Қазақ тілі. 2-сынып 21-сабақ Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п



Дата17.04.2023
өлшемі1,38 Mb.
#83377
түріСабақ
Байланысты:
5-сабақ Менің туристік маршрутым

Дүниетану 4-сынып 5-сабақ Сабақтың тақырыбы:Менің туристік маршрутым Дайындаған: №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Исхан Жаниа

Бүгінгі сабақтан білетінің:

Бүгінгі сабақтан білетінің:

4.2.4.1 - ақпараттың қолжетімді көздерін (ғаламтор, кітаптар, басқа да ақпараттық құралдарды) пайдалана отырып, жалпы Қазақстан бойынша, Астана қаласы бойынша туристік бағыт құру.

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!

- Дүниетану сабағын бастаймыз!

- Бүгін біз “Болашаққа саяхат” атты жаңа тарауды бастамақпыз.

Бұл бөлімнен сен:

-Туған өлкең бойынша туристік маршруттар жасауды үйренесің;

- Техникалық прогрестің адам өміріне әсерін зерттейсің;

- Бренд деген сөздің мағынасын білесің, Қазақстанның ұлттық брендін жасауды үйренесің;

Картамен жұмыс: Оқулықтың 125 бетіндегі картамен жұмыс жасау


Дескриптор:
Картадан еліміздің көрікті жерлері қай қалаларда орналасқанын анықтай алады.
  • Картамен жұмыс: Оқулықтың 125 бетіндегі картамен жұмыс жасау

Өзіңді тексер!!!

Өзіңді тексер!!!

Нұр-Сұлтан қаласында: Бәйтерек, Ханшатыр, Ақ орда;

Көкшетау қаласында-Бурабай демалыс орны;

Қызылордада-Байқоңыр

Маңғыстауда-Бекет ата жерасты мешіті ;

Түркістанда- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі;

Алматы облысында -Ұлттық мұзайдын, көне жазулар жазылған тастар.

Турситік маршрутты жоспарлау Алдымен қай жерден бастайтынымызды анықтаймыз. Картадан баратын жерлерді белгілеп, нысандарды нақтылаймыз. Ол киелі орындардан бастап, табиғаттың көрікті жерлерімен аяқталады. Сен білесің бе? Нұр-Сұлтан қаласында ашық аспан астындағы «Атамекен» мұражайы орналасқан. Мұражайдан еліміздің басты қалалары – Нұр- Сұлтан мен Алматыны және 200-ден аса көрікті орынды көруге болады.

ОЙЛАН!

ОЙЛАН!

«Маршрут» деген сөзді естігенде көз алдыңа нені елестетесің?

- Туристік маршрутты жоспарлау үшін бізге қандай құралдар қажет?

  • Нені білуіміз керек?
  • Дескрипторлар: - Берілген сұрақтарға жауап бере алады;

Өзіңді тексер!!!

Өзіңді тексер!!!

Маршрут парағы дегеніміз - жоспарланған орындарға саяхаттау тізімі жасалған қағаз немесе карта;

Туристік маршрутты жоспарлау үшін бізге- мәліметтер жинақтау үшін интернет желісі, карта, кітаптар мен газеттер қажет болады;

Нені білуіміз керек?

-Баратын бағытымызды;

  • Саяхаттың мақсатын;
  • Көлік түрлерін;
  • Қаражат шығынын;
  • Қажет уақытты білуіміз қажет;

Туристік маршрут бағытын жоспарлау үлгісі

Дескриптор: Үлгі бойынша оқушы өзі туристік маршрутты жоспарлауды үйренеді;


Атауы

Бағыты

Нені көреміз?

Күндер саны

Шығындар

Қазақстанның киелі орындарына саяхат

Алматы-
Тараз-
Шымкент-
Түркістан-
Нұр-Сұлтан-

Таразда-Айша Бибі кесенесі,
Қарахан кесенесі,Арыстан баб кесенесі Шымкенттен 150 шақырым, Түркістанда- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
Нұр-Сұлтан қаласындағы көрікті жерлерді аралау

3 күн

Көлік, азық-түлік, саяхат, тынығатын орын.

Жеке жұмыс: Көрсетілген үлгі бойынша өз туристік маршрутыңды жоспарла.

Отанымыздың көрікті жерлеріне саяхат жасайық.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет