|
«Көрсетейік және айтайық» айдарында оқушылар отбасының қандай тойға әзірленіп жатқандығы туралы айтады, сипаттайды.
Сұрақтарға жауап бер.
Отбасы қандай тойға әзірленіп жатыр?
Отбасы мүшелері қандай киім киген?
|
6 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Кесте
Интер- белсенді тақта
|
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар дискіден тыңдауға берілген мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. А. Мәтінді тыңда және жүргізіп оқы. «Кімнің?», «Ненің?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықта.
Ә. Сұрақтарға жауап бер.
Болаттың отбасында қанша адам бар?
Болаттың үйіне кімдер қонаққа келген?
Болаттың қарындасының аты кім?
Болаттың үйінде болатын «Базарлық» қалай аталады? Мұғалім ауызша баға береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!
|
7 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Аудио- диск
|
«Жаңа сөз үйренейік»
Сөздердің мағынасын түсіндірме сөздіктен тауып жазады.
«Кебіс», «Кіндік шеше»
Оқушылар тарапынан тапсырмаға кері байланыс орнатылады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
|
6 мин
|
Топтық жұмыс
|
Оқулық
Тақы- рыпқа қатысты суреттер А3
парағы, түрлі түсті маркер- лер
|
«Жаттығайық» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздермен сөйлемдер құрастырады.
А. Сөздермен сөйлем құрап жаз.
кимешек, тақия, айырқалпақ, қамзол, шапан, қосетек көйлек
Үлгі: Менің кіндік шешемнің аты – Сәруар. Ол былғарыдан кебіс тігеді.
Ә. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны жаз.
Менің әжем... қамзолы қысқа.
Сенің атаң... айырқалпағы бар ма?
Сіздің әкеңіздің тақиясы әдемі екен.
Томирис... кіндік мамасы келіпті.
Біз... отбасымыз өте үлкен емес.
Бүгін Базарлық болады. Той... қонағы болыңыз.
|
5 мин
|
Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс Сынып
|
Оқулық
|
«Сөйлесейік» айдары. Сөзді жасыр.
Үлгі: Оның түймесі бар. Оның оюлары болады. Ол ұзын немесе қысқа болады. Оны менің әжем киеді. Бұл не?
|
|
Жеке жұмыс
|
|