Сөздік жұмысы: жыр, мәдениет, ала жіп, дәстүр, бата.
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Қарапайым анықтама беру, сөйлем құру әдісі, бата беріп отырған атаның суретін көрсету арқылы, мысалы, «бата» деген сөзді меңгерту керек болса, «үлкен кісілер тілек айтады» деп түсіндіріп, әрі қарай мысалдар арқылы сөйлемде қолданылуын көрсеткен дұрыс.
Дұрыс айтуға дағдыландыру
Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру
Сөйлемдер құрастыру.
Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!»
Балалар, мына суреттерге назар аударайықшы, кімдерді көріп тұрсыңдар.Олар үстеріне қандай киімдер киген?
Суреттегі кішкентай бала кім деп ойлайсыңдар?
«Тұсау кесу» деген сөзді естігіндерің бар ма?
Олай болса, мына бейнетаспаға назар аударайық, кәне бәріміз бірге қарайық. (Бейнетаспаға көрініс түсірілген) Киіз үйдің іші. Үйдің төрінде әже мен немересі отыр. Осылайша сабақтың тақырыбын оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып ашады.
«Ойланайық» айдарында сөздердің мағынасын келесі бағаннан табады.
10 мин
Жұптық жұмыс
Суреттер Оқулық
Бейнетаспадан үзінді көрсетіледі
«Оқиық» айдарымен ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын жетілдіруге арналған. Мұғалім «Тұсаукесер» жыры туралы мәтінді оқитындарын ескертеді. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді. Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін мәтін бойынша құрылған төмендегі сұрақтарға назарларын аудартады. Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап іздейді.
Тұсаукесер тойында болдың ба?
Тұсауды неліктен ала жіппен кеседі? Тұсауды кім кеседі?
«Тұсау кесу» жырын кім айтады?
Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқиды, оны көршісімен салыстырып тексереді. Сынып болып үшінші мәрте тексереді.