Күн райы температурасы, қала атаулары жазылған Қазақстан картасы.
«Бақылаушы»,
«Сарапшы» деп жазылған қағаз
«Жазайық» тапсырмасын орындауда оқушылар картадағы мәліметтерді пайдалана отырып, таныстырылым мәтінін постерге жазады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдысын дамытуға бағытталған. Сол себепті «Сөйлесейік» айдарымен ұсынылған 5-тапсырма өзара тығыз байланысты. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар ауа райы болжамы туралы білімдерін кеңейтеді. Мұғалім оқушыларға картадағы кез келген қала бойынша мәліметтерді пайдалануға болатынын түсіндіреді. Оқушыларға постер құруға уақыт беріледі. Постерге таныстырым мәтінін құрастыру үшін оқушыларға тірек сөздер беріледі. Оқушылар постерлерін ауызша қорғайды, қорғау кезінде таныстырылым мәтінін күн райы болжамын айтушы ретінде баяндайды. Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы: тапсырманы орындауда не қиын болды, не оңай болды?
5 мин
Топтық жұмыс
А3 парағы, түрлі түсті маркерлер, қала атаулары
жазылған түрлі түсті қима қағаздар
Сабақты қорытындалау мақсатында оқушылар берілген сөздердің қарама-қарсы мағыналарын табулары керек. Сонымен қатар айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар «күндіз» секілді сөздерді жазуға мұғалім арнайы көңіл бөледі.
Жоғары – Күндіз – Ашық –