4.5.1.5 Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құрастыру
4.4.1.1 Шағын сюжетті комикс/буклет/коллаж/жарнама/ презентацияны
сөйлемдермен толықтыру
Мұғалім сабақтың басында оқушыларға бүгінгі сабақтың қайталауға арналған сабақ екенін, өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды қайталайтындығын түсіндіріп, сабақ барысында ауызша және жазбаша жұмыс істейтіндіктерінен хабардар етеді. Оқушылардың назары өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған тапсырмаларға аударылады. Қайталауға арналған тапсырмаларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп, дамытып отыруына болады. Кез келген қайталауға арналған тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, тілдік бағдар бойынша сауатты жаза және айта білуге негізделген. Бөлім бойынша қайталау тапсырмалары арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттері артады, алған білімдері бекиді және қолдану аясы кеңейеді.