Қазақ тілі 9-сынып I деңгей, жеңіл сұрақтар



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата20.12.2023
өлшемі209,46 Kb.
#141628
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
yazyk9kaz



ҚАЗАҚ ТІЛІ 
9-сынып 
I деңгей, жеңіл сұрақтар 
 
1.Сөз тіркесінің байланысу түрі нешеу екенін анықтаңыз. 
A) 2 
B) 3 
C) 4 
D) 5 
E) 6 
2. Бастауыш қызметіндегі мезгіл үстеуін табыңыз. 
A) Елдің ертеңі – жастар. 
B) Өсер жастың алдын кеспе. 
C) Досы көппен сыйлас. 
D) Ақырын жүріп, анық бас. 
E) Жақыннан қарасаң да, алысты байқа. 
3. Еліктеуіштен жасалған амал пысықтауышты белгілеңіз. 
A) Тарс еткен дыбыс табиғатты оятқандай болды. 
B) Көгілдір өзен жай ғана ағып жатыр. 
C) Осы таза ауаның кеудеңе толтыра жұта бергің келеді. 
D) Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-cылқ күлді. 
E) Бұлар әуежайдың шетінде тұрған аспан түстес ұшақтың қасына келіп 
тоқтады. 
4. Үйірлі толықтауышы бар сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Мұндай құстар шыршалы ормандарды жақсы көреді. 
B) Әйгерім оларға талайдан түйіліп қалған әнімен әндетті. 
C) Таңертеңгі шайдан соң Абай Майбасарға келе жатты. 
D) Бұл сөзді естігенде, ол сылқ-сылқ күлді де, шығып кетті. 
E) Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі де анық. 
5. Қатыстық сын есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз. 
A) Бетегеден биікпін, 
Жусаннан аласамын. 
B) Ғылым жолы – сара жол. 
C) Өзен тауымен көрікті, 
Өріс малымен көрікті. 
D) Дос елдерге жарық та, жылу да ортақ, 
Алыптардың даңқы мен атағы ортақ. 
E) Маған тоғайдағының бәрі қызық. 
6. Жалаң сөйлемді табыңыз. 
A) Балалық мінезі әлі қала қойған жоқ. 


B) Қырдағы ел ойдағы елмен араласты. 
C) Кең далада жалғыз адам жүзіп келеді, жүзіп келеді. 
D) Тұқымды құрғатпай-ақ себе беруге болады. 
E) Қаптады қол, салынды жол, бұзылды тау. 
7. Есімді сөз тіркестері бар қатарды табыңыз. 
A) Атпен келу, сөйлеп кіру 
B) Айтқанға көну, тез жүгіру 
C) Ағашқа міну, көлге шомылу 
D) Арманның ойы, асыл сөз 
E) Арбаға отыру, сахнаға шығу 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет