Оқулықта ұсынылған «Көрсетейік және айтайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар қазақтың ұлттық бұйымдарымен, ұлттық тағамдарымен танысады. Тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардан олардың атасы мен әжесінен қандай сыйлық алғандарын сұрайды, білетінін сұрайды. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар ұсынылған суреттерді қарайды, сурет мазмұнына сай сұрақтарға жауап береді. Суреттегі іс-әрекеттер туралы не білетіндерін сұрау. Оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында бір- бірімен өзара тәжірибесін бөліседі, пікір айтады. Сурет және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды. Күнделікті өмірмен байланыстыра айтуларын сұрау. Оқушылар сурет арқылы өз білгендерін айтады.
Мысалы, мұғалім оқушыларға
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
10 мин
жұптық жұмыс
Суреттер Оқулық
Балалар кімнен сыйлық алып жатыр?
Атасы мен әжесі балаларға не сыйлады?
Осылайша оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрауды үйренеді. Оқушылар бұйымдарды сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.