Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс


Ауысып міну Баратын жеріңізге тікелей



Pdf көрінісі
бет73/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83
Ауысып міну


Баратын жеріңізге тікелей бір ұшақпен емес, ауысып міну
арқылы барған арзандау болады. Аялдамаларда қыдырудың өзі
қызық. Оның үстіне бірден екі қаланы көре аласыз.
Билетті алдын ала сатып алу
Егер алдын ала жоспарлауды жақсы көрсеңіз, сіз үнемдей
білесіз деген сөз. Əуе билеттері демалыс уақыты басталғанда
бірден қымбаттап кетеді, ал сіз билетті алдын ала көктем
уақытында сатып алсаңыз, бұл өте тиімді. Арзан баға ұшуға 50-
60 күн қалғанда болады.
Демалыс маусымында саяхаттамау 
Демалыс маусымы кезінде бəрі қымбаттайды. Сондықтан
еңбек демалысын көктемде немесе күзге қарай алуға болатын
мүмкіндікті қарастырыңыз.
Билеттерді апта ортасына жəне түнгі рейстерге сатып
алу
Кешкі жəне түнгі рейстердің билеттері таңғы немесе
күндізгіге қарағанда арзан əрі тиімді. Билетті түнгі уақытта
брондап қойса да болады. Сейсенбі, сəрсенбі, бейсенбі
күндеріне сатып алынған билеттер арзан, ал ең қымбат билеттер
демалыс жəне мереке күндері сатылады.
Оқылым тапсырмалары:
1. Мəтіндегі қарамен жазылған сөздерді аударыңыз.
2. Мəтінге сəйкес дұрыс немесе бұрыс жауапты
белгілеңіз.

Дұрыс Бұрыс
1. Мəтінде арзан билет алудың жолдары
айтылған
2 Демалыс маусымында саяхаттау керек
3. көтерме бағамен сатып алғандықтан
чартерлік рейстер қымбат
4 Саяхатшылар жеңілдіктер, акциялар
туралы ақпараттарды жіберіп отырады
5. Баратын жеріңізге билетті алдын ала
сатып алсаңыз арзан болады.
6 Апта ортасында əуе билеттері қымбат
емес.
7. Билетті күндіз брондау керек, арзан
болады.
8. Үнемді болу үшін билетті алдын ала
сатып алу керек.
1. Төмендегі сөйлемдерді алу/алмау модаль етістігіне қойып
жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет