жарасады. Үлкен қара көздері жəне жіңішке қара қастары
үйлесіп тұр. Назерке жылы жүзді жəне қарапайым.
Досымның
əке-шешесі
Маңғыстауда
тұрады.
Назеркенің ағасы жəне сіңлісі бар. Əкесі - заң қызметкері,
ал шешесі - тіс дəрігері. Əкесі қарапайым, білімді кісі, ал
шешесі ақкөңіл жəне мейірімді жан. Оның ағасы –
сəулетші. Сіңлісі мектепте оқып жүр. Назерке жатақханада
тұрады. Жатақханасы төрт қабатты үй. Назерке үшінші
қабатта тұрады. Оның бөлмесі кең таза жəне жарық.
Назерке екеуміз демалыс күндері кездесіп, қызықты
əңгімелер айтып, пікірлесеміз.
Екеуіміздің ұқсастықтарымыз бен қызығушылығымыз
бірдей. Біз бір-бірімізді қадірлейміз.
АЙТЫЛЫМ. А
қпаратты баяндау.
4-тапсырма.
Сұрақтар:
1. Сенің ең жақын досың кім?
2. Оның жасы нешеде?
3. Назерке қай университетте оқиды?
4. Оның келбеті қандай?
5. Назеркенің ата-анасы қайда тұрады?
6. Оның отбасында еше адам бар?
7. Назерке қазір қайда тұрады?
8. Сен досыңды не үшін қадірлейсің?
4-ТАҚЫРЫП. МЕНІҢ ҚҰРДАСТАРЫМ
Грамматика:
ауыспалы келер шақтың болымды түрі
АЙТЫЛЫМ. А
қпаратты баяндау.
1-тапсырма. Миға шабуыл: Құрдас деген кім? Өз
ойларымен бөлісу.
Түсіндіру: Құрдас – бір жылы туған адамдар. Сонымен
қатар, «бір жас – құрдас» деп те айтады. Кейде құрдас
адамдардың туған жылы, айы, тіпті күні де сай келуі
мүмкін. Бір айда туғандарды «түйдей құрдас» деп атайды.
Кейде əзіл-қалжыңы жарасқан
замандастар
да құрдас атана
береді.
Еске сақтайық: түйдей құрдас → фраз. ровня;
родившийся в одно время
(год в год, месяц в месяц)
біз онымен құрдаспыз → мы с ним ровесники
ТЫҢДАЛЫМ. Негізгі сөздерді түсіну.
2-тапсырма.
Сөздерді тыңдап, қайталаңыздар, сөз тіркесі
мен сөйлем құрастырыңыздар.
құрдас мемлекет
туған тұрғын
тұлға тəуелсіздік
жыл жариялау
күн билік
ай тұңғыш
замандас қызмет
əзіл басшы
қалжың мамандық
кейде əлеуметтік
пешене айланыс
мемлекет қатынас
дерек
Достарыңызбен бөлісу: