Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет164/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Оқылым тапсырмасы:
«Оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма түсініктемесі:
Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған. Мұғалім оқушыларды мәтінге назар аударуын және рөлге бөліп оқу керектігін түсіндіреді. Сонымен бірге берілген мәтіннің мазмұнын толық түсіне отырып, тірек сөздерге назар аудару қажеттігін ескертеді. Мұғалім сыныпты бірнеше топқа бөліп, өзі бірлесе диалогті оқып шығады. Диалог мазмұнымен танысқаннан кейін, өз ойларын дәлелдеу үшін постер жасайды. Жасаған постерлерін «Автор орындығы» стратегиясын қолданып, топтың бір мүшесі қорғайды.
«Оқиықжәне жауапберейік»айдарыменұсынылғантапсырма
Мәтінді қайталап оқы. Мәтін мазмұны бойынша үлгіге қарап берілген сұрақтарға жауап береді.

4 мин

Жеке жұмыс

Интербелс енді тақта
Оқулық

«Назар аударайық» осы шақ пен келер шақтағы болатын құбылысты мысал келтіру арқылы қолданыстық тұрғыдан түсіндіреді

2 мин







«Есте сақтайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада сөйлемдерді оқып, мағыналық өзгешелігі мен ұқсастығын табады.
«Жаттығайық» тапсырмасын орындауда оқушыларға мәтін беріледі. Мәтіндегі сөздерге тиісті қосымшаны жалғап, өзгертіп жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, өткен іс-әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуіне ықпал етеді.
Мұғалім ауызша комментарий береді: «Жақсы! Тамаша! Керемет!

6 мин

Мұғалім-сынып

Оқулық

«Жаттығайық» тапсырмасында оқушылар мәтінді өзгертіп жазады. Оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен жазылым дағдылары дамиды.










«Ойланайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытумен қатар, сөйлеу дағдысын да жетілдіруге бағытталады. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:
Даяшы не істейді?
Аспаз немен айналысады?
Әр топтан бір оқушы өз ойларымен жеткізіп жауап береді.

7 мин

Мұғалім - сынып

Оқулық


«Жазайық» айдарымен ұсынылған тапсырманы орындауда оқушылардың айтылым, жазылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ынтымақтастық қарым-қатынас түзеді. «Қар кесегі» әдісі арқылы әрбір топ оқушылары басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады. Диалог құрастырып жазады.

2 мин




Ақ қағаз
Дәптер Оқулық

«Ойнайық» айдарымен берілген тапсырмада оқушылар рөлдік ойынға қатысады. өздеріне бөлінген рөлдерді сомдап, лексикалық минимум мен грамматикалық ережелерді дұрыс қолданады.
Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар берілген белгілердің біреуін қоршап көрсетіп, тақтаға жапсырады.
? – сұрақтарым бар.
! – тақырыпты түсіндім.

3 мин

Сынып-мұғалім

(? ! )
белгілер салынған парақтар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет