4.5.1.4 Септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
4.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану
Оқушылaрдың caбaққa дaйындығын текcеру. Көтерiңкi көңiл күй oрнaту үшiн «Көңіл күйім»әдісін қолдану арқылы сабақтың
басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Кабинеттің төрт бұрышына смайликтер жапсырылады. Смайликтер түрлі көңіл күйді бейнелейді. Оқушылар өз көңіл күйіне сәйкес келетін смайликтің жанына барады.
«Анықтайық» айдары оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.