алады. Біздің қандай жерде тұратынымыз маңызды емес. Ол
үлкен қала болуы мүмкін немесе ол кішкентай ауыл болуы
мүмкін, бəрібір біз туған жер ретінде жақсы көреміз. Алысқа
кетсек сағынамыз.
«Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бəріміз» деп, мен болашақта
өз ауылымныңи мынадай болғанын қалаймын … .»
ТЫҢДАЛЫМ.
4-тапсырма. Ақпараттың шынайылығын анықтау.
4.2 Мақал-мəтелдерді дəптерге жазу, мағынасын түсіну, жаттау.
3-АПТА. ТАТУ ОТБАСЫ
1-ТАҚЫРЫП. МЕНІҢ ОТБАСЫМ.
Грамматика: ауыспалы келер шақтың көпше түр
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру, миға шабуыл:
1.
Сіз қайда тұрасыз?
2.
Ата-ананы сыйлау дегенді қалай түсінесіз?
3.
Сіздің отбасыңызда қанша адам?
4.
Ағаларыңыз немен айналысады?
5.
Қарындасыңыз қайда оқиды?
6.
Өзіңіз немен айналысасыз?
7.
Сіз үшін отбасыңыздың рөлі қандай?
•
ОҚЫЛЫМ.
1-тапсырма. Мəтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды
салыстыра сипаттау
2-тапсырма.
МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Біздің отбасымыз өте үлкен. Біздің отбасымыз жергілікті
аудан тұрғындары. Біз Шымкент облысы, Шəуілдір ауданында
тұрамыз. Біздің жеріміздің табиғаты өте көрікті.
Біздің отбасымызда алты адам. Олар: əкем, шешем, екі ағам,
бір қарындасым. Əке-шешем үлкен кісілер, жастары 60-65-терде.
Əкем мен шешем зейнеткерлер. Екі ағамның екеуі де жоғары оқу
орнын бітірген. Үлкен ағам ауылда, əке-шешемнің қолында
тұрады. Ағам – мал дəрігері, жеңгем – мұғалім. Ағамның үш
баласы бар. Балаларының үшеуі де мектепте оқиды. Олар
мектептің озат оқушылары.
Екінші ағам Маңғыстау қаласында тұрады. Ол оқуын
бітіргеннен бері осы қалада заң қызметкері. Əйелі банкте жұмыс
істейді. Олардың бір ұл, бір қыздары бар. Ағамдар жанұясымен
жазғы демалыстарында ауылда болады.
Қарындасым Т.Жүргенов атындағы театр жəне өнер
институының 1-курс студенті. Қарындасым өте көрікті, əрі
өнерлі. Домбырамен əн айтып, би билеп, түрлі аспаптарда
ойнайды.
Мен өзім Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика
университетінің үшінші курсында оқимын. Мен болашақта
бизнес саласында қызмет еткім келеді. Мен үшін отбасы
кішігірім мемлекет. Отбасымыздағы ынтымақты, татулықты
сақтауға бəріміз де міндеттіміз. Əрбір туған күнді, мерекені,
жалпы атаулы күндерді отбасымызбен бірге қарсы аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: