Қазақ тілі 9-сынып I деңгей, жеңіл сұрақтар


Жалғаулықты себеп-салдар салаластың жасалу жолын белгілеңіз



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата20.12.2023
өлшемі209,46 Kb.
#141628
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
yazyk9kaz

17. Жалғаулықты себеп-салдар салаластың жасалу жолын белгілеңіз. 
A) бірақ 
B) не болмаса 
C) өйткені 
D) кейде 
E) да 
18. Дара баяндауышты сөйлемді анықтаңыз. 
A) Екі атты алыстан әндетіп келе жатыр. 
B) Төрт жерде төртім – он алты. 
C) Түні бойы көз ілмедім. 
D) Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық. 
E) Сабағы жаман жемістің дәні де жаман. 
19. Баяндауыш қызметіндегі жіктеулі зат есімді сөйлемді белгілеңіз. 
A) Жүректен шыққан сөз жүректен жол табады. 
B) Сен әкеңнің қызысың. 
C) Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
D) Жақсы кітапты алғаш оқығанда, жаңа дос тапқандай боласың. 
E) Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. 
20. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз. 
A) –са, -се 
B) бірақ, алайда 
C) –ды, -ді 
D) және, әрі 
E) да, де 
ҚАЗАҚ ТІЛІ 
9-сынып 
III деңгей, қиын сұрақтар 
 
1.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін анықтаңыз. 
A) тез жаттау, білу үшін оқу 
B) телефонмен сөйлесу, кітапты алу 
C) сенің дәптерің, шаңырақтың иесі 
D) мектепке дейін жүру, таза жүру 
E) жас спортшылар, универсиадаға қатысты 
2. Сөйлемнің айқындауыш мүшелерін белгілеңіз. 
A) Ақынның пәтер-мұражайына бардық. 
B) Мінезі де, түрі де – бәрі өзім. 
C) Оқыған жасқа білімнің есігі кең ашылды ғой бұл заманда. 


D) Күшікті желкелерінен тістелеп, ақ қасқыр інге әкелді. 
E) Сол сәтте бәріміздің де ойынға еш зауқымыз болмады. 
3. Құрмалас сөйлемде ойдың ара жігін ажырату қызметін атқаратын 
тыныс белгіні көрсетіңіз. 
A) Нүкте 
B) Жақша 
C) Тырнақша 
D) Леп белгісі 
E) Қос нүкте 
4. Айқындауыш мүше қатысқан сөйлемді табыңыз. 
A) Шұбар қаршығасын амалсыз жұртқа көрсету үшін, қолына алды. 
B) Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен 
ұйықтайтын. 
C) Қария көп жыл бойы жылқышы болған. 
D) Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов білетін. 
E) Абайдың өз әжесінен басқа ешкімнен естімеген жыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет