Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет38/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Оқылым тапсырмалары:
1. Сұрақтарды жауабымен сəйкестендіріңіз.
1 Enactus қандай ұйым?
А Студенттердің бастамасымен
құрылған, əлеуметтік маңызы
бар қызметпен ақысыз негізде
айналысу.
2 Еріктілердің 
студенттік
жасағы деген не?
Ə зияткерлік деңгейін дамыту,
көпшілік алдында сөйлеуге
үйрету.
3 Пікір-сайыс 
клубының
мақсаты қандай?
Б Пікір-сайыс клубы.
4 Қай ұйым студенттердің
көшбасшылық қасиеттерін
қалыптастыруға
көмектеседі?
В Іскери серіктерді біріктіретін
халықаралық 
коммерциялық
емес ұйым.
ЖАЗЫЛЫМ.
3-тапсырма. Студенттік ұйымдар туралы Венн диаграмасын
құрастырыңыз. 
Олардың 
ортақ 
ұқсастықтарын 
жəне
ерекшеліктерін жазыңыз.
АЙТЫЛЫМ.
4-тапсырма. Студенттік ұйымдардың қайсысының мақсаты сізге
ұнады? Неге? Ойыңызбен бөлісіңіз.
Пікіріңізді мына үлгіде айтып көріңіз:
Менің ойымша,......
Өйткені......
Мысалы......
Дегенмен.......
Сондықтан.....
Сонымен........
Əдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
9-АПТА.
1-ТАҚЫРЫП. Студент болу оңай ма?
Грамматика: Болымсыздық есімдіктері
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ: Лексикалық минимуммен
тыңдалым əрекетінен танысамыз.
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. Сөздерді тыңдаңыз, қайталаңыз, есте сақтаңыз,
аударыңыз.
Жаңа сөздерді пайдаланып, болымсыздық есімдігімен 6 сөйлем
құрастырыңыз.
Ғаламтор Кəсіби
Болашақ Жабдықталған
Көмек Меңгеру
Негізгі Қабілетті
Іздеу Бастамашыл
Мақсат Ұйымдастырушы
Ақпарат Бəсеке
Тəжірибе Тапсырма
Тыңдау Көшбасшы
Қажетті Мүмкіндік
Ізденуші Мақала


Ізденіс
Назар аударыңыз!
Болымсыздық есімдіктері
Бірге жазылатын
болымсыздық
есімдіктері
ешкім, ешбір,
ештеме,
ешқашан,
ешқандай,
ешқайцда,
ешқайсысы.
Мен ешқайда бармаймын/
бармадым.
Мен ешқайда барған
емеспін.
Мен ешқайда барған
жоқпын.
Бөлек жазылатын
болымсыздық
есімдіктері
Еш нəрсе, еш
уақытта, еш жерде
Мен еш уақытта сабаққа
кешікпеймін.
ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Ешкім, ешқайсысы болымсыздық есімдіктерін
септеңіз.
ОҚЫЛЫМ.
3-тапсырма. Мəтінді оқыңыз.
Студент болу оңай ма?
Студент – жоғары оқу орнына түсіп, белгілі бір мамандық
бойынша білім алушы, болашақ маман. Студенттің негізгі
мақсаты – терең білім алып, оны тəжірибеде қолдана білу.
Жоғары оқу орнында студенттерге түрлі мамандықтар бойынша
қажетті пəндерден теориялық білім алуға мол мүмкіндіктер бар.
Айталық, оқытушы оқыған дəрістер мен практикалық сабақтағы
тапсырмаларды толық меңгеру үшін студент өздігінен жұмыс
істейді, ізденеді. Ол үшін ЖОО-ның кітапханалары (электронды,
абоненттік, т.б.) мен оқу залдарына барып, сабаққа
дайындалады. ЖОО компьютермен жабдықталған. Сондықтан
білім алушыға ғаламтордың көмегі арқылы (іздеу, табу, оқу, көру,
тыңдау) қажетті барлық ақпараттарды алуға болады. Сонымен
қатар түрлі тақырыпта презентация жасау, реферат, мақала жəне
т.б. жазба жұмыстарымен де шұғылдана алады.
Студент ізденуші ғана емес, ол – көшбасшы. Сондықтан да
ол білімді болумен қатар, ұйымдастырушы, бастамашыл,
еңбекқор, жауапкершілігі мол, жан-жақты болуы керек. Бүгінгі
білім алушы студент – ертеңгі кəсіби маман. Сондықтан қазіргі
заманның бəсекеге қабілетті азаматы атына лайық студент
үздіксіз ізденісте болуы керек. Ендеше, студент болу – оңай
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет