «Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар» тақырыбы бойыншашағын

шығарма жазу.

I. Сабақтың тақырыбы: Туып-өскен жер қымбат

II. Сабақтың мақсаты: а) білімдік : Оқушылардың Қазақстан туралы алған

білімдерін тиянақтау. Отан туралы әңгіме, өлең арқылы білімдерін толықтыру.

ә) тәрбиелік : Отанды қорғауға, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу, яғни

патриоттық сезімін оята отырып, елге, тілге сүйіспеншілігін арттыру.

б) дамытушылық. Сөздік қорын молайту, өз ойын тиянақты жеткізуге, қазақ

тілінде ауызекі сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.



ІІІ. Сабақтың түрі : бекіту сабағы.

IV. Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап т.б.

V. Сабақтың көрнекілігі: тірек- сызбалар, кәртішкелер, плакат, ТҚЖ

(компьютер, мультимедия құралы).



VI. Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.

ә) сәлемдесу.

б) сұрақ- жауап.

2) Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

«Туып-өскен жер қымбат» деп аталады.

Сабағымыздың мақсаты: Туған жеріміз Қазақстан туралы алған білімімізді

тиянақтау.

Ең алдымен, өтілген тақырыптарды қайталай отырып, алған білімімізді мына

тірек-сызба арқылы қорытындылап көрейік.

Туған жер

Қазақстан

Мемлекет

тік

тіл

Астана

Табиғаты

Туған қалам

Отбасым

Мектебім

Қалам


74

Ал енді, туған жер туралы айта отырып, келесі сұрақтарға жауап беріп

көріңдерші.

Проблемалық сұрақ

Туған жер біз үшін неге қымбат?

Балалар, туып-өскен жер дегенде қандай сөздер бірден естеріңе түседі?



Сайыс.Екі оқушы шығып, «Біздің ауыл» мәтіні бойынша бір-біріне кезекпен

сөйлемдер айтады. Шарт бойынша оқушылар бір-бірінің сөйлемдерін аяқтауға

тиіс).

Құпия сандар.(Сандардың артынан суреттер шығады, ол суреттердің

жанында тапсырмалары бар).



Сәйкестігін тап.

1.Отан оттан 1. түні де ыстық

2. Ел іші2. басталады

3. Туған жердің күні де ыстық 3. елі де сүйекті

4. Туған жердің жері де көрікті4. да ыстық

5. Отан отбасынан 5. алтын бесік

6. Отансыз адам 6. ормансыз бұлбұл

Жазба жұмысы.

Семантикалық карта толтыру

Тапсырма.Сөйлемдер құрастыру.

Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері, атамекені.

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.

Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.

Қазақстанда 14 облыс, 85 қала, 160 аудан бар.

Қазақстанның бас қаласы – Астана

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Мен туған жерімде жақсы көремін.



Сұрақ-жауап

«Отан» өлеңі (М.Мақатаев)

түнін гүл

Сүйемін


күнін тілін

Өзен үнін

тау жәндігін

Жұмбақ


Алып кілем,

Гүлге толы

Үсті кілең.

жер


Жаңылтпаш

Сыныпта ақ бор бар,

Көк бор бар,

Көп бор бар.

Метаграмма

«к»- деп егер

бастасаң,

Шомыласың суына.

«ш»-деп егер

бастасаң,

Жазда аунайсың

құмына.


75

Деңгейлік тапсырмалар (Тапсырмалар оқушыларға таратылады, олар өздері

деңгейіне қарап тапсырмаларды орындайды).

о

қ



у

ш

ы



л

а

р



баспалдағы

Қорытынды

Тест (компьютерде орындалады)



Оқулықпен жұмыс

..., сен кімнің баласысың?

Атамның баласымын

Өзің кімсің?

Орыспын

Қайда тудың?



Степногорскіде тудым.

Отаныңды білесің бе?

Білемін, менің Отаным-Қазақстан. Мен Қазақстанда туып-өстім. Бұл жерде менің

ата-анам, туыстарым, достарым тұрады. Қазақ жері өте әдемі және бай.

Ержеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?

Барлық күш-жігерімді Отаныма арнаймын!

Не үшін?

Өйткені ол менің перзенттік борышым.

Үй тапсырмасы: «Туған жер» тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру.

Қуанған сенің алғаш қадамыңа

Күш берген, талпындырған талабыңа

Сенемін ақта мынау туған елдің,

Азамат боп қызмет ет Отаныңа.

Мейірман Дәулетбаев



76

Тақырыбы:

Қазақстанның

жануарлар

әлемі

ІІ.  Мақсаты: а) Білімділік:Қазақстан  туралы алған  білімдерін қайталай  отырып,

Қазақстанның жануарлар әлемімен  таныстыру;б) тәрбиелік:Оқушылардың еліне,

туған  жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру және саналы,  тәрбиелі

азамат


болып

қалыптасуына

әсер

ету;


в)

дамытушылық:сөздік

қорын  байыту,

қазақ

тілінде  ауызекі  сөйлесуге



дағдыландыру.

III. 

Сабақтың

түрі:

жаңа 


білім 

беру 


сабағы.

IV. Оқыту әдіс- тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, іздену, тыңдалым.

V. Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта.

ҮІ. 

Сабақтың

пәнаралық

байланысы:

тарих, 


дүниетану.

VII. Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі:

А) сәлемдесу; Ә) оқушыларды түгендеу; Б) сұрақ- жауап.

2.Кіріспе бөлім.

Мұғалім:Құрметті оқушылар,  мен бүгінгі  сабағымызды  атақты ақындарымыздың

бірі – Мұқағали Мақатаев ағамыздың өлеңімен бастағалы отырмын.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Бұл өлең не туралы?

-Отан дегеніміз не?

-Сендердің туып- өскен жерлерің қалай аталады?

-Біздің еліміз қандай?

- Біздің еліміз - бай әрі қуатты  ел.  Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді.  Біздің

еліміздің балалары бақытты.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі.



-Балалар,  біз  сендермен қазақ тілі  сабақтарында  Отанымыз  туралы  көп

әңгімелесеміз, енді осы тақырыпқа байланысты рөлдік жағдаят өткізейік.

Рөлдік жағдаят

Сендер поезбен  Алматыдан келе  жатырсыңдар.  Купеге

басқа 

елдің


азаматтары 

кірді. 


Танысып, 

олардың


сұрақтарына жауап беріп көріңдер.

77

Сонымен,  балалар,  біздің Отанымыз-тәуелсіз  мемлекет.  Біздің  өз  теңгеміз,

рәміздеріміз бар.

Мен  сендердің назарларыңа  «Көк тудың желбірегені»  атты  бейнематериал

ұсынамын. Бейнематериал

Осы  бейнематериалды  көріп,сендердің жүректеріңде қандай  сезімдер  пайда

болды?Біз кімдермен, немен мақтан ете аламыз?

Әрине, балалар, біз керемет жерде тұрамыз. «Туған жеріміз» тақырыбы бойынша



Блиц- турнир ойынын өткізейік.

1) Республикамыз үлкен, табиғаты..., жері кең әрі ... .

2) «Жері байдың- елі бай»,- ... ... .

3) Қазақстан жерінде көмір, мұнай, темір, ...,... ...

4) Табиғат- асыл ... .

5) Біз табиғатты сүйе ... ... .

6) Оларды... ... .

Негізгі бөлім.

Қазақстанның осындай  таулары  мен  жазықтарында, өзен  мен  көлдерінде

әртүрлі  жануарлар  мен  аң,  құстар  мекендейді. Бүгінгі  жаңа  сабағымыздың

тақырыбы:



Қазақстанның

жануарлар

әлемі

Мақсатымыз:Қазақстанның жануарлар әлемімен таныстыру.



Жаңа сөздер:

Омыртқалы жануарладың- позвоночные животные

Сүтқоректілер- млекопитающие

Жуық- приблизительно

Бауырымен жорғалаушылар - пресмыкающие

Қосмекенділер-земноводные

Балық тәрізділер-рыбообразные

Жәндік түрлері - виды насекомых

таулар


өзендер

көлдер


жазықтар

Қазақстандағы



78

Тыңдалым.

Қазақстан жерінде алуан түрлі жыландар кездеседі.-

Мұнда омыртқалы жануардың 835 түрі бар.+

Соның ішінде  ағаштардың 180 түрі, қояндардың 500-ге жуық, балықтардың 52-сі

тіршілік етеді. -

Тек жәндік түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.+

«Кім тез» ойыны

Аңдарды зерттеу орталығы

Аңдар

Аңдар - терісі жүнмен жабылған жануарлар. Сиыр, түйе, ит, мысық, жылқы,

маймыл, піл және кішкентай тышқан - мұның бәрі аңдар. Бірақ біз оларды жабайы

және үй жануарлары деп атауға үйренгенбіз.

Аңдар  балаларын  сүтпен қоректендіреді.  Сондықтан оларды  сүтқоректілер

дейді.  Табиғатта өз  бетімен  тіршілік  ететін  жануарларды  жабайы  аңдар  деп

атайды. Адамдар күтіп бағатындарын үй жануарлары дейді.

Сүтқоректілер

Жәндіктерді зерттеу орталығы

Жәндіктер

Жәндіктер - үш  жұп  аяғы  бар  жануарлар.  Олардың денесі үш  бөліктен- басы,

денесі, аяқтарынан тұрады.

Жер  бетінде  неше  түрлі жәндіктер өте  көп.  Олар  топырақта,  суда,  ауада,

өсімдіктер денесінде, ыстық және суық жерлерде тіршілік етеді.

Жәндіктердің адамға  пайдалылары  және  зияндылары  бар.  Аралар  бал  жинайды.

Құмырсқалар, қоңыздар  топырақты қопсытады.  Зиянды  жәндіктерге  колорадо

қоңызы, орамжапырақ көбелегі, шыбын, маса жатады.

Аңдар

Сиыр, түйе, ит,



мысық,жылқы, маймыл,

піл және кішкентай

тышқан

терісі жүнмен, қылмен



жабылған жануарлар

Үйжажануарлары



79

Балықтарды зерттеу орталығы

Балықтар

Балықтар әртүрлі болады. Олардың өте үлкендері де,майдалары да бар. Олар өзен,

көл, теңіз, мұхит суларында тіршілік етеді.

Балықтар  желбезектерімен  тыныс алады.  Олардың жүзу қанаттарымен құйрығы

бар. Балықтың денесі жылтыр қабыршақтарымен жабылған.

Қанаттарының және құйрығының көмегімен суда жүзеді.

Балықтар уылдырық шашады. Уылдырық - бұл балықтардың жұмыртқасы.

желбезектерімен (жабрами)

жүзу қанаттары(плавников)

жылтыр қабыршақтарымен (сколькой чешуей)

уылдырық

шашады  (икры

мечут)

шабақтар (мальками)



желбезектерімен (жабрами)

тіршілік етеді.

Зиянды пайдалы

Аралар


Құмырсқалар

Қоңыздар


Колорадо

қоңызы,


Орамжапырақ

көбелегі


Шыбын

Маса


үш жұп

аяғы бар


жануарлар

денесі үш

бөліктен

тұрады


жүзу

қанаттары мен

құйрығы

жылтыр


қабыршақтарымен

80

уылдырық

Құстарды зерттеу орталығы

Құстар

Құстардың екі қанаты  және  екі  аяғы  бар.  Денесі қауырсындармен  жабылған.

Қауырсындары құстарды  суықтан,  ыстықтан қорғайды. Құстардың түрі  көп.

Олардың бәрі  де ұя  жасап,  жұмыртқа  салады.  Жұмыртқадан  балапан  басып

шығарады.  Бүкіл  жаз  бойы құстар  балапандарын қоректендіреді.  Балапандарына

түрлі ұсақ жәндіктерді  тасиды.  Осы  кезде олар  көптеген өсімдіктерге зиянды

жәндіктерді құртады. Сол арқылы олар табиғатқа пайда келтіреді.

зиянды жәндіктерді (вредных насекомых)

екі қанаты және

екі аяғы


Балапан

шығарады


ұя жасап,

жұмыртқа салу

қауырсын

дар


балапандарын

қоректендіреді

түрлі ұсақ

жәндіктерді

тасиды

зиянды жәндіктерді



құртады

табиғатқа

пайда

келтіреді



81

Венн диаграммасын толтыру

Құстармен аңдар

Жәндіктер мен балықтар

INSERT әдісін қолдану

Қорытынды бөлім:

...,,,,..,,...

,,,,.. ,..,,,,...п=н

Отан

Мұқағали Мақатаев

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...



Үй тапсырмасы: 105 бет, 2-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақтар құрап жазу.

Бағалау.

Жануарлар

әлемі

Құстар


Балықтар

Жәндіктер

Аңдар

Қарлығаш


Арыстан

Шортан


Алабұға

Бұлбұл


Құмырсқа

Көбелек


Саршұнақ

Маймыл


82

Қорытынды

ХХІ ғасыр – қарыштап  дамыған  білім ғасыры.  Бүгінгі  жастардың  өмірдің

өзінен үйренері көп-ақ. Сондықтан олар мұғалімге, оның өткізген әрбір сабағына

сыни көзбен қарайды. Оларды таңдандыру, қызықтыру үшін әрбір сабақ жаңалық

болуы  керек.  Ол  мұғалімнің көп  ізденісін қажет  етеді.  Осы  орайда,  С.Көбеевтің

«Әрине алғырлық та, тапқырлық та, ептілік те, икемділік те, табандылық та қажет.

Бұлар  оқытушының беделді  болуының  құралы  болуға  тиіс.  Халық оқытушыны

өзінің шын  досы,  ақыл  айтар  данасы, қараңғы  да  сәуле  шашар  шам-шырағы   деп

білу керек. Мұның үшін оқытушы ең алдымен өз оқушыларының алдында беделді

болуы қажет.  Оның бір  негізгі  шарты – оқытушының  өз  дәрежесін    жақсы

меңгерген адам болуы  былай  тұрсын, оның сабаққа  жақсы дайындалуы  керек», –

деген ұстанымдары қазіргі ұстаздардың бейнесін де көрсететіп отырғаны анық.

Оқу  материалдарын  оқушының жас  ерекшеліктеріне  орай  таңдау – олардың

мұны  толық игерулеріне  септігін  тигізетіні  анық.  Ғылым  мен  техниканың,

педагогикалық инновация мен  технологияның соңғы  жетістіктерін  оқушыларға

саралап  беру  мұғалімнің шеберлігін  көрсетері  анық. Танымдық тақырыптағы

материалдар  көбірек  орындалса,  білімнің де құндылығы  арта  түсер  еді.

Оқушыларды

қазақ

халқының


рухани  байлығы  мен  заманауи  біліммен

қаруландыру – ұстаздың айнымас мақсаты.

Тәрбиелік

қуаты  берік  білім  халықтың

болашақ

даму  бағытын



өзі

айқындауына  жол  ашады.  Ал  бұл мемлекеттік тілдің оқытылу  сапасы  мен  оның

ұйымдастырылуының түпкі  нәтижеге  сәйкестік  деңгейіне  тікелей қатысты.  Бұл

тілге ұлттық ділдің бірден-бір  тетігі,  тірегі,  тіні  деп қарауды қажет  етеді.  Оның

үстіне тіл – таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі, барлық білімді

сол  арқылы  игереді. Жалпы  білім  беретін  мектептің басты  мақсаты – дара

тұлғаның дамуына  мүмкіндік  жасау болса,  сол  тұлғаның басты  көрсеткіші –

сөйлеу әрекетін еркін меңгеруі, өз ойын ашық айта алуы ғана емес, сонымен қатар,

оның  өзіндік  сөйлеу  стилінің  қалыптасуы. Қазіргі қазақ тілі  сабақтарында  тілдік

қатынас  жасау  мәселесіне  басымдылық берілуі – тілдің адам  болмысы  мен

бірлігіне сүйеніп жасалған жаңа қадам.

Оқытудың дәстүрлі өнімсіз  стилін  ығыстыру және  оқушылардың танымдық

белсенділігі  мен өзіндік  ойлауын қамтамасыз  ететін  жаңа  дамытушы,  сындарлы

білім  беру үлгісіне  көшу әлемдік  білім  берудің стратегиялық бағыттарының бірі

болып табылады.

Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру –үйреншікті

жай ғана  шеберлік  емес,  ол – жаңадан  жаңаны  табатын өнер»  деген  екен.

Сондықтан, қазіргі  таңдағы  педагогика  жаңалықтарын, қазіргі қолданып  жүрген

пән ерекшелігіне қарай қолдана  білу – оқыту  мақсатына    жетудің бірден-бір

жолы.


