Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет5/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
Жазылым:
- əңгімелеу жазылым жұмысы;
- орфографиялық нормаларды сақтап, тыныс белгілерді
дұрыс пайдаланып суреттеп жазу;
- мəтінді байланыстырушы сөздерді қолданып, əңгіме
жазу;
- мезгіл мəнді сөздерді қолданып, əңгіме құрастыру;
- құрылым бойынша сипаттау, шағын əңгіме жазу;
- оқиғаны əңгімелей отырып, күнделік жазу;
- орынды суреттеу, əлеуметтік желімен хат жазу;
- дəлелдеу жазылым жұмысы;
Айтылым:
- ақпаратты баяндау;
- адамды суреттеу, мінезін, отбасын сипаттау;
- негізгі тірек сөздер арқылы негізгі ақпаратты табу
лексиканы пайдаланып баяндау;
- сөйлеу жағдаяты бойынша диалог жүргізу;
- сипаттау, хабарлау монологы;
- құрылым бойынша əңгімелеу;
- өз ойын айту;
- орынды суреттеу, ресми танысу сұхбаты;
- тақырып бойынша сұхбат алу;
- ситуация бойынша баяндау, суреттеу;
Тыңдалым:
- негізгі ақпаратты түсіну;
- ақпараттың тақырыбын, шынайылығын табу;
- қосымша ақпаратты табу;
- жетекші сөздер арқылы негізгі ойды анықтау;
- ақпаратты хабарлау, сипаттау;
- суреттеу мəнді ақпараттарды табу;
- ақпараттың ретін табу, негізгі ақпаратты табу.
Курстық сабақтар сіздің алдыңызға қойған мақсаттарға
жету көмегі ретінде жоспарланған:
- қарым-қатынас жасауға керекті, қолданыста жиі
кездесетін практикалық грамматика бірліктерін қолданып,
тұрмыстық, оқу, əлеуметтік, мəдени салаларда əртүрлі сөйлеу
жағадяттарына араласып, сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті
ақпараттарды сұрап алуға;
- əртүрлі жанрдағы мəтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі
жəне көмекші ақпараттарды ажыратуға;
- қарым-қатынас жағдайына сəйкес ақпарат сұрауға жəне
хабарлауға;
- радио, теледидар арқылы берілген ақпараттарды тыңдап,
түсінуге, сұхбаттасушының, пікір білдірушінің сөздерін тыңдап,
негізгі тақырыпты анықтауға, автордың ойын түсінуге;


- қазақ тілінде сөйлеу, ойлау əрекетін жетілдіруге, лексика-
грамматикалық сөйлеу, талдау, сөйлеу үрдісінде өзінің пікірін
серіктесімен өз ара талдауға, түсінуге;
- жеке жəне топтық жұмыстарға қатысуға, презентация
жасау мен қорғауға, дербес ой дағдыларын дамытуға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет