4.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-2,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын
анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыру
4.3.5.1 Қажетті ақпараттарды табу үшін түрлі дереккөздерді (сөздіктер, инфографикалар, энциклопедиялар, ғаламтор) қолдана білу
Мұғалім сабақты бастамас бұрын оқушыларға қазақтың ұттық сән үлгілерін көрсететін дифеленің бейнежазбасын көрсетеді.
Сөздік жұмыс: «Ойланайық» айдарындағы тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суреттерге аударады. Суреттерді атауларымен
сәйкестендіреді.
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру: Балқаймақ, дәмді бауырсақ, әдемі қамзол.
Сөйлемдер құрастыру.
Әжем бауырсақ пісірді. Менің әдемі қамзолым бар.
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»
«Сөйлесейік»айдарындағы тапсырмада оқушылар суреттердегі киімдерді сипаттайды.
Үлгі: Кимешек өте әдемі. Ол ақ матадан тігілді. Оның түсі ақ. Кимешектің шетінде қызыл оюлар бар. Әжемнің сәнін келтіреді.
Осылайша оқушылар тірек сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрауды үйренеді. Оқушылар бұйымдарды сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.