83

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Абасилов  А.  Мемлекеттік  тілдің  Қазақстан  Республикасының солтүстік

аймағындағы

қызметі:  социолингвистикалық

проблемалары,  оларды  шешу

жолдары: Фил. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 1998. – 132 б.

2. Қазақстан  Республикасында тiлдердi қолдану  мен  дамытудың  2011-2020

жылдарға 

арналған 

мемлекеттiк 

бағдарламасы.

Қазақстан 

Республикасы

Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы  № 110 Жарлығымен  бекітілген.

3. Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020    жылдарға

арналған    мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан  Республикасы  Президентінің

2010 жылғы 7 желтоқсандағы  № 1118 Жарлығымен  бекітілген.

4. Шонанов Т. Самоучитель киргизского языка для русских. 4-ое перераб.изд.

Кызылорда, Каз.гос.изд., 1927. – 122 с.

5. Сарыбаев  Ш.  Орыс  мектебінде

қазақ

тілін  оқыту  тәжірибесінен.



Алматы,1940.

6. Сарыбаев  Ш.  Методика  преподавания  казахского  языка  в  русской  школе.

Алматы, 1943. – 125 б.

7. Лапатухин  М.С.  Очерки  по  методике  казахского  языка  в  русской  школе.

Алматы, 1940.

8. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп,

1987. – 75 б.

9. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілі оқыту

әдістемесі. Алматы. Ана тілі, 1996. – 20 б.

10. Әбдікәрімова  Т., Әбдіғалиева  Т.Шаймерденова  К. Қазақ тілін  оқыту

әдістемесі. Алматы, 1999.

11. БектуровШ. БектуровА. Казахский яык. Алматы, Рауан.1994 -240б.

12. Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998.

13. И.Я.Лернер, 

М.Н.Скатин. 

Дидактика 

средней 

школы. 


Москва,

«Просвещение», 1975. - 146 с.

14. Пассов  Е.И.  Коммуникативный  метод  обучения  иноязычному  говорению.

2 изд. М. Просвещение, 1991. - 312 с.

15. Оразбаева  Ф.  Тілдік қатынас:  теориясы мен әдістемесі. –Алматы,  2000. -

256 б.


16. Божович  Е.Д.  и  др.  Языковая  компетенция  как  критерий готовности  к

школьному обучению Харьков, 2003.

17. Колшанский  Г.В.  «Теория  речевых  актов  как  один  из  вариантов  теории

речевой деятельности» Москва. 1999. - 241 с.

18. Оразбаева Ф.Ш. Тiлдiк қатынас: теориясы мен әдiстемесi. Алматы., 2001. -

280 б.


84

19. Крысин  Л.П.  Социолингвистические  аспекты  изучение  современного

русского языка. – М.,: Наука, 1989. – 188 с.

20. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000, 6-бет.

21. Философиялық сөздік. Алматы: КӘ, 1996, 120 б.

22. Құрманова Н.Ж.

Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы. – Монография.

-

Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту  республикалық орталығы, 2007. -



160 б.

23. Львова  С.И.  и  др.  Русский  язык  в  школе:  состояние,  проблемыи  пути  их

решения. // РЯШ. №4, 2003. - С.4-9.

24. Құрман  Н.Ж. Қазақ тілін  оқытудың  әдіснамалық негіздері:  Монография. –

Астана: 

Тіл 


комитеті, 

Ш.Шаяхметов 

атындағы 

тілдерді 

дамытудың

республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2008. - 160 б.

25. Назарбаев  Н. Қазақстан  халқына  Жолдауы.  Егемен Қазақстан,  1-наурыз,

2007.


26. Оразбаева  Ф.  Тілдік қатынас  пен қатысым әдісінің  ғылыми-теориялық

негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 ж. – 345 б.

27. Лихачев Д.С. Язык и ценности. - Москва, 2000. - 165 с.


85

Мазмұны

Кіріспе


3

1 Оқыту қазақ тілінде емес  мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың

әдістемелік негіздері ............................................................................................

5

2 Оқыту қазақ тілінде емес  мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың



әдістері мен амалдарының жүйесі

35

Қорытынды



82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

83


86

Қазақ тілді емес мектептерде тілдерді дамыта оқыту әдістері

Әдістемелік құрал

Басуға 20.09.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84

1/

16



. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 5,0.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК



010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург»ІСО, 13-қабат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет