Қазақ тілі Бөлім бойынша жиынтық бағалау 2 8-сынып Тест тапсырмалары 1.Жай сөйлемдер ішіндегі жайылма сөйлемді табыңыз.
А)Қоңырау соғылды. В)Қар еріді.
С)Жаңбыр көп жауды. Д)Сағат жүріп тұр. Е)Күз түсті.
2. Одағайға байланысты тыныс белгісінің тиістісін көрсетіңіз. Қап мынаның баласы қатырды-ау! А) Нүктелі үтір В) үтір
С) дефис Д) сызықша Е) Нүкте
3. Етістікті сөйлемді көрсетіңіз
А) Өзінен басқаны ойламайтын жан В) Шетінен Мирас сияқты
С) Жасұлан тайып тұрды Д) Маржанның соры шығар Е) Қызықты күн
4.Болымсыз етістікті табыңыз
А)Ерлік түбі – бірлік. В) Ер намысы – ел намысы. С) Сиырдың сүті – тілінде.
Д) Көпке ұнаған,Құдайға ұнайды. Е)Әділдікке жығылмайтын кісі жоқ
5.Ойға қатысты мүшенің біреуі түсіп қалған сөйлем.
А) Жалаң сөйлем В) Жайылма сөйлем
С) Толымды сөйлем Д) Толымсыз сөйлем Е) Атаулы сөйлем
Жазылым тапсырмалары «Қазақ – қонақжай халық» тақырыбына 100-120 сөз эссе жазыңыз. 10 ұпай
Өткен тақырыптар бойынша 3 түрлі ашық сұрақ құрастырыңыз. Сабақты жақсартуға,қызықты қылып өткізуге қандай кеңес берер едіңіз,ойыңызбен бөлісіңіз. 5 ұпай