Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Лексикалық минимум: Фейсбук, планета, қолданушы,
электронды хат, видео жүктеу, бейнеқоңырау, сұраныс, парақша,
қосымша, аймақтық желі, үй жануарларының суреті, достық
қабылдау, əдемілік, қызықты ақпарат, хат алмасу, ұялы телефон,
компьютер, өтірік аккаунт.
ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. «Үш шақты формула» кестесін толтырыңыз.
БҰРЫН.ҚАЗІР.ЕРТЕҢ
Əдеуметтік
желілер
Бұрын Қазір Ертең мүмкін
ВКонтакте
Менің əлемім
Инстаграмм
Твиттер
Фейсбук
Телеграмм
ТЫҢДАЛЫМ. 
https://youtu.be/QgqX0Y6b5p4
2-тапсырма. Тыңдалымды тыңдап, үш сұрақ дайындаңыз.
Сұрақтарды досыңызға қойыңыз.
Сіздің сұрақтарыңыз:
1. ..............................................................................................
2. ..............................................................................................
3. ..............................................................................................
Досыңыздың жауаптары:
1. ..............................................................................................
2. ..............................................................................................
3. ..............................................................................................
• ОҚЫЛЫМ
Мəтінді оқып, тапсырманы орындаңыз
Facebook əлеуметтік желісінің түсті неге көк екенін білесіз
бе? Мұның себебі өте қарапайым. Желіні құрған миллиардер
Марк Цукерберг туылғанынан түстерді ажырата алмайды.
Нақтырақ айтар болсақ, ол – дальтоник. Цукерберг тек көк түсті
ғана анық көреді. Ал Vkontakte желісін құрастырған Павел
Дуровтың да түстерді дұрыс ажырата алмайтын көрінеді.
Аймақтық желілер
Facebook, Vkontakte жəне Twitter сынды əлеуметтік
желілерді білмейтіндер қоғамда сирек кездеседі. Ал ғаламтордан
мұқият іздесеңіз, неше түрлі аймақтық желілерді де таба аласыз.
Мысалы, mordawki.ru – тек үй жануарларының суреттерін
жүктеуге арналған желі. Ал BeautifulPeople.com сайтына тек
сұлу адамдар ғана тіркеле алады. Тіпті, қайтыс болған кісілерге
арналған əлеуметтік желі (pomnim.pro) де бар.


Ғасыр қылмысы
Əлеуметтік желіде біреудің атынан тіркелгені үшін абақтыға
қамауы мүмкін. Мұндай қатаң заңнама Мароккода қабылданған.
Жергілікті университет студенті королдік жанұяның мүшесі
атынан əлеуметтік желіде «өтірік аккаунт» ашқан. Қарапайым
студент жасаған қылмысы үшін оқу орнынан шығарылып, үш
жылға бас бостандығынан айырылады.
Фейсбук есімді қыз
Мысыр елінің азаматы жаңа туылған қызына «Фейсбук» деп
ат қояды. Ол аталған əлеуметтік желінің елде жаңа билік (2011
жылы Мысырда халықтық төңкеріс болған) орнатуға тиімді
платформа қызметін атқарғаны үшін осылай жасағанын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет