Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
АЙТЫЛЫМ
2-тапсырма. Мəтін бойынша сұқбаттасыңыз.
ЖАЗЫЛЫМ
3-тапсырма. Арзан билет алу үшін сіз қандай кеңес бересіз?
Ойыңызды жазыңыз.
...............................................................................
...............................................................................
.....................................................................................
Əдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
15-АПТА.
1-ТАҚЫРЫП: Вокзалда.
Грамматика: етістік +а/е/й алмау  құрылымы, етістік +а/е/й
алмау  құрылымының көпше түрі
ТЫҢДАЛЫМ
1-тапсырма. 
Лексика 
станциясы. 
Сөздерді 
тыңдаңыз,
қайталаңыз, аударыңыз.
Анықтама бюросы, жедел пойыз, теміржол бекеті, əуежай,
отырғызу билеті, жолсерік, жолаушы, алдын-ала билет алу,
құжат, бағыт, жолаушылар пойызы, бірінші сыныптық, жүк, жүк
қоймасы, күту залы, қарсы алу, шығарып салу, пойыздардың
жүру кестесі. соңғы бекет, келуі, кері қайту.
Назар аударыңыз!
Жасалу жолы: етістік +а/е/й алмау құрылымы
1 Мен
Біз
етістік +а/е/й
алмау
бара алмаймын, келе алмаймын,
күте алмаймыз
2 Сен
Сендер
етістік 
+а/е/й
алмау
бара алмайсың, келе алмайсың,
күте алмайсыңдар
Сіз
Сіздер
етістік 
+а/е/й
алмау
бара алмайсыз, келе алмайсыз,
күте алмайсыздар
3 Ол
Олар
етістік 
+а/е/й
алмау
бара алмайды, келе алмайды, күте
алмайды
• 
ОҚЫЛЫМ


2-тапсырма. Сұқбатты рөлге бөліп оқыңыз. «Анықтама
бюросында».
- Кешіріңіз, Алматыға дейін пойыз неше сағат жүреді?
- Пойыз Алматыға дейін 15 сағат жүреді. Бұл жүрдек пойыз.
- Пойыз жолда тоқтай ма?
- Ия үлкен бекеттерге тоқтайды.
- Қарағанды – Алматы бағытындағы пойызға билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған қаңтардың жиырма бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Қаңтардың жиырма бесінде Қарағандыдан Алматыға бір
пойыз жүреді. Осы поездға билет бар. Аласыз ба?
- Жолға өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 36 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді жүк
вагонына саласыз.
- Билеті неше теңге тұрады?
- Пойыз билеті 3000 теңге тұрады.
- Айтып жіберіңізші, билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мəліметіңізге көп рақмет.
- Оқасы жоқ.
Сұқбаттан етістіктерді тауып, оларды алмау модаль етістігінің
көпше түріне айналдырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет