Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет37/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Əдебиеттер[7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
2-ТАҚЫРЫП. 
СТУДЕНТТІК 
ҰЙЫМ 
НЕМЕН


АЙНАЛЫСАДЫ?
Грамматика: етістік +ғы/гі/қы/кі +тəуелдік жалғау + кел
құрылымының көпше түрі
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ: Лексикалық минимуммен
тыңдалым əрекетінен танысамыз.
ТЫҢДАЛЫМ
Негізгі сөздерді түсіну.
1-тапсырма. Сөздерді тыңдаңыз, қайталаңыз, аударыңыз.
Тірек 
сөздерді, 
грамматиканы 
пайдалана 
отырып,
сұқбаттасыңыздар.
Ұйым Кеңес
Қайырымдылық Ой-өріс
Пікір-сайыс  Зияткерлік
Адалдық Деңгей
Ерікті Көшбасшылық
Жасақ  Қалыптастыру
Насихаттау Сапа
Көпшілік Ақысыз
Қарсылас Серік
Əлеуметтік Ұмтылыс
Мүгедектер Ықпал ету
Бастама Кəсіпкерлік
Дəлелді Қайырымдылық
Назар аударыңыз!
Қалау райының көпше түрінің жасалу жолдары
1 Біздің
етістік 
+ғы/гі, 
қы/кі
+тəуелдік жалғауы –
мыз/міз + «келеді»
оқы+ғы+мыз 
келеді,
көр+гі+міз келеді.
2 Сендердің етістік 
+ғы/гі, 
қы/кі
+тəуелдік жалғауы –ң +
«келмейді»
оқы+ғы+лар+ың келеді,
көр+гі+лер+ің келеді.
Сіздердің етістік 
+ғы/гі, 
қы/кі
+тəуелдік жалғауы –
ңыз/ңіз + «келмейді»
оқы+ғы+лар+ыңыз келеді,
көр+гі+лер+іңіз келеді.
3 Олардың етістік 
+ғы/гі, 
қы/кі
+тəуелдік жалғауы –сы/
сі + «келмейді»
оқы+ғы+лар+ы 
келеді,
көр+гі+лер+і келеді.
• 
ОҚЫЛЫМ.
2-тапсырма. Мəтінді оқыңыз,аударыңыз.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да бірнеше студенттік
ұйымдар жұмыс жасайды. Олар: Пікір-сайыс клубы, Жас Отан,
Enactus, Адалдық мектебі, Студенттік омбудсмен, Еріктілердің
студенттік жасағы, Студенттік парламент, Жатақханалардың
студенттік кеңестері.
Пікір-сайыс клубы университеттің ең танымал студенттік
ұйымдарының бірі. Клуб қызметінің негізгі түрі пікір-сайыс
турнирлерін ұйымдастыру жəне өткізу, семинарлар өткізу, пікір-
сайыстарды насихаттау болып табылады. Пікір-сайыс клубы
студенттердің ой-өрісі мен зияткерлік деңгейін дамытады,
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, көпшілік алдында
сөйлеуге, қарсыластардың сөздеріне дəлелді жауап беруге,
командада жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыруға ықпал
етеді.
Enactus – кəсіпкерлік арқылы прогреске ұмтылыс. Enactus –
өмірдің сапасы мен деңгейін жақсарту үшін кəсіпкерлік
мүмкіндіктерді қолдануға ұмтылатын академиялық жəне іскери
серіктерді біріктіретін халықаралық коммерциялық емес ұйым.
Еріктілердің студенттік жасағы (факультет деңгейінде де,
университет деңгейінде де жұмыс істейді) – студенттердің
бастамасымен құрылған, оқудан бос уақытта əлеуметтік-


пайдалы, əлеуметтік маңызы бар қызметпен ақысыз негізде
айналысатын студенттердің ерікті ұйымы. Еріктілер жасағы
жасақ 
қатысушыларымен 
сайланған 
командирдің
басшылығымен əрекет етеді. Волонтерлік қызмет: балалар
үйлері, қарттар үйлері, мүгедектер үйлеріне шығу арқылы
қайырымдылық 
акциялар; 
қайырымдылық 
концерттер;
экологиялық акциялар; стадиондарда, алаңдарда жəне т. б.
көпшілік театрландырылған көріністерге студенттердің қатысуы;
студенттік форумдарда, фестивальдардағы жұмыстарға ерікті
қатысуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет