Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет32/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
ТЫҢДАЛЫМ
3-тапсырма. Сұрақтарды тыңдаңыз, сұрақтардың жауабын
ҚарМУ туралы бейне таныстырылымнан тауып жазыңыз.
1.....................................................................................
2.....................................................................................
3.....................................................................................
4.....................................................................................
ОҚЫЛЫМ.
4-тапсырма. Мəтінді оқыңыз.
Менің университетімнің ерекшелігі.
Мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университетінде оқимын. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу
орындарының бірі. Ол 1972 жылы құрылған. Университет 1991
жылдан бері Е.А.Бөкетов есімімен аталады. Мұндағы 12
факультетте 12 мыңнан аса студент білім алуда.
ҚарМУ-дың миссиясы: Білім беру мен халықаралық тану
арқылы əлемдегі көшбасшы позицияларға ұмтылу. ҚарМУ-да
оқу – бұл жай білім алудан да көп! Университетте жаһандық
бəсекеге қабілетті, білімді, білікті мамандар даярлайды. Сен
университетте өзекті ғылыми зерттеулер жүргізе аласың,
заманауи білім беру технологияларын қолдана аласың, өз
StartUp–ыңды жүзеге асыра аласың. Əлемдік деңгейде білім ала
аласың. Университетте қос диплом беру бағдарламасы жүзеге
асырылады. Біздің университет басқа да университеттермен
серіктестік 
орнатқан. 
ҚарМУ 
бірнеше 
халықаралық
қауымдастық 
құрамына 
енген. 
Сондай-ақ 
біздің
университетімізде шетел азаматтары да білім алуда.
Университет студенттерінің академиялық «TEMPUS»,
«ERASMUS MUNDUS» ұтқырлық білім беру бағдарламалары
бойынша шетелдерде білім алуға мүмкіндіктері бар.
Университетте 6 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді.
(Сарыарқа археология институты, Техникалық физика жəне
экология 
мəселелері 
институты, 
Химиялық 
мəселелер
институты, Нарықтық қатынас институты, Молекулярлық
нанофотониктер институты, Қазақ халқының рухани мұраларын
оқыту институты) .
ҚарМУ-да 
«Қарағанды 
мемлекеттік 
университетінің
хабаршысы» ғылыми журналы, “Eurasian Physical Technical
Journal” халықаралық журналы бар.
Кітапхана қорында қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз,
корей жəне əлемнің өзге де тілдерінде шығатын 1,7 млн. дана
кітап пен электрондық басылымдар бар. Оқу залында, сирек
кітаптар қорында, мерзімді баспасөз залында оқытушылар мен
студенттер үнемі шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет