«Жаттығайық» тапсырмасын орындау үшін оқушылар сабаққа алдын ала алып келген қуыршақұтары мен түрлі түсті жіптерін пайдаланады. Ұл балаларға қамшының бауын өргізіпалқызбалаларғақуыршақтыңшашынәсемдетуорындыболыптабылады.
5 мин
«Жасайық» айдары нақты шығармашылық тапсырма болып табылады. Бұл тапсырманы оқушылар жеке орындап көрсетеді. Оқушыларға алдын ала қуыршақ әкелуге тапсырма беріледі.
Интербелсенді тақтадан әртүрлі шаш үлгісі бар қуыршақтың суреті көрсетіліп тұруы керек. Жоғарыдағы оқыған мәтінді басшылықа ала отырып, үлгілерге қарап, қуыршағының шашын сәндейді. Шаш
үлгісін қалай жасағанын айтып береді.
7 мин
жеке жұмыс
Оқулық, дәптер кестесі
Мұғалім сабақты қорытып, өткен сабаққа өз бағасын береді, оқушылардың пікірін біледі. Өз тарапынан ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет! қолдаушы сөздерін қолданады. Оқушының ынтасын арттырады.
2 мин
Сынып- мұғалім
Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары
болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
1. Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты
Дескриптор:
Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.
тауып/шолып/белгі қойып оқу
2. Берілген сөздерге қарама-қарсы ммағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
Айтылым барысында сөздердің синонимін, антонимін қолданады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Сабақтың тақырыбы
Киім дүкенінде. (2-тоқсан 4-тарау). 60-сабақ
Дағды
Оқылым және айтылым
Оқыту мақсаттары
4.3.3.1 Мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің), жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау
4.2.4.1 *Жоспар/жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау
«Оқиық» айдарымен ұсынылған тапсырма. Мұғалім өлеңді 2 рет мәнерлеп оқып береді. «Өлеңнен не түсіндің?» деген сұрақ қою, оқушылар өз ойларын түсіндіреді. Өлеңді жаттауға дайындық ретінде кейбір сөздерді, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Аталмыш оқылым тапсырмасы сабақтың кіріспе бөлімі болып табылады.
5-6 мин
Мұғалім- сынып
Суреттер Оқулық
«Оқиық және жауап берейік» айдарының тапсырмасы оқылымнан кейінгі жұмыс түріне жатады. Интербелсенді тақтадан өлеңде кездесетін киім атауларын атап көрсетеді. Оқушылар оқулықта көрсетілген киім-кешек атауларын үйренеді. Осы тұста киім туралы не киім аттарын қолданып төрт жол өлеңді бірлесіп құрастыруға
болады.
5 мин
«Назар аударайық» айдарымен берілген мәлімет бойынша мұғалім қосымша меңгертеді. Тапсырманы тереңдету үшін өзге де мысалдар келтіруіне болады. Алайда тақырыптан алшақтап, лексикалық тақырыпқа мүлде жат сөздерді алып немесе оқушылар таныс емес сөздерді алып, үйренетін жаңа сөздер санын арттырып жібермеуді есте ұстаған жөн. Ал меңгертілетін жаңа сөздерді сабақтың оңтайлы тұсында бірден барлығын үйретуге болды немесе саны көлемдірек болса, екі бөлікке бөліп өткізуге болады. Жаңа сөздерді үйретуде
алты қадамды қатерде ұстаңыз.
4 мин
Негізгі бөлім
«Жаттығайық» айдарымен ұсынылған тапсырмада оқушылар жаңа сөздерді пайдаланып бір-біріне сұрақтар қойып, сипаттау сөздерді пайдалануды үйренеді. Тапсырма қалай орындалуы керек. Алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы ретінде ұсынылған бұл тапсырма оқушыларды өздерінің арнайы киімдері туралы айтуға дайындайды. Келесі кезекте оқушылар өздерінің киімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл тапсырманы сауалнама түрінде өткізуге болады. Тапсырманы жұптаорындайды. Сенің малақайың бар ма? Малақайыңның түсі қандай?
Сенің бәтеңкең қара ма әлде қоңыр ма?
7 мин
топпен жұмыс
Суреттер
Оқулық
«Ойланайық» тапсырмасы оқушының қисынды ойлау қабілетін, сыни ойлауын дамытуға бағытталған. Оқушылар оқыған мәліметтердің кімнің атынан айтылғандығын ажыратып берулері қажет. Егер оқушыларға бұл тапсырманы орындау қиынға соғып жатса, мұғалім
тарапынан қолдау көрсетілуі қажет.
5 мин
«Көрсетейік және айтайық» тапсырмасы оқушының көру арқылы есте сақтауын дамытуға, сондай-ақ, айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Оқушылар интербелсенді тақтадағы суреттерді көрсету арқылы сөйлемдер құрастырып айтады. Бұл тапсырма арқылы оқушы математикадан алған білімін қолданады. Пәнаралық байланыс орнайды.
8 мин
Мұғалім-сынып
Кесте. Интербелсенді тақта, суреттер
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарымен ұсынылған тапсырма. Мәтінді аудиофайлдан 2 рет тыңдайды. Бұл тапсырманы орындауда оқушылар сабақ бойы үйренген жаңа сөздерді қатыстыра отырып, мәтінді толықтырады, жазады.
4 мин
жеке жұмыс
Оқулық, дәптер, кесте
СД диск
Тыңдалым мәтінінің жауабы:
Сізде 35-ші өлшем бәтеңке бар ма?
– Сізге қандай түс керек ?
Қоңыр бар ма?
Мынадай үлгі ұнай ма?
Осы үлгіні іздеп едім. Бағасы қанша тұрады?
5000 теңге.
Бағасы қымбат емес. Ақшаны қайда төлеймін?
Касса мына жақта.
Рақмет.
Осы тапсырманы орындау барысында мұғалім ауызша комментарий береді. «Жақсы! Тамаша! Керемет!
Оқулықтың соңғы тапсырмасы «Сөйлесейік» айдарымен беріледі. Оқушылар берілген сызбаны сөйлетеді. Мазмұнын өз сөздерімен баяндайды.
«Сөйлесейік» айдарындағы тапсырмада оқушылар сурет бойынша балалардың не сатып алғанын және не сатып алмағанын айтып береді.