Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау


Шаштараз, сусабын, тарақ, алжапқыш, шаш қыстырғыш, жабын



бет176/363
Дата27.11.2022
өлшемі1,68 Mb.
#52964
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   363
Байланысты:
4 класс ҚМЖ (1) весь

Шаштараз, сусабын, тарақ, алжапқыш, шаш қыстырғыш, жабын

  1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

  2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

  3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

  4. Сөйлемдер құрастыру.

  5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу.

Мұғалім осы сабаққа оқушылармен бірлесіп жаңа шаш үлгісін таңдау үшін журнал алып келеді. Оқушылар өз ұстаздарына үлесуі мүмкін шаш үлгісін тауып көрсетеді. Осылайша да сабақты бастап кетуге болады. «Мүмкін сабақ соңында маған лайық басқа шаш үлгісі шығып қалар, кәне, сабағымызды бастайық!» – деп мұғалім іске кіріседі. Немесе мынау дұрыс сияқты деп бір оқушыны «Шаштараз» боласың деп тақтаға шақырып, оған қажет болуы мүмкін заттарды таңдату арқылы жаңа сөздермен танысуды бастап кетуге болады. Оқушы шаштаразға қажетті құралдарды көрсетеді, айтады.

5 мин

Мұғалім-сынып

Суреттер Оқулық
Сөйлемнің шаблондары, қима қағаздар

Негізгі бөлім

«Оқиық және жауап берейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар берілген сөздерге қандай сұрақ қоюға болатыны туралы ойланады.
Беріл ген 2- тапсырма оқушылардың сабаққа қызығушылығын қалыптастыруға, тірек сөзді сөйлеу әрекетінде қолдануға, өз ойларымен бөлісуге бағытталған. Сабақтың тірек сөздері «сусабынмен, тарақпен, қайшымен, шаш қыстырғышпен» сөздерінің мағынасын суреттер арқылы меңгерту. Мысалы, шаштараз сусабынмен не істейді? Немесе оқушыларға жағдаяттық тапсырма ұсынуға болады.

  1. Сен шаштаразға келдің, шаштаразға өзіңе ұнаған шаш үлгісі туралы қалай түсіндірер едің?

  2. Шаштараздың сенің шашыңды қиғаны саған ұнамады, не істейсің?

Осындай жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушының сабаққа
қызығушылығын арттырып, осындай жағдайларда не істеуге болатыны туралы ойлануына мүмкіндік береді.
(Саралау тапсырмасы ретінде орындатуға қолайлы)

7 мин

топпен жұмыс

Суреттер
Оқулық




«Есте сақтайық!» айдарында оқушылар кестеде берілген тірек сөздерге көмектес септік жалғауларының дұрыс нұсқасын жалғап айтады. Оқушыларды мәтін бойынша қосымша сұрақтар қою арқылы септік жалғауларын дұрыс жалғап айтуға жаттықтыруға болады.
Оқушыларға екі нұсқадағы тапсырманы ұсынуға болады. Мысалы, білім деңгейі төмен оқушыларға көмектес септігі жалғауларын қажетті сөздермен түгелдей беріп, сөйлем құратуға болады. Ал екінші топқа сөздерді ешқандай жалғаусыз түбір күйінде беру керек. Білім деңгейі жоғары оқушылар өздері шамаларына қарай бірнеше сөйлемдер құрастырып айтады.

6 мин

Мұғалім-сынып

Кесте. Интербел- сенді тақта

«Жаттығайық» айдары бойынша а) тапсырмасын орындауда оқушыларға мәтін беріледі. Мәтіндегі сөздерге тиісті қосымшаны
жалғап, өзгертіп жазады. Бұл оқушылардың сауатты жазуына, өткен іс- әрекетті қолданыстық тұрғыда сауатты қолдана білуіне ықпал етеді.
ә) Жақшада берілген сөздерге жіктік жалғауын көпше, жекеше түрде
жалғап, дұрыс нұсқада жазып үйренеді.

7 мин







«Назар аударайық!» айдарымен ұсынылған тапсырма.
«Балалар философиясы» әдісімен кестедегі сөйлемдерді оқып, тақтаға шығып, шеңбер жасап, бір-біріне сұрақ қою арқылы кестеде берілген сөйлемдерді салыстырады. Екінші бағандағы мен, пен сөздері неліктен бөлек жазылғанын түсіндіреді. Осы тапсырманы орындау барысында 4.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен шылауларды, көмекші сөздерді ажырату, ауызекі және жазба тілде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.

5 мин

Жеке ж. Жұпт. жұмыс
Сынып

Оқулық

«Сөйлесейік» оқушылар берілген тапсырманы рөлге бқліп оқиды, және
өз беттерінше жалғастырады.










«Оқиық және жауап берейік» айдарымен ұсынылған тапсырма.
«Бірлесіп оқу» әдісімен оқушылар мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіннің ішінен септік жалғауы жалғанған сөздерге (кіммен? немен?) сұрағын қойып, жауап береді. Демек, осы тапсырманы орындау барысында орындалатын оқу мақсаты: 4.5.1.4 септік/жіктік формалардағы жіктеу есімдіктерін және септеулік шылауларды
ауызша/жазбаша тілде қолдану.

3 минут







Оқулықта берілген сабақтың соңғы тапсырмасы «Жаттығайық» айдарымен беріліп, алдыңғы «Назар аударайық!» айдарымен берілген ескертуді пысықтау жұмысы жүргізіледі.

4 мин







Мұғалім сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылармен бірлесіп бірін-бірі бағалайды. Сабақты қорытып, алдағы жоспарларын анықтайды.

3 мин

Сынып- мұғалім






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   363




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет