Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің
оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір-бірін бағалаулары болуы керек. Кері байланыс орнатудың маңызы зор.
Бағалау критерийлері
4.1.2.1 Бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну
4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс орнату, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу
Дескриптор:
Өзгелердің айтқан ақпаратын оңай түсінеді.
Үлгіге сүйеніп, ауызша жарнама құрастырып айта алады.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